Қаржы • 21 Қаңтар, 2026

Kaspi еліміздің 300 қаласы мен ауылына тапсырысты жеткізуді қалай ұйымдастырды?

20 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін

161 млн тапсырыс, 10 000 жұмыс орны мен 126 млрд теңге төленген салық

Еліміздің түкпір-түкпіріндегі 300 қала мен ауылдың тұрғындары күн сайын Kaspi Магазиннен тапсырыстарын алады. Жылдам әрі сапалы жеткізуді Kaspi Жеткізудің серіктестік желісі қамтамасыз етеді. Бұл – Қазақстанның әртүрлі компанияларында, қабылдау пункттерінде, логистикалық орталықтарда және тәуелсіз курьерлік қызметтерде еңбек ететін шамамен 10 000 қызметкер.

Біз мақаламызда Kaspi.kz-тің бүкіл ел аумағында серіктестік негізде логистикалық жеткізу желісін қалай қалыптастырғаны туралы баяндаймыз.

Kaspi еліміздің 300 қаласы мен ауылына тапсырысты жеткізуді қалай ұйымдастырды?

Kaspi еліміз бойынша өте көп сатушы мен сатып алушыларды байланыстырады. Көптеген отандық өндірушілер Kaspi Магазин арқылы өз өнімдерін бүкіл ел аумағында тікелей сату мүм­кіндігіне ие болды. Мысалы, Қарағанды облысының Абай қала­сында орналасқан заманауи өн­дірістік кәсіпорын – Абай тігін фабрикасы.

п

Абай тігін фабрикасында 100-ден астам адам жұмыс істейді: тігіншілер, пішушілер, техникалық мамандар

Кәсіпорын қысқы күртеше­лер, спорт­тық костюмдер, төсек-орын жаб­дық­та­ры, арнайы жұмыс киімдері, басқа да тоқы­ма өнімдерін шығарады. Kaspi Магазин­нің көмегімен Абай фабрикасы еліміздің барлық өңірінен тапсырыс алады.

Жуырда тапсырыстардың бірі Ақтау­дан түсті. Көпбалалы ана Гүлмира Тағаева үлкен қызына ашық түсті спорт­тық күр­тешеге тапсырыс берген. Үш күннен кейін сатып алушы өз тапсырысын ең жақын Kaspi Postomat-тан алады. Осы бір қысқа уақыт ішінде сатып алынған зат 3 мың шақырымнан астам жол жүреді. Ал оны тасы­малдауға бірден бірнеше өңірлік логистикалық компания қатысады.

с

Kaspi.kz-тің серіктесі - Zammler компаниясының тапсырыстарды қабылдау пункті

2025 жылы Kaspi Жеткізу ар­қы­­лы жүк көліктеріне арналған ши­­­налар мен жиһаздан бастап, элек­троника мен киімге дейін 161 мил­лионнан астам тапсырыс жет­кізіл­ді. Kaspi дүкеніндегі пікір­лер­де сатып алушылар «Рақмет, мер­­зімінен бұрын жеткізілді! Өте жақ­сы оралған!» дегенді жиі жазады.

Біз тауардың сатушыдан сатып алу­шыға дейінгі барлық кезеңінен өтіп, бұл жүйенің іс жүзінде қалай жұмыс істейтінін көзбен көрдік.

Алдымен сатушы өз тауарын тапсырыстарды қабылдау пунктіне әкеледі. Бүгінде еліміз бойынша жалпы ауданы 37 000 м² болатын осындай 100 пункт жұмыс істейді. Әр өңірдегі қабылдау пункттері Kaspi.kz-тің серіктестері болып саналатын тәуелсіз компа­нияларға тиесілі. Пункттер демалыссыз жұмыс істейді, ал бүкіл ел бойынша тапсырыс­тарды қабылдаумен 1 мыңнан астам қыз­меткер айналысады.

п

Kaspi.kz-тің серіктесі - Zammler компаниясының сұрыптау орталығы

Қабылдау пункттеріне жеткен тапсырыстар әрі қарай өңір­лік сұрыптау ор­талықтарына жібе­ріледі. Бұл – еліміз­дің 10 өңірінде салынған ірі логистикалық ­кешен.

Әрбір сұрыптау орталығы заманауи жабдықтармен қам­тамасыз етілген және демалыссыз, тәулігіне жүз мыңдаған тапсырысты өңдеуге қабілетті. Ең ірі сұ­рып­тау орталы­ғы Алматы қаласында орналас­қан, оның аумағы 30 000 м². Еліміз бо­йынша өңірлік орталықтарда ­ауысыммен 1 500-ден астам адам жұмыс істейді.

Өңірлік сұрыптау орталық­тарының арасында 650 жүк көлігі, пойыздар, тіпті ұшақтар үздіксіз қатынап, елдің барлық өңірін бірыңғай логистикалық желіге біріктіреді.

а

Posta Point курьерлік компаниясының қоймасында

Осылайша, тапсырыс сатып алушы­ның өңіріндегі сұрыптау орталығына келіп жетеді. Осы жерден оны курьерлік компаниялар алып, өз қоймаларына жет­кізеді. Ол жерде тапсырыстар аудандар бойынша бөлініп, сатып алушыларға жеткізу үшін топтастырылады. Kaspi Жеткізудің еліміз бойынша осындай 60 серік­тес компаниясы бар, олардың әрқайсысында жеке қоймалардың үлкен желісі қалыптасқан. Kaspi Магазин­нен тауар жеткізумен айналысатын курьер­лік компанияларда 7 мың адам жұмыс істейді. Олардың басым бөлігі — курьерлер мен қойма қызметкерлері.

Kaspi Жеткізудің серіктестік моделі өңірлік логистикалық ком­паниялар­­­дың дамуына мүмкіндік беріп, бүкіл ел ­бо­йынша жаңа жұмыс орындарын ашуға жағдай жасайды.

Posta Point компаниясында тапсырыстар жеткізілетін аудандар бойынша үлкен қаптарға сұрыпталып салынады.

Егер Kaspi Магазиннен сату­шыдан сатып алушыға дейінгі жеткізу үдері­сіне қатысатын барлық маманды есептесек, олар­дың саны 10 000 адамнан асады. Бұл — логистер, жүргізушілер, ку­рьерлер, қабылдау пункттерінің, сұрып­тау орталықтары мен қойма­лардың қыз­меткерлері, басқа да мамандар.

Әртүрлі өңірлер мен түрлі серіктес ұйымдардағы осынша көп адам қалайша бірлесе, үйле­сімді түрде жұмыс істеп, мил­лиондаған тауарды қысқа мер­зімде елдің кез келген нүктесіне жет­кізеді? Үйлесімді жұмыс екі негізгі компоненттің арқасында қамтамасыз етіледі.

р

Біріншісі — Kaspi коман­дасы әзір­леген Logistics Opera­tion Management (LOM) IT-плат­формасы. Бұл бірыңғай IT-плат­форма барлық сәлемдемені, қой­маларды, жүк көліктерін, ұшақ­тар­ды, курьерлерді, басқа да логистикалық ресурстарды бір жүйеге біріктіріп, оларды нақ­ты жеткізу бағыттары мен тап­сыр­маларға жинақтайды. Жүйе әр тапсырысты нақты уақыт режі­мінде бақылап отырады, курьер­лерге тапсырмалар береді, сұрыптау орта­лықтары мен тасымалдаушылардың жұмысын үйлестіреді, бағыттарды құруға және есептер жасауға көмектеседі.

Екіншісі — «Стандартты операциялық протокол» (SOP). Құжаттың өзінде оның мақсаты: «Еліміздің бүкіл аумағында тиім­ділік пен сапаның бірыңғай жоғары стандартын қамтамасыз ету» деп нақты көрсетілген. Бұл — барлық серіктестерге арналған егжей-тегжейлі нұсқаулық. Ол сату­шылар мен тапсырыстарды қа­былдау пункттерінен бастап, қоймалар мен курьерлерге дейінгі барлық үдерісті қамтиды.

п

Taler компаниясының жүк көліктері. Бұл Kaspi.kz-тің еліміз бойынша магистралдық тасымалдауды жүзеге асыратын логистикалық серіктестерінің бірі

Мысалы, қоймалардың әрбір санаты үшін аумақ қандай болуы тиіс екені, температура, жүк және жеңіл автокөлік­тер­ге арналған тұрақ орындарының саны, қабылдау аймағындағы жаб­дықтар, ­тауарларды тиеу мен түсіру үшін тәу­лік бойғы қол­жетімділік, бейнебақы­лау және жаз­баларды сақтау талап­тары, нақты аймақтарға бөлу – қабылдау мен сақтау аймақтарының ажыратылуы, қойма қызметкерлерінің еңбек жағдайлары және басқа да талаптар нақты көрсетілген. Бұдан бөлек, онда­ған түрлі параметрлері егжей-тегжейлі сипатталған.

Жеткізуді сатып алушылар мен сатушылар үшін тиімді ету мақсатында Kaspi шығындардың басым бөлігін өз мой­нына алады. Соңғы үш жыл ішінде Kaspi Жеткізу инфрақұрылымына өз қаражаты есебінен 200 миллиард теңгеден астам инвестиция салды.

Міне, сатып алынған тауар ақыры сатып алушының қаласына жетті. Курьерлік компанияға ба­қытты клиентке тапсыру ғана қа­лады. Мұны екі тәсілмен жасауға болады: тауарды тікелей қолына беру немесе Kaspi Postomat-қа жеткізу.

Сатып алушылардың басым бөлігі Kaspi Postomat арқылы жет­кізуді таң­дайды. Себебі бұл әлде­қайда ыңғайлы: курьерді күту­дің қажеті жоқ, тауарды кез кел­ген уақытта алып кетуге болады. Бүгінде еліміз бойынша 10 мың­нан астам осындай құрылғы орна­тылған. Ірі қалаларда оларды әр қадам сайын кез­дестіруге бо­лады, ал ауылдарда көбіне орта­лық көшелерде орналасқан. Kaspi Postomat, әдетте, үйден немесе кеңседен 5 минуттық жерде қолжетімді.

Есікке дейін жеткізумен салыс­тыр­ғанда, Kaspi Postomat арқылы жеткізу ыңғайлырақ, экологиялық тұрғыдан тиімді және қалалық логистикаға түсетін жүктемені азайтады. Бір курьер бір рейс барысында бір Kaspi Postomat-қа 30-ға дейін сәлемдеме жеткізе алады. Курьерлер рейсті неғұрлым аз жасаса, соғұрлым жанармай аз жа­ғылады және кептелісте өткізілетін уақыт та қысқарады. Бұл, әсіресе, Алматы сияқты ірі қалалар үшін аса маңызды.

Ақтау қаласының тұрғыны Гүлмира Тағаева Абай тігін фабри­касынан тапсырыс берген күр­теше де тікелей Kaspi Postomat-қа жеткізілді.

п

Гүлмира Тағаева, сатып алушы, Ақтау

Жеткізудің басталуы мен тапсырыс­ты ашқанға дейін небәрі үш күн өтті. Осы уақыт ішінде тапсырыс жүріп өткен бағыттың бәрінде көптеген адам бар күшін салып, ананың сыйлығын дер кезінде жетуін қамтамасыз етті.

Kaspi-дің сатушылар мен сатып алушылардың арасында ың­ғайлы әрі тиімді тұтас жүйе құра алғаны ел ауқымында үлкен экономикалық әсер беріп отыр. Өндірушілер мен сауда компаниялары басқа қалаларға тауар жөнелту арқылы сатылым көлемін арттыруда. Логистикалық компаниялар мен қоймалар жеткізуден табыс тауып, инфрақұрылымды дамытуға инвестиция салып, өңір­лерде жаңа жұмыс орындарын ашып жатыр.

2025 жылы тек Kaspi Мага­зин­нің өзі ғана мемлекетке 126 миллиард теңгеден астам, ал 3 жылда 336 млрд теңге салық төледі. Бұл Kaspi-мен бірге өсіп, дамып жатқан серіктестер – дүкендер мен логистикалық компанияларды есепке алмағандағы көрсеткіш.

Таяуда ғана ел аумағының кең­дігі мен халық тығыздығының төмен­дігінен Қазақстанда логис­тиканы дамыту тиімсіз деп есеп­телетін. Алайда Kaspi бұл түсінікті түбегейлі өзгер­тіп, жақсы ұйымдастырылған жеткізу жүйесі баршаға тиімді екенін іс жүзінде дәлелдеді.

Соңғы жаңалықтар