Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ
Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
204 материал табылды

Экономика • 16 Желтоқсан, 2025

Автоөнеркәсіп өрісі

Бүгінде еліміздің автомобиль өнеркәсібі қарқынды дамып, ел экономикасының маңызды салаларының біріне айналды. Саланың тұрақты дамуына мемлекеттік қолдау, инвестиция тарту, өндірістік инфрақұрылым құру, шетелдік компаниялар- мен әріптестік орната отырып, жаңа технология­ларды енгізуге ықпал етті. Ресми деректер бойынша, биылғы 9 ай ішінде елімізде 109 223 техника өндірілген.

Жәдігер • 16 Желтоқсан, 2025

Бішкектен келген шақырту

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Ахмет Байтұр­сынұлының педагогика және ғылым мәселелері бойынша Біш­кекте өткен съезге шақырыл­ғанын растайтын құнды құжат сақтаулы тұр.

Қоғам • 06 Желтоқсан, 2025

Елге ел қосылса – құт

Тоқсаныншы жылдардан бері Қостанай облысына шамамен 37 мыңдай қандасымыз қоныс аударыпты. Атамекенге ат басын бұрған ағайынның легі кейін­гі жылдары сәл саябырсып қал­ды. Алайда көш тоқтаған жоқ. Мәселен, биыл өңірде 193 адам қандас мәртебесіне ие болды. Оның 135-і – Өзбекстаннан, 55-і – Түрікменстаннан, үшеуі Ресей­ден қоныс аударған. Осы 193 қандас­тың 150-і өңірлік квотаға еніп отыр.

Экономика • 04 Желтоқсан, 2025

Асығыс салынған жол алысқа апармайды

Мемлекет басшысы Ұлт­тық құрылтайда Астанадан Арқалық, Торғай, Ырғыз арқылы Транскаспий халық­аралық көлік дәлі­зіне тө­телей шыға­тын авто­көлік жолын салуды тап­сыр­ған еді. Тұтас Торғай өңіріне тың серпін бере­­тін ауқымды жоба­ны іске асыруға кіріскен «ҚазАвтоЖол» ұлт­тық ком­­па­­ния­­сы­ның мәліме­тінше, бүгінде «Орталық – Батыс» көлік дәлізі өтетін жол­­­сыз жерлерде геодезия­лық жұ­мыс­ жүріп жатыр.

Қоғам • 04 Желтоқсан, 2025

Әскерилерге білім грантын табыс етті

ҰҚК-нің Қостанай облыстық шекара қызметі департаментінде Отан алдындағы әскери борышын абыроймен өтеп қайтқан сарбаздарға тегін білім грантын тапсыру рәсімі өтті.

Мәдениет • 04 Желтоқсан, 2025

Өлке тарихының жаршысы

Қостанайда облыстық тарихи-өлкетану музейінің 110 жылдығына арналған «Музейлер және тарихи-мәдени мұра: өткені, бүгіні мен болашағы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шараға мәдениет саласының өкіл­дері, ғалымдар, өлке­тану­шылар, музей қызмет­керлері қатысты.

Қоғам • 03 Желтоқсан, 2025

Еңбегі жанған арулар

Қостанайда екі жүзге жуық белсенді әйел бас қосқан ауқымды форум өтті. Аталған жиын аясында «Іскер әйелдер қауым­дастығының» өкілдері «Еңбегі жанған арулар» байқауының қорытын­дысын жариялап, 30 аталым бойынша жеңімпаз­дарды марапаттады.

Шахмат • 28 Қараша, 2025

Ұлттық үлгідегі шахмат

Қостанайлық ерлі-зайыпты Вразовскийлер шахматтың ұлттық үлгідегі нұсқасын жасап шығарды. Алексей мен Александра жұмыстан бос уақытта 3D өлшемді баспада сан алуан цифрлық модельдер, түрлі мүсіншелер мен фигуралар жасайды.

Экономика • 26 Қараша, 2025

Төл өнім төрге озса игі

Мемлекет басшысы Жолдауында азық-түлік қауіпсіздігін стратегиялық маңызы бар міндет ретінде атап, Үкіметке импортқа тәуелділікті азайту жөнінде нақты тапсырма берді. Себебі ішкі нарықты отандық өніммен қамтамасыз ету – экономикалық дамумен қатар, елдің тұрақтылығына тікелей әсер ететін стратегиялық маңызы бар міндет.

Білім • 21 Қараша, 2025

Мәртебелі мамандық иесі

Өзге салалармен қатар білім жүйесінде де бірталай жылдан бері түбегейлі өзгеріс, тың ізденіс, жаңаша бетбұрыс жүріп жатыр. Бүгінде мұғалімге қойылатын талап басқа. Ұстаз баланы жалаң жаттауға емес, пән мазмұнын жан-жақты зерделеп, оны өз қажетіне жаратып, ой-өрісін дамытуға бағыттай алуы керек. Жас өскіннің алғыр, адал, еңбекқор, елшіл болып қалыптасуы да көбіне-көп мектепке, ұстазға байланысты. Бүгінде Мемлекет басшысынан бастап, бүтіндей қоғам болып мұғалім мәселесіне баса мән беріп, оның мәртебесін биіктетуге, ұстаз адамның төрдегі орнын қайтарып беруге ұмтылыс жасалып жатқаны да осыдан болса керек.

Яндекс.Метрика