Абай АЙМАҒАМБЕТ
Абай АЙМАҒАМБЕТ«Egemen Qazaqstan»
1289 материал табылды

Аймақтар • 02 Тамыз, 2023

Қонаев қаласының бас жоспары бекітілді

Алматы облысының орталығы ретінде жаңа әкімшілік мәртебеге ие болғаннан кейін Қонаев қаласын дамытудың жаңа стратегия­сы айқындалды. Жақын болашақта қаланы дамытудың негізгі бағыттары Үкіметтің тиісті қаулысымен бекітілген Қонаев қаласының бас жоспарында көрсетілген.

Экономика • 31 Шілде, 2023

Машина жасау: Саланың Қазақстандағы келешегі

Еліміздің экономикалық өсімін қамтамасыз етуге қабілетті бағыттың бірі де бірегейі – машина жасау саласы. Олай деуімізге негіз көп. 2022 жылдың қорытындысы бойынша өндіріс көлемі 3,1 трлн теңгеден асып түскен. Бұл – 2021 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 35,1 пайызға артық. Әрине, түйіні тарқатылмаған мәселелер де жоқ емес. Алайда соңғы уақытта бұл сектордағы жұмыстың қыза бастауы, Үкіметтің айрықша көңіл бөлуі машина жасаушыларды ынталандыра түскендей.

Бизнес • 21 Шілде, 2023

«Alibaba»-дағы «алтын жеткізушілер»

Біраз уақыттан бері отандық кәсіпорындардың халықаралық Alibaba.com сауда алаңына шыға бастағаны белгілі. Биыл маркетплейсте 70 отандық компанияны орналастыру жоспарланып отыр. Бірінші кезең аясында 2023 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында 44 ұйым іріктелді. Олардың барлығы Alibaba платформасында бір жылдық «Алтын жеткізуші» мәртебесін алған.

Қоғам • 20 Шілде, 2023

Жылыту маусымына дайындық

Астанада тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері бойынша бірқатар нысан салынып жатыр, оның ішінде газ жылу стансалары, сорғы-сүзгі су стансасы (ССС-3-тің 2-кезеңі), ЖЭО-3 және басқа да нысандар бар. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мен елорда әкімі Жеңіс Қасым­бек инфрақұрылымдық объектілер құрылысының барысын және жылу­мен жабдықтау жүйелерінің алдағы жылыту маусымына дайындығын бақылады.

Экономика • 18 Шілде, 2023

Қант тапшылығы қайталана ма?

Былтыр жазда бүкіл елді дүрліктірген қант мәселесінен кейін еліміздегі қызылша алқабының көлемі екі есеге – 10,2 мыңнан 19 мың гектарға дейін өскен. Қант саласын дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған кешенді жоспарында отандық өніммен қамту көлемі небәрі 7 пайыз екені жазылған. Қалғаны – қайта өңдеуге арналған импорт шикізат пен дайын құмшекер.

Депозит • 18 Шілде, 2023

Депозиттегі қаражат

Егер банк лицензиясынан айырылатын болса, депозиттерді қорғау меха­низміне сәйкес оның салымшыларына депозиттерде, төлем карточкалары мен ағымдағы шоттарда жатқан ақшалары қайтарылады. Осы ретте Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) жеке тұлғаларға заңнамада бекітілген максималды кепілдік мөлшері шегінде – депозиттің түрі мен валютасына қарай 5, 10 және 20 млн теңгеден асырылмайтын көлемде кепілді өтем төлейді.

Елорда • 17 Шілде, 2023

Жылыту маусымына дайынбыз ба?

Астанада тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері бойынша бірқатар объекті салынып жатыр. Оның ішінде газ жылу стансалары, сорғы-сүзгі су стансасы (ССС-3-тің 2-кезеңі), ЖЭО-3 және басқа да нысандар бар. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мен елорда әкімі Жеңіс Қасымбек инфрақұрылымдық объектілер құрылысының барысын және жылумен жабдықтау жүйелерінің алдағы жылыту маусымына дайындығын бақылады.

Энергетика • 17 Шілде, 2023

Электр қуатының тапшылығы

Елімізде электр тапшылығы мәселесі ай өткен сайын өзекті болып бара жатыр. Былтыр 8 ай (қаңтар, мамыр, маусым, шілде, тамыз, қыркүйек, қараша, желтоқсан) бойы тапшылық айқын байқалған. 2022 жылдың қорытындысы бойынша, электр энергиясын өндіру 112,86 млрд кВт сағатты құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,4%-ға аз.

Жұмыс • 16 Шілде, 2023

Астана 60 мың адамға жұмыс ұсынады

Астанада Әзірбайжан Мәмбетов көшесіндегі Арбат аумағында жастарға арналған дәстүрлі бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Бұл – биыл жастарға арналған 16-жәрмеңке. Оған 70 жетекші компания мен ұйым қатысты.

Үкімет • 16 Шілде, 2023

«Самұрық-Қазына»: Тарифтерді нарықтық бағаға ауыстыратын кез жетті

«Самұрық-Қазына» АҚ портфелдік компаниялар қызметінің бірқатар түрі бойынша тарифтерді көтермек. Қор басшысы Нұрлан Жақыповтың сөзінен ұққанымыз – Үкімет және мемлекеттік органдармен бірлесіп, әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында, әділ тарифтерді енгізу бағытында жоспарлы түрде жұмыс жүргізеді. Осы орайда міндетті түрде халықтың мүддесі ескеріледі.