Өнертапқыш • 22 Ақпан, 2025

Көпірді су тасқынынан қорғайды

123 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқу-ағарту министрлігінің «100 жаңа есім – 100 жаңа тұлға» айдарының кейіпкері, Қостанай ауданы Александр ауылдық мектебінің 10-сынып оқушысы Виктор Рыжков су деңгейінің күрт көтерілуі кезінде көпірлердің бұзылуына жол бермейтін инновациялық жүйені құрастырып шығарды.

Көпірді су тасқынынан қорғайды

«Smart Bridge» деп аталатын автоматтандырылған жүйе су деңгейінің шектен тыс көтерілуіне жол бермейді. Көпірге төніп келе жатқан қауіпті су көтеріле бастағаннан-ақ анықтап, алдын ала тіркейді. Ал ар­найы бағдарламамен жұмыс істейтін «Arduino» мик­ро­бақылағышы көпірді көте­ретін тетікті бірден іске қосады.

Оныншы сыныпта оқитын Виктор мұнымен өткен жылы көктемгі су тасқынынан кейін айналыса бастаған.

«Біз ойлап тапқан жүйемен қор­ғалған көпір қандай дүлей ағысқа да төтеп бере ала­ды. Был­тырғы табиғи сипат­тағы тө­тен­ше жағдайдан кейін жалпы тұрғындардың, инфра­құры­лымның су тасқынына қашанда дайын болуына көмек­тесе­тін жүйе жасап шығарғымыз келді. Жобаны жасау барысында көпірді көтеретін қуатты тетікті таңдау біраз қиындық тудырды. Алайда ұзақ ізденістің нәтижесінде бұл қиындықты да еңсеріп, жобамызды сәтті аяқтап шықтық», дейді дарынды оқушының ұстазы Виталий Базаркин.

Алдағы уақытта Виктор өз өнертабысын көпір сатылы түрде көтерілетіндей етіп және жедел қызметтерге автоматты түрде хабарлама жіберетін радиоқұрылғымен жетілдіруді жоспарлап отыр. Бұл қауіп төнген сәтте дер кезінде сақтық шараларын қабылдап үлгеруге мүмкіндік береді.

Аталған жоба қазірдің өзін­де жоғары бағаланып, «Ұлы өнертабысқа алғашқы қадам» рес­публикалық инновациялық идеялар байқауында «Өнеркә­­сіп сала­сындағы техникалық құры­лыс» аталымы бойынша бірінші орынға ие болды.

 

Қостанай облысы 

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Кеше

Жезді жәдігерлері

Көрме • Кеше

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Кеше

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Кеше

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Кеше

Аңдатпа

Аңдатпа • Кеше