Театр • 04 Наурыз, 2025

Міржақыппен қайта қауышты

27 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрында «Міржақып» драмасы сахналанды. Кезінде режиссер Ерсайын Төлеубай қойып кеткен спектакль араға 11 жыл салып, Алаш ардақтысы Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына орай көрерменмен қайта қауышып отыр.

Міржақыппен қайта қауышты

Алмағайып кезең­дегі тарихи оқи­ғаларды арқау еткен қойылым ұлт азаттығы үшін арпалысқан Алаш арыстарының жанкешті тағ­дырын көз алдыңызға әкеледі.

Тарихи трагедияның бас кейіпкері Міржақыптың бей­несін актер Нұрлан Байшин, Алаш алдаспанының аяулы жары Ғайнижамалды та­лантты актриса Диана Тұр­сынова, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлын көп қырлы сахнагер Қабдол-Мәжит Има­нов сәтті сомдап шықты. Театрдың белді актері Азамат Чу­­кеев сомдаған Филипп Го­лощекиннің бейнесі арқылы зал толы көрермен қызыл жа­лау­латқан зұлмат заманның ыз­ғарын анық сезінгендей болды.

ап

Театр актері Нұрлыбек Кенжеахметов есімі беймәлім жалтақ, екіжүзді кейіпкерді сомдағанда, сол кездегі қызыл­көз шолақ белсенділерге ортақ бейне деп түсіндік.

Драмалық қойылымның шырқау шегі – абақтыда жатқан Міржақыптың Ахмет­пен бақұлдасуы, Ғайни­жа­малмен қоштасуы дер едік. Осы тұста Міржақып, Алаш арманын ұрпаққа аманат
етіп, кіндік қаны тамған Қызбелімен, қалың елмен қоштаса келіп, бүтін алаш жұртының ұранына айналған «Оян, қазақ» өлеңін оқиды. Аса ауыр азалы әуеннің сүйе­мелдеуімен оқылған өлең көрер­меннің көзіне жас үйіріп, аза бой­ды қаза қылғандай күй кешт­іреді.

ва

Қойылым аяқталған соң зал толы көрермен өнерпаз­дарды сахнадан жібермей, қошеметке көміп қол соғып тұрып алды. Театр ұжымына аймақ басшысының атынан қошемет гүлі табыс етілді.

Театр ұжымы алдағы жазда Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына орай он шақты ауданға гастрольдік сапармен баруды жоспарлап отыр.

 

Қостанай облысы 

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Кеше

Жезді жәдігерлері

Көрме • Кеше

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Кеше

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Кеше

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Кеше

Аңдатпа

Аңдатпа • Кеше