Абай АЙМАҒАМБЕТ
Абай АЙМАҒАМБЕТ«Egemen Qazaqstan»
1289 материал табылды

Әлем • 08 Маусым, 2023

Француз балмұздағының дәмі керемет!

2023 жылдың қаңтарынан сәуіріне дейінгі аралықта еліміз құны 910,8 мың доллар болатын 234,2 тонна балмұздақты экспорттаған. Үшінші елдерден (ЕАЭО-ға кірмейтін) 1 852,9 мың доллар құнға ие 432,8 тонна балмұздақ сатып алған.

Қылмыс • 07 Маусым, 2023

Онлайн-ойын: Сан соғып қалмаңыз!

Пирамида жасаушылар өз схемаларына мүмкіндігінше көп адамды тарту үшін ойын-сауық форматын қолдана бастады. Олар экономикалық немесе инвестициялық онлайн-ойындарды ойлап тапты, онда ойыншылар жоғары кіріс тауып, содан кейін өз қаражаттарын ала алады-мыс. Бұл – виртуалды тауарларды: құстар, жануарлар, жылжымайтын мүлік немесе басқа активті нақты ақшаға немесе криптовалютаға сатып алуға, инвестициялауға және пайда табуға болатын онлайн-ойындар. Мұндай ойындарды жасаушылар бонустар немесе басқа сыйақы бере отырып, пайдаланушыларды жаңа қатысушыларды әкелуге шақырады.

Өнім • 06 Маусым, 2023

Сүт нарығына сілкініс керек

Биыл қаңтар-сәуір аралығында сүт өнімдері­нің өндірісі 173,8 млрд теңгеге жетіп, был­тырғы көрсеткіштен 32,9 пайызға асып түсті. Өңірлік бөліністе өндіріс тұрғысынан Солтүстік Қазақстан облысы алға шықты. Ондағы өндіріс көлемі 31,7 млрд теңгеге жетіп, жылдық өсім 52,3 пайызды құрап отыр. Екінші орында Алматы облысы. Шыға­рылған өнім көлемінің сомасы – 30,4 млрд теңге, ал өсу көрсеткіші – 28,5 пайыз. Үшінші орында Қостанай облысы – 24,6 млрд теңге және 76,6 пайыз.

Қаржы • 06 Маусым, 2023

Жаңа Салық кодексі: Бай-бағланнан алынатын түсім артады

Жаңа Салық кодексі халықтың дәулетті топтарынан түсетін табысты күшейтуге бағытталатын болады. Ұлттық экономика министрлігі осындай пайым жасап отыр. Олардың айтуынша, бұл салық жүктемесінің әділ бөлінуін қамтамасыз етеді.

Қаржы • 05 Маусым, 2023

Қоржыны тоқ қаржы секторы

Қаржы секторының ішінде банк саласының шоқтығы биік. Десе де өзге салалардың да нарықтағы орны жыл санап айқындалып, әрі үлкен сұранысқа ие болып келе жатқанын жоққа шығара алмаймыз. 2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан Респуб­ликасының банк секторында 21 екінші деңгейдегі банк бар, оның 12-сі шетелдің қатысуымен, оның ішінде 8-і – еншілес банк. 2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша банк секторының активтері 0,4%-ға немесе 184 млрд теңгеге азайып, 44,8 трлн теңге болды (жыл басынан бері 0,6%-ға немесе 0,3 трлн теңгеге өсу). Бұған өтімді активтердің 3,6%-ға немесе 697 млрд теңгеге кемуі әсер еткен.

Пайдалы қазбалар • 05 Маусым, 2023

Табысы мол кеніш «Росатомға» неге сатылды?

Жақында еліміздегі аса ірі уран кеніші саналатын «Бу­деновское» ресейлік «Росатом» компания­сына сатылғаны мәлім болды. «Росатомның» Батыс санкциясына ілігуі мүмкін екені туралы алыпқашпа сөз де болғаны белгілі. Ал «Буде­новское» дегеніңіз – еліміздегі аса ірі уран кен орны. Кеніштің жұмысы ресми жолға қойылғаннан кейін оның өндірістік қуаты әлем бойынша екінші орынға бір-ақ шықпақ.

Экономика • 04 Маусым, 2023

Қырғызстанға тауар экспорты арта түсті

Еліміз Қырғыз еліне өңдел­ген өнім экспортын 100 млн долларға дейін арттырмақ. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігінің QazTrade-пен бірлесіп, Бішкек қаласында өткіз­ген отандық компаниялардың сауда миссиясында мәлім болды. Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаевтың айтуын­ша, бізден Қырғызстанға саудаланатын өңделген өнімдер, негізінен тамақ, химия, машина жасау, фармацевтика, металлургия салаларының тауарлары екен.

Инфляция • 01 Маусым, 2023

Инфляция төмендей ме?

Экономиканы қолданбалы зерт­теулер орталығы (AERC) мау­сымда инфляция деңгейі 15,22 пайыз болады деп болжайды. Орталық сарапшыларының ай­туынша, сыртқы факторлар дезинфляциялық үрдістің (инф­ляцияның төмендеуі – ред.) орнықсыздығын көрсетіп отыр.

Экономика • 01 Маусым, 2023

Қазақстан – Испания: Экономикалық байланыс нығаяды

Астанада «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің ұйымдастыруымен өткен Қазақстан-Испания іскерлік кеңесінің 7-отырысында экономиканың екі ел бірлесе дамытуға ниетті маңызды салалары бойынша кең көлемді талқылау болды. Тараптар машина жасау, ауыл шаруашылығы және су ресурстарын басқару бағыттарында ынтымақтастық орнатуға мүдделі. Форумға қатысуға Қазақстаннан – 150, Испаниядан 35 компания келді. Іс-шараның басты мақсаты – сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыру, инвестициялар тарту және жетекші испан компаниялары мен қаржы ұйымдары өкілдерінің қатысуымен бірлескен жобаларды іске асыру.

Депозит • 01 Маусым, 2023

Депозит көлемі өсіп келеді

Ақшаны депозитте сақтау – ең тиімді жол. Әрі қазір базалық пайыздық мөлшерлеме 16,75 пайыз (яғни қымбат) деңгейінде тұр, демек депозиттің де өсімі тәп-тәуір болады деген сөз. Бір айда отандық екінші деңгейлі банктердегі депозит көлемі 3,1 пайызға, бір жылда 21,9 пайызға өсіп, биыл сәуірдің басында 31,3 трлн теңгеге жеткен.