
Қылқалам шеберінің қолынан шыққан көркем дүниелердің қатарында майдан суреттері, әлемге танымал картиналардың көшірмелері, пейзаждар, әр кезде жергілікті басылымдарда жарияланған карикатуралар бар. Ардагердің еңбек, бейбітшілік, жеңіс тақырыбына салған плакаттары музейде сақтаулы тұр.
Андрей Яковлевич 1943 жылы 17 жасында әскерге алынып, Батыс Украинадағы 88-шекара отрядында радист қызметін атқарады. Партизандар мен барлаушы топтар арасында байланыс орнатып, талай маңызды операцияның сәтті ұйымдастырылуына атсалысады. Соғыстан кейін де 1950 жылға дейін шекара қызметінде болады. 1956 жылы Қостанайдағы тұрмыстық фабрикаға суретші болып жұмысқа тұрады.
«Окопта жатып қағазға қара қарындашпен салған суреттерімнің көбі жоғалып кетті. Үйде соғыста салған біраз эскизім сақтаулы тұр. Өрт сөндірушілердің ерлігі бейнеленген картиналарым да бар», дейді майдангер.
Қостанай облысы