Банк • 28 Тамыз, 2023

Базалық мөлшерлеме төмендеді

243 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Ұлттық банк кейінгі үш жылда алғаш рет базалық пайыздық мөлшерлемені төмендету туралы шешім қабылдады. Ставка 16,75 пайыздан 16,50 пайызға төмендетілді. Ұлттық банктің хабарлауынша, нақты инфляция мен оның орнықты бөлігі одан әрі бәсеңдеген сайын базалық мөлшерлемені біртіндеп және байыпты төмендету саясаты жалғасады.

Базалық мөлшерлеме төмендеді

 

Жыл басынан бері инфляциялық үдеріс­тердің үздіксіз баяулауы байқа­ла­ды. Ол 2023 жылдың шілдесінде 14 пайыз болды. Бірақ шілдеде айлық инфляция орташа тарихи көрсеткіштерден жоғары қалыптаса отырып, 0,6 пайызға дейін біршама жеделдеді.

«Базалық және маусымдық факторларды ескермейтін инфляция көрсет­кіш­тері бір деңгейде тіркеліп, баяулаған жоқ. Бұл ішкі сұраныстан қолдау тап­қан баға өсуінің тұрақты сипатын көрсетеді. Тауарлар мен қызметтердің құ­­нына әсер ететін өндірістегі жоғары шы­ғындардың сақталуы – қосымша фактор. Инфляциялық күтулер біршама тө­мендегеніне қарамастан, жоғары қал­­пында қалды және жекелеген та­уар­лар нарығындағы жағдайдың өзгеруіне сезімтал болып отыр. Сырт­қы факторлардың инфляцияға әсері бір­тіндеп төмендеп келеді. Бірақ жағ­дай алдыңғы болжамдық раундпен салыстырғанда қолайсыздау бола бас­тады. Көптеген елде бағалардың ша­рық­тауы орталық банктер жүргізіп отыр­ған саясат нәтижесінде баяулап отыр. Бұл ретте базалық инфляцияның орнық­ты­лы­ғы және ортамерзімді перспективада таргеттерге қол жеткізбеудің жоғары ық­­ти­малдығы көптеген орталық банктің мөл­­шерлемелерді төмендету циклын бас­тау мерзімін кейінге жылжытты», деп түсіндірді Ұлттық банк.

Базалық сценарийге сәйкес биыл инфляция – 10-12 пайыз, 2024 жылы – 7,5-9,5 пайыз, 2025 жылы 5,5-7,5 пайыз шегінде болжанған.

«Біз өткен жылы базалық мөлшер­ле­мені біртіндеп көтерген едік. Қазір соның экономикаға қалай әсер еткенін көріп отырмыз. Инфляцияның қарқыны біртіндеп баяулай бастады. Бұл біздің бағалау жүргізетін ісімізге сенімділікті арттырып, инфляцияның тұрақталу үр­дісін күшейте түседі. Сыртқы орта де­зинфляциялық әсерін сақтауда. Әлем­дегі орталық банктердің ақша-кредит шарттарын қатаңдатуы, азық-түлік ба­ға­сының төмендеуі ішкі бағаны ұстап тұруға ықпал етті. Алайда инфляция тұрақтылығын жоғалтпағандықтан, да­мы­ған елдерде мөлшерлемені төмен­дете бастау мерзімі кейінге қалып қо­­йып отыр. Ресейде рубль бағамы әлсіреп, тұтынушылық сұраныс артуы­нан инфляциялық қысымның күшейе түскені байқала бастады», дейді ҰБ төрағасы Ғалымжан Пірматов.

Оның айтуынша, базалық мөлшер­ле­ме­ні төмендетуге мына факторлар әсер етті: бес ай қатарынан инфляцияның төмендеп келе жатқаны, экономикадағы негізгі салалардың өсуіне байланысты ішкі экономикада іскерлік белсенділіктің үздіксіз артуы және сыртқы экономикада жаһандық инфляцияның баяулау үрді­сі­нің жалғасуы.

Қазіргі мақсат – 2025 жылдың соңына таман 5 пайыз инфляция нысанасына қол жеткізу. Ғ.Пірматовтың айтуынша, бұл мақсатқа жету үшін барынша қатаң ақша-кредит саясатын сақтауға дайын болу керек.

«Бұл ретте фискалдық саясат, жанар-жағармай бағасын және тұрғын үй-комму­налдық қызметтерінің тарифтерін белгілеу саласында қабылданып жатқан шаралар, экономикадағы тұтыну мен үнемдеу арасындағы балансы барынша маңызды болады. Нақты инфляцияның динамикасы мен оның тұрақты бөлігінің белсенді баяулауы біздің күтулерімізге сәйкес келген кезде Ұлттық банк база­лық мөлшерлемені біртіндеп және байыппен төмендету саясатын жал­ғас­тырады. Бұған мүмкіндік бар, бірақ проинфляциялық тәуекелдерді, оның ішінде фискалдық қолдауды ескерсек, ол шектеулі және алдағы шешімдерді байыппен қабылдауды талап етеді. Бұдан әрі келіп түсетін деректер мен инфляция тәуекелдеріне байланыс­ты базалық мөлшерлемені төмендету тоқтата тұруды қажет етуі мүмкін», деді ол.

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда базардағы сауда орны өртенді

Төтенше жағдай • 08 Қараша, 2025

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

Өндіріс • 08 Қараша, 2025

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Экономика • 08 Қараша, 2025

Елге сенімі жоғары

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Ұстаз • 08 Қараша, 2025

Мұратану мұраты

Ғылым • 08 Қараша, 2025

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025

Карбон полигонының мүмкіндігі зор

Шаруашылық • 08 Қараша, 2025

Еңбеккерлердің мерейін тасытты

Аймақтар • 08 Қараша, 2025

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025

Ізденген ілгері басады

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Театр • 08 Қараша, 2025

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025