Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ
Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
1232 материал табылды

Аймақтар • 30 Қаңтар, 2025

Шыңғыстайдың шырқы бұзылды

«Шықпа, жаным, шықпа» деп отырған ауылдағы ағайынның тіршілік көзі – мал. Оны бағады, қағады, ала жаздай шөбін шабады. Қып-қызыл әуре болғанымен, бала-шағасын асыраудың бірден-бір жолы – осы төрт түлік. Төрт түлікке төрт аяқтының ауыз салғаны былай тұрсын, кейінгі жылдары баукеспелер белең алды. Жуықта Катонқарағай ауданы Шыңғыстай ауылының тұрғындары айдың-күннің аманында малынан айырылып қалып жатқандарын айтты, шағымданды.

Жануарлар • 23 Қаңтар, 2025

Топқайыңның тұсында барыс жүр

Қарт Алтайдың қойын-қонышы толы жұмбақ. Қайбір жылдары Сарымсақты жотасында баспалап бара жатқан барыс фототұзаққа ілініп, көпті таңғалдырса, бұл жолы Топқайың ауылы тұсындағы Бүркіт шыңының сілемінде суретке түскен.

Медицина • 21 Қаңтар, 2025

Жас дәрігерлерге – лайықты жағдай

Шекара шебіндегі шалғай аудан­дардың халқын тұрақтан­дыра­мыз десек, ең әуелі медицина са­ласы сапалы болуға тиіс. Неге десе­ңіз, көпшілік ем іздеп қала жаға­лайды. Үй-жайы ыңғайланса, көшіп кетіседі. Ал ем-дом алу қолжетімді болса, көпшілік жылы ор­нынан қозғала қоймайды. Осы орайда өткен жылы аудан мәр­тебесін қайта алған Катон­қарағай ауданының медицина саласы үлгі етуге тұрарлық.

Қоғам • 18 Қаңтар, 2025

Шығыстан шыққан үздік полицей

Жер бетінде заңды қалай күшейтсе де, тентекті тезге салып, қылмыс жолын біржола қиып тастау мүлдем мүмкін емес. Тек, қылмыстың алдын алу бар дағы, қылмысты ашу бар. Жуықта осы бағытта нәтижелі еңбек етіп келе жатқан ШҚО полиция департаментіне қарасты жедел криминалистикалық басқармасының аға криминалисі Берқан Есқожанов «Жыл үздігі-2024» марапатына және ­І дәрежелі Құрмет дипломына ие болды.

Аймақтар • 18 Қаңтар, 2025

Қырық көлік қар құрсауында қалды

Қаңтар қарлатып, борандатып тұр. Күре жолдар бірде ашылып, бірде жабылады. Тау бөктеріндегі жолдарға көшкін түсіп, қауіп төндіріп тұрғаны және бар. Жуықта қар құрсауында қырыққа жуық көлік қалып, құтқарушылар қол созған.

Білім • 16 Қаңтар, 2025

Дарынды оқушыларға заманауи мектеп керек

Баяғы жартас, сол жартас. Өскеменнің қуыс көшесіндегі Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының мәселесі сол күйі, бүгін-ертең шешіле қоймайтын секілді. Тозығы жеткен интернаттың оқушылары баяғыдай бөтелкеге су жылытып жуынады, қолайсыз асханада тамақтанады, тағысын тағы. Бұған қатысты пікір білдірген білім басқармасы өкілдері мәселе осы жылы шешіледі дескен.

Жәдігер • 16 Қаңтар, 2025

Каури моншағын білесіз бе?

Экватор бойындағы мұхит түбінде ғана кез­десетін каури моншақтары Берел мен Шілік­тідегі қазба жұ­мыстары кезінде табылғаны көпті таңғалдырған. Мың­даған шақырым қашықтықтағы мұхитта мекен ететін ұлу­дың бұл қабыршақтары қай­дан келді деген сауал ғалым­дар үшін тың сұрақ болған.

Көрме • 27 Желтоқсан, 2024

Салбурынды суреттен тамашалады

Жаңа жыл қарсаңында төрт жыл қатарынан өтіп келе жатқан «Шығыс салбурыны» бүркітшілер сайысында түсірілген фотосуреттер іріктеліп, көрмеге қойылды. А.Пушкин атындағы кітапханада тұ­сауы кесілген көрме бір ай бойы өнерсүйер қауымды қуан­тады.

Аймақтар • 24 Желтоқсан, 2024

Тәжірибені шыңдайтын шеберхана

Жуықта Д.Серікбаев атындағы университетте ашылған Лу Бань шеберханасына бір жыл толды. Осы уақыт ішінде заманауи шеберхана толайым табыстарға жетті. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев келіп, Қазақстанның басқа аймақтарында да Лу Бань шеберханаларын ашу туралы тапсырма берді.

Тағайындау • 12 Желтоқсан, 2024

Өскемен қаласының жаңа әкімі тағайындалды

ҚР Президентінің Әкімшілігімен және қалалық мәслихат депутаттарымен келісе отырып, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Ақышов Алмат Талғатұлы Өскемен қаласы әкімінің лауазымына тағайындалды.