Абай АЙМАҒАМБЕТ
Абай АЙМАҒАМБЕТ«Egemen Qazaqstan»
1289 материал табылды

Жоба • 21 Тамыз, 2023

Сын-қатерді сейілтетін жобалар

Экономикалық тұрғыдан алғанда биыл еліміз үшін сәтсіз жыл болды деуге келмес. Өйткені бірқатар инфрақұрылымдық тиімді жобалар ел игілігіне ұсынылды. Біраз жоба әлі жалғасып жатыр. Ең бастысы, ізденістердің экономикалық өсімге берер пайдасы орасан. Бұл орайда Еуразиялық даму банкімен бірлесе жүзеге асырылып жатқан жобалардың салмағы басым екені байқалады.

Экономика • 17 Тамыз, 2023

Шикізатқа тәуелді экономика: Тығырықтан шығар жол қайсы?

Дүниежүзілік банк зерттеуі бо­йынша биыл ел экономикасы бірқалыпты қарқынмен өсе­ді және ішкі жалпы өнім 3,5 па­йыз­ға көтеріледі. Ал 2024 жылы 4 пайызға өсуі мүмкін. Өсім­нің басты тірегі – көмірсутегі секторы (мұнай өндірісінің артуы есебінен) болмақ. 2023 жылға арналған болжам геосаяси шие­леніске дейінгі болжамдардан төмендетілді. Оған себеп – негізгі сауда серіктес­тері­нің экономикасында өсудің баяулауы және ішкі инфляция.

Қаржы • 16 Тамыз, 2023

Сыйақы төмендеуі мүмкін

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржы секторындағы негізгі ахуалдар, соның ішінде жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін (ЖТСМ) өзгертуге байланысты газет редакциясынан жолданған сауалға жауап берді. Олар Ұлттық банктің ақша-кредит статистикасының дерегіне сілтеме жасай отырып, тұтынушылық қарыздардың көлемі 8,5 трлн теңгеге жеткенін хабарлайды. Бұл – бөлшек несиелеудің жалпы көлемінің 54,2 пайызы.

Қаржы • 16 Тамыз, 2023

Рубль құлдыраса, теңгені жел шайқай ма?

Долларға қатысты рубль бағамы 2022 жылдың наурызынан бері алғаш рет 100 рубльден асып түсіп, мини-рекорд орнатты. Еуро бағамы 110 рубльден жоғары кетті. Айырбас бағамы Ресей Орталық банкінің төл валютаны тежеп ұстауға тырысқан әрекетіне бағынатын емес. Бұл біздің теңгеге және ел экономикасына қандай да бір әсерін тигізуі мүмкін бе? Жалпы, валютамызға қысым көрсететін басқа қандай факторлар бар, ондай жағдайда теңге өзін қалай ұстауы мүмкін?

Экономика • 15 Тамыз, 2023

Мұнайға сұраныс төмендейді

Халықаралық энергетикалық агенттіктің (ХЭА) «Мұнай 2023» деп аталатын ортамерзімді есебіне сүйенсек, мұнайға деген әлемдік сұраныстың өсімі 2028 жылға таман толықтай тоқтайды. Басында тежелген Қытайдағы мұнайды тұтыну көрсеткіші қайта қалпына келгеннен кейін тағы біршама баяулайтын сыңайы бар. Агенттіктің болжауынша, қазіргі нарықтық және саяси жағдайлар барысында мұнайға сұраныс 2022 жылдан бастап 6 пайызға өсіп, 2028 жылы тәулігіне 105,7 млн баррельге дейін жетпек. Бұған мұнай-химия және авиация секторы елеулі үлес қоспақ.

Инвестиция • 14 Тамыз, 2023

Инвестицияның 5 артықшылығы

Көпшілік қазір инвестициялаудың не екенін біледі. Біразы қор нарығына қадам басып, тырнақалды қадамдарын жасап та жүр. Қор нарығы – құмар ойындар ордасы емес. Бұл жерде ақыл мен есепке жүгіну қажет. Сондықтан саланың кәсіби мамандары айтатын кеңестерге құлақ түрудің де артығы болмайды.

Қазақстан • 14 Тамыз, 2023

Байланыс сапасы жақсарады

4G байланыс буыны қазір ел азаматтарының 85 пайызы үшін қолжетімді болып тұр. Ол дәстүрлі байланыстан өзге цифрлық банкингтің лайықты деңгейде жұмыс істеуі үшін және мемлекеттік цифрлық қызметтерді пайдалану үшін қолжетімді. Ал байланыстың бесінші буыны – 5G желісін азаматтардың 15 пайызы тұтынып отыр.

Экономика • 11 Тамыз, 2023

Жаңа өндіріс орындары ашылады

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министр­лігі­нің мәлімдеуінше, биыл елімізде 170 өнеркәсіп жоба­сын іске асыру көзделген. Үшінші тоқсанда Екібастұз маңында жылына 240 мың тонна фер­роси­лиций шығаруға қауқарлы ауқымды өндіріс орны­ның қыз­меті жолға қойылмақ. Бұл жыл са­йынғы экс­порт­тық табысты шамамен 460 млн дол­ларға ұлғайтуға мүмкіндік беріп, 800 адамды тұ­рақ­ты жұмыспен қамтуға жол ашпақ. Жоба құны – 92 млрд теңге.

Қаржы • 10 Тамыз, 2023

Мобильді аударыммен төлем жасауға болмайды

Қазір көптеген сауда орнында мобильді аударым арқылы төлем жасау кеңінен таралып тұр. Жеке кәсіпкерлік нысандары да ұсынылған қызметтер мен тауарлар ақысын осы мобильді аударым арқылы алуды жөн көреді. Ендігі ретте төлемді мұндай жолмен жасау – заңға қайшы.

Экономика • 10 Тамыз, 2023

Геосаяси шиеленіс кәсіпкерлікті қалай өзгертті

Украинаға жасаған арнайы әскери операция үшін Ресейге салынған санкциялар бүкіл әлемде, соның ішінде біздің елге қатысты да жеткізу тізбектеріне жағымсыз әсерін тигізді.