
Несие • 27 Маусым, 2023
Бір ай бұрын ғана жылдық 4 пайыздық жеңілдетілген автонесие бағдарламасын жетілдіреміз, кем-кетігін түзейміз деген Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев өз ойынан қайта айнып шыға келген сыңайлы. Сала басшысының айтуынша, револьверлік негізде жиналған 100 млрд теңге қаражат енді қоғамдық транспортты сатып алуға бағытталады.
Несие • 22 Маусым, 2023
Жылдық 4 пайыздық мөлшерлемемен берілетін жеңілдетілген автонесие бағдарламасының сипаты ауысты. Енді аталған бағдарлама аясында қоғамдық көліктерді сатып алуға несие беріледі. Қазірге дейін револьверлік жүйе бойынша жиналған 100 млрд теңге қаражат қоғамдық көлікті сатып алуға жұмсалмақ.
Қаржы • 22 Маусым, 2023
Ұлттық қорды ұқыпты пайдалансақ
Жақында Ұлттық банк Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының 2030 жылға дейінгі активтерін басқару тұжырымдамасын жариялады. Жоба «Ашық НҚА» порталында шықты. Тұжырымдаманы жүзеге асыру, яғни онда белгіленген шектеулерді, қағидаттар мен тәсілдерді сақтау, ҰБ-ның пікірінше, 2030 жылға қарай 100 млрд доллар жинақтауға және «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасының табысты жұмыс істеуіне ықпал етеді.
Қазақстан • 21 Маусым, 2023
Іскерлік қатынас жайы талқыланды
Таяуда өткен «Польша – Қазақстан» сауда-инвестициялық форумы алаңында екі ел арасындағы іскерлік қатынас жайы талқыланып, сауда-экономикалық байланысты берік ете түсудің жолдары қарастырылды.
Баға • 16 Маусым, 2023
Темекі мен алкоголь қымбаттайды
Елімізде 1 шілдеден бастап темекі мен алкоголь өнімдерінің бағасы қымбаттайды. Қаржы министрлігінің хабарлауынша, фильтрден өткен және сүзгісіз темекіге, папиросқа, сигариллаға және қыздырылатын темекі өнімдерінің ең төменгі бөлшек сауда бағасы көтеріледі. Тиісті бұйрыққа Қаржы министрі қол қойды.
Пікір • 15 Маусым, 2023
Аттракцион: ақау һәм қауіпсіздік
Жаз шықса болды, алаңқайдағы балалардың ойын-күлкісі жаңғыра түседі. Қазір шүкір, бала үшін керектінің бәрі бар. Әсіресе қала ішінде сан алуан аттракцион көздің жауын алып, қол бұлғап өзіне шақырады. Жанынан өтіп бара жатып ондай кереметке баланың көз тастамауы, мойын бұрмауы мүмкін емес. Баладан аяйтын не бар деп, оған да отырғызасыз. Бірақ елдегі аттракциондардың көбінде қауіпсіздік талаптары көңіл көншітпейді.
Өндіріс • 13 Маусым, 2023
Шетелдік кәсіпорындар азая бастады
Бірінші несие бюросы Аналитикалық орталығының хабарлауынша, елімізде тіркелген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің саны күрт өсті. 2023 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша тіркелген жеке кәсіпкерлік субъектісінің саны 1 млн 682,2 мыңға жетіп, былтырғы көрсеткіштен үштен бірге артық болған (384,4 мың кәсіпкер).
Қаржы • 13 Маусым, 2023
Қаржы секторының келешегі – цифрлы шешімдер
Қаржы нарығындағы соңғы жаңалықтар мен шешімдерді қағып-сілкіген «Astana Finance Day» дәстүрлі конференциясы да өтті. Мұнда жаңа инвестициялық мүмкіндіктер, криптобиржа мен банктердің интеграциясы, қаржы секторының әлеуеті сияқты маңызды мәселелер талқыға салынып, сарапшылар пікірлері мен ұсыныстарын жолдады.
Саясат • 11 Маусым, 2023
Орталық Азия – мүдделер тоғысы
Орталық Азия – жаһандық сауда қатынасындағы маңызды өңір. Қазақстан – осы өңірдегі белсенді әрі көшбасшы ойыншы. Кез келген ел немесе ұйым өңірмен интеграция барысында бізбен санасады. Бұл, әрине, иықтағы жүкті ауырлатып, жауапкершілікті арттыра түседі. Соңғы екі аптада Орталық Азияға қатысты үш бірдей (өзге ірілі-ұсақты іс-шараны есепке алмағанда) іргелі жиын өтті. Үшеуінің де экономикалық тұрғыдан мәні зор, маңызы орасан.
Форум • 09 Маусым, 2023
Алматы мен Ыстықкөл арасын жаңа жол жалғайды
Мемлекетаралық және өңірлік экономикалық байланыстардың нығая түсуі трансшекаралық инфрақұрылымның дамуына да оң ықпал етіп жатыр. Әсіресе бұл біз секілді теңізге тіке шығар мүмкіндігі жоқ елдер үшін тиімді. Әдетте трансшекаралық инфрақұрылымдық жобаларды екі немесе одан да көп мемлекет жеке инвесторларды тарта отырып іске асырады және оны сәтті орындаудың оңтайлы тетігі – мемлекет-жекеменшік әріптестігі (МЖӘ) болмақ. Жаһан тәжірибесіне қарайтын болсақ, транспорт, су-энергетика кешені және телекоммуникация салаларында МЖӘ қағидатына сүйене отырып ондаған трансшекаралық инфрақұрылым жобасы жүзеге асқан. Бұл тетік Еуразия аумағында әлі іске қосыла қоймады. Бірақ қолға алуға тиісті алғышарт бар.