Абай АЙМАҒАМБЕТ
Абай АЙМАҒАМБЕТ«Egemen Qazaqstan»
1289 материал табылды

Қоғам • 14 Шілде, 2023

Автосақтандыру жеңілдетіледі

Елімізде міндетті автосақтандыру бойынша сақтандыру төлемдерін реттеудің жеңілдетілген рәсімін (Еурохаттама) іске асыруға арналған мобильді қосымша прототипінің тұсаукесері жасалды. Мұны «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС-мен­ бірлесіп жүзеге асырды. 2024 жылдан бастап тұтынушылар мобильді қосымшаны пайдалана отырып, сақтандыру төлемін алуға өтініштерді жол-көлік оқиғасы (ЖКО) орнынан жол полициясын шақырмай және сотқа жүгінбей ресімдей алады.

Несие • 14 Шілде, 2023

Заңды тұлғаларға қарыз беру азайды

Соңғы бес жылда (2018-2022 жылдар аралығы) заңды тұлғаларға жаңа қарыз берудің орташа жылдық өсу қарқыны 10 пайызды құрады деп хабарлайды Қаржыгерлер қауымдастығы. Бұл ретте жыл сайын корпоративтік секторға жаңа несиелердің жиынтық берілуі заңды тұлғалар қарыздарының қорытынды портфелінен (қалдықтарынан) асып түскен.

Бизнес • 11 Шілде, 2023

Шағын бизнестің ауқымды мәселелері

Экономиканың тірегі – шағын және орта бизнес (ШОБ). Елі­міз­де аталған саланың қар­қын­ды дамып жатқаны туралы айтылған жылы пікірлер же­тер­лік. Ол жа­йында сан алуан цифр­лар да мысалға ұсы­ны­лады. Алайда тереңіне үңіл­сек шешімін табуды күтіп, қор­даланып жатқан түйткіл дәл осы салада өте-мөте көп. Бас­қасын былай қойғанда, 2017 жылы ашылған 38,8 мың шағын ком­­панияның бес жылдан соң 31 мыңының жабылып қалуы – біз­ге байқалмайтын үлкен проб­ле­­ма­ның бар екенін аңғартып тұр емес пе?

Өндіріс • 10 Шілде, 2023

Аяқкиім де шеттен келеді

Былтыр елімізде отандық өндірушілер 1,7 млн жұп аяқкиім тігіпті. 2021 жылмен салыстырғанда 17,6 пайызға өсім бар. Ал биыл бірінші тоқсанда компаниялар 421 мың жұп аяқкиім тіккендері туралы есеп берген. Бұл да тәуір қарқын – 2022 жылдың қаңтар-наурызымен салыстырғанда 38 пайызға көп.

Қоғам • 10 Шілде, 2023

Әмбебап базарлар жаңаруға тиіс

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы әмбебап базарларды модернизациялау бойынша мерзімді ұзарту туралы бірнеше рет мәселе көтерген болатын. Заң бойынша мерзім 2023 жылғы 1 қаңтарда аяқталған еді.

Несие • 10 Шілде, 2023

Жеңілдетілген несие шарты

Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіп кешенін қаржыландыруға арналған несие беру тәртібін жария етті. Қазір құжат жобасы Ашық үкімет порталында талқылауға ұсынылған.

Медицина • 05 Шілде, 2023

Медициналық туризм орталығының мүмкіндігі

Елордада қала күні ме­рекесі қарсаңында «Аста­наның 25 жылдығы: Ас­тана – болашақ қаласы» атты форум өтіп, оның аясында «Медицина­лық туризм» панелдік сес­сиясы ұйымдастырыл­ды. Оған медициналық туризмнің жаһандық на­рығын дамытуға атсалысып жүрген білікті са­рапшылар қатысты. Қа­тысушылар Қытай, Түр­кия, Өзбекстан, Израиль, Әзербайжан, Ресей және Беларусь елдерінен келді. Сондай-ақ қатысушылар арасында республикалық жетекші медициналық ұйымдар, оның ішінде JCI (Joint Commission International) халықаралық сапа сертификатымен аккредиттелген мекемелер бар.

Елорда • 04 Шілде, 2023

Шаһардың экономикалық қуаты

Астана қаласының эконо­ми­калық белсенділігі күн­нен-күнге жанданып, дамып келеді. Жыл басын­дағы мәлімет бойынша, елорда шетел инвестициясын тарту бойынша көшбасшылар қатарында. Қаланың негізгі капиталына са­лынған жылдық инвестиция көлемі 1,4 трлн теңге болыпты.

Сауда • 04 Шілде, 2023

Сауданы ұлғайтудың мүмкіндіктері

Варшавада өткен Қазақстан-Польша экономикалық форумы алаңында екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстың жай-жапсары кеңінен талқыланды. Былтыр өзара тауар айналымы 1,4 млрд доллар болған. Бұл алдыңғы жылдың көрсеткішінен 79,2%-ға (0,8 млрд долларға) жоғары. Қазақстаннан Польшаға экспорт 2022 жылы 99,4%-ға өсіп, 770,8 млн долларды құраса, Польшадан елімізге импорт 2022 жылы 58,2%-ға өсіп, 587,5 млн долларға жеткен.

Экономика • 30 Маусым, 2023

Өтелген кәсіпорын шығыны

«QazIndustry» отандық индустрия және экспорт орталығы «Astana Ceramic» компаниясына өндіріс үдерісін үнемдеуге сеп­тесетін элементтерді енгізуге жұмсалған шығындардың 30%-ын өтеуге қолғабыс етті. Аталған компания жапондық Kaizen философиясын тиімді қолданудың арқасында керамикалық кірпіштің өндірісін 15%-ға ұлғайтып, жұмыс өнімділігін арттыра түскен.