
Бизнес • 23 Қыркүйек, 2021
Кәсіпкерге жер бермей, жігерін құм қылады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында пандемия зардабы, әсіресе шағын және орта бизнеске ауыр тиіп отырғаны айтылды. Бүгінгідей күрделі кезеңде кәсіпкерлердің жұмысына кедергі келтіру мемлекетке қарсы жасалған ауыр қылмыс ретінде бағалануы керектігін ескерткен Президент: «Кәсіпкерлер шенеуніктер тарапынан заңсыз қысым көрсе, бірден прокуратура органдарына жүгінгені жөн», деді.
Қоғам • 14 Қыркүйек, 2021
Көлқамыспен бірге көгерген әулет
Қостанай облысының Жангелдин ауданына қарасты Көлқамыс ауылындағы Карбозовтар әулеті өнегелі тіршілігі мен еңбекқорлығы арқылы ел ықыласына бөленіп, бүтін бір ауылдың жарасымды ынтымақ-берекесіне ұйытқы болып отыр.
Туризм • 27 Тамыз, 2021
Ресейдің белгілі видеоблогері Юрий Дудьтің сұхбаттары шынайы келеді. Бірде Youtube арнасынан актриса Ирина Горбачевамен әңгімесін тыңдап қалдым. Сұхбат барысында актриса өз өмірінде сөзбен айтып жеткізе алмайтын ең ғажайып әсерді Калифорниядағы «Секвоя» ұлттық саябағы мен Қазақ даласынан алғанын айтады.
Өнер • 19 Тамыз, 2021
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінде өңірге белгілі суретші Александр Захарченковтың «Акварель бояуының болмысы» атты көрмесі ашылды. Көрме жұмысы барысында суретші А.И.Никифоров атындағы көркемсурет мектебінің шәкірттері мен бейнелеу өнеріне қызығушылығы бар бірнеше ересек адамға арнап шеберлік сыныбын өткізді.
Қоғам • 19 Тамыз, 2021
Жалған мониторингтік топтар пайда болды
Қостанай облысында жергілікті әкімдіктің атын жамылып бизнес нысандарды аралап жүрген жалған тексерушілер пайда бола бастады. Олар карантин талаптарын бұздың деген желеумен кәсіпкерлерді қорқытып, өздерінің бұл заңсыздыққа көз жұма қарағаны үшін олардан ақшалай сыйақы талап етеді екен.
Тарих • 17 Тамыз, 2021
Түркияда оқыған «қазақ жолдастар» кімдер?
Таяуда Қостанай облыстық архивін ақтарып отырып, мынадай бір қызық дерекке тап болдық. Торғай уездік большевиктер комитетінің 1922 жылғы құжаттарының ішінде Мұса Ахмедов деген кісінің арызы мен қысқаша өмірбаяны сақталып қалыпты. Арыз иесі өзін РКП(б) қатарына алу туралы өтініш білдіреді. Мұндай өтінішті бір емес, бірнеше рет жазған.
Өнер • 06 Тамыз, 2021
Ұлттық қолөнер халықаралық нарыққа шығады
Қостанай облысынан 35 қолөнерші халықаралық BornNomad көрмесіне қатысады. Олар қазір онлайн режімде дайындықтан өтіп жатыр. Одан кейін аталған көрмеге еліміздің әр өңірінен қатысатын өзге шеберлермен «Дәстүр және мәдениет», «Инновациялар», «Шебер шығармашылығындағы әйел бейнесі», «Жас таланттар», «3D қолөнері» және «Шығармашылық коллаборация» номинациялары бойынша өнер сайысына түседі.
Қоғам • 02 Тамыз, 2021
Еңбек дауын тиімді шешудің жолы қайсы?
Бүгінгі таңда әр жерде бір бой көтеріп қалатын еңбек дауларын шешудің ең бір тиімді жолы – еңбек ұжымдарының мүддесін қорғай алатын ықпалға ие қуатты бастауыш кәсіподақ ұйымдарын қалыптастыру екені сөзсіз. Бұл мәселе төңірегіндегі тұшымды ой-пікірлер «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында Қостанай қаласында онлайн режімде өткен кәсіподақ ұйымдарының жиынында айтылды.
Коронавирус • 30 Шілде, 2021
Қостанай облысының әкімдігінде індеттің алдын алу жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысы өтті. Жиын барысында тамыз айының бірінен бастап бұрын алынып тасталған шектеулердің біразын екі апта мерзімге қайта енгізу туралы шешім қабылданды.
Коронавирус • 29 Шілде, 2021
Тағы бір инфекциялық стационар ашылды
Қостанайдағы қалалық аурухана өз жұмысын тоқтатып, шілденің 28-інен бастап инфекциялық стационар қызметін атқарады.