
Аймақтар • 27 Наурыз, 2024
Ұлыстың ұлы күнін Қостанай қаласының тұрғындары да ерекше қуанышпен той-думандатып қарсы алды. Қаланың орталығында отызға тарта отау тігіліп, мерекелік концерт, ұлттық спорт сайыстары, қолөнер туындылары мен ұлттық тағамдар фестивалі өтті.
Еңбек • 22 Наурыз, 2024
Осыдан біраз жыл бұрын Қостанайдағы жайлы қызмет, жақсы жалақысын тастап, кіндік қаны тамған Меңдіқара ауданындағы Теңіз ауылына қайта оралған Ербол Қарымсақов бүгінде атакәсіпке біржола бет бұрып, асыл тұқымды мал басын көбейтуге ден қойып отыр.
Қоғам • 20 Наурыз, 2024
Тіл үйренушілерге – Наурызкөже
Қостанай облысының тілдерді оқыту орталықтары Наурызнаманың Ұлттық киім күнін өзгеше мазмұнда атап өтті. Қызылды-жасылды зерлі шапан, оқалы бешпент, жағалы тон дейсіз бе, әйтеуір сайын далаға сән берген Қыз Жібектің көшіндей малына киініп алған кіл жастар жергілікті этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен тіл үйренушілердің басын қосып, наурызкөже берді.
Өндіріс • 19 Наурыз, 2024
Қостанай қаласындағы «Allur» зауытында «Chevrolet Оnix» автомобильдерін шығаратын жаңа CKD кешені іске қосылды. Жаңа кешенді іске қосу рәсіміне Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев, «General Motors» және «UzAuto» компаниялары топ-менеджерлері қатысты.
Байқау • 17 Наурыз, 2024
Рудныйда Наурызнаманың мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай «Дәстүрімнің балқаймағы – әжелер» байқауы өтті. Сайысқа қатысушылар қазақтың көнеден келе жатқан ұлттық салт-жоралғыларын көрсетіп, олардың мән-мағынасын ашып әңгімелеп берді.
Қоғам • 14 Наурыз, 2024
Меңдіқара ауданындағы Қарқын ауылы наурыздың басын игі іс-шаралармен бастады. Бұл күнді көктемгі еңбек маусымының хабаршысы, берекенің бастауы деп білетін «Қарқын» агрофирмасы ауыл тұрғындары бас қосқан Көрісу күнін кең ауқымда атап өтті.
Аймақтар • 14 Наурыз, 2024
Қостанайдағы Жастар сарайында Көрісу күніне арналған театрландырылған мерекелік іс-шара өтті. Мұнда жиналған жұрт нәрестенің іңгәлап өмірге келуінен бастап, ер жетіп азамат болғанға дейінгі, бой жетіп ұзатылғанға дейінгі кезеңде жасалатын дәстүрлі салт-рәсімдерден көріністер тамашалады.
Театр • 14 Наурыз, 2024
Бүгінде өңір мәдениетін өрге сүйреп келе жатқан үркердей таланттар шоғырының ішіндегі жұртшылыққа есімі етене таныс, жас та болса, ел сүйіспеншілігіне бөленіп үлгерген дара өнерпаздың бірі – І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының актрисасы Диана Тұрсынова. Т.Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясында оқи жүріп, белгілі театр қайраткері Есмұхан Обаев сынды майталман маманның тәлімін көрген талантты қыз 2013 жылдан бері Тобыл төріндегі қара шаңырақта еңбек етіп келеді.
Мирас • 13 Наурыз, 2024
Көбеев мұрасы көлеңкеде қалмасын
Қостанайдағы Ыбырай Алтынсарин мұражайында ағартушы-ұстаз, қазақ романының қайнар бастауынан орын алатын Спандияр Көбеевтің ұстаздық қызметі мен шығармашылығына қатысты бірсыпыра құжаттар, жазушының көзі тірісінде тұтынған заттары сақтаулы тұр.
Қоғам • 12 Наурыз, 2024
Қостанай өңірімен шекаралас Челябі облысының (қазақтар Селебе деп те атайды) Чесмен ауданындағы Редутово деп аталатын татар ауылы маңындағы қыратта қазақтың Қыстау ауылының жұрты жатыр. Мұнда қазір аудандық тарихи-өлкетану музейі жанынан ашылған «Звездный» далалық оқу кешені жұмыс істейді.