Қазақстан • Бүгін, 14:44

Ақтау мен Астанадан Ереванға тікелей рейстер ашылды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде ұшу географиясы кеңейіп, қолданыстағы маршруттар бойынша рейстер саны артып келеді. Осы бағытта таяуда Қазақстан мен Армения арасында әуе рейсі қайта іске қосылмақ, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтау мен Астанадан Ереванға тікелей рейстер ашылды

Фото: Ашық дереккөз

Көлік министрлігінің мәліметінше, 18 сәуірден бастап отандық «SCAT» әуе компаниясы Boeing 737 типті әуе кемелерімен аптасына 2 рет (сейсенбі және сенбі күндері) жиілікпен Ақтау – Ереван бағыты бойынша тұрақты рейстерді орындауды бастады.

Қазақстан мен Үндістан арасындағы әуе рейстері көбейеді

Бұған қоса, 2026 жылдың 20 сәуірінен бастап армениялық «SHIRAK AVIA» әуе компаниясы Астана – Ереван бағыты бойынша аптасына 1 рет (дүйсенбі күндері) жиілігімен тұрақты рейстерді іске қосты. Рейстер Boeing 737 типті әуе кемелерімен орындалады.

SCAT әуе паркі екі жаңа ұшақпен толықты: Қай қалаларға ұшу жиілігі артады?

Жаңа әуе рейстерінің ашылуы Қазақстан Республикасы мен Армения Республикасы арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді деп күтіледі. 

Соңғы жаңалықтар