Ұлбосын ИСАБЕК
Ұлбосын ИСАБЕК«Egemen Qazaqstan»
613 материал табылды

Аймақтар • 28 Тамыз, 2025

Қонаевта 42 отбасыға пәтер кілті табысталды

Ата Заңымыздың 30 жылдығына орай, Қонаев қаласының тұрғындары зор қуанышқа бөленді. Мерейлі мереке қарсаңында 42 отбасы баспаналы болды. Кілттерді қала әкімі Асхат Бердіханов салтанатты түрде табыстады, деп жазады Egemen.kz.

Талбесік • 26 Тамыз, 2025

Алатаудың ажары

Табиғаттың інжу-маржаны Іле Алатауының ең көрікті аймағы Алматы мемлекеттік табиғи қорығына тиесілі. Қорық 1931 жылы мамырда Кіші Алматы өзені аймағында ұйымдастырылған. Содан бері жан пенденің еш себепсіз топырағын басып, гүлін үзуге тыйым салынған табиғи қорық аумағы Солтүстік Тянь-Шаньның орталық бөлігінде, теңіз деңгейінен 1200–5017 метр биіктікте, жалпы алқабы 71700 гектарды құрайтын Талғар, Есік аудандарын алып жатыр.

Шахмат • 22 Тамыз, 2025

Шеберлер тоғысқан турнир

«Qonaev Cup – 2025» халықаралық турниріне 16 елден 260-тан астам шахматшы жиналды. Жарыс Қарасай ауданындағы Олимпиадалық даярлау орталығында өтті.

Аймақтар • 20 Тамыз, 2025

Туризм көрсеткіші жол сапасымен өлшенеді

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының Алматы облы­сы бойынша филиалы БАҚ өкілдеріне баспасөз-турын ұйымдастырды. Онда Қапшағай суқоймасына апаратын жолдың сапасы, тоқтайтын кешендер, жолды күтіп-ұстау жұмысы және Қонаев-Күрті тас жолының құрылысы ­таныстырылды.

Спорт • 14 Тамыз, 2025

Қонаевта чемпиондар мен жастар бір алаңда жаттықты

Қонаев қаласында «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалы жанындағы «Жастар Рухы» ұйымдастырған «Чемпиондық Рух» жобасы аясында ашық спорттық жаттығу өтті. Жаттығуға 150-ге жуық жас пен Олимпиада және әлем чемпиондары қатысты. Шараның мақсаты – жастардың спортқа қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және чемпиондардың тәжірибесін жас буынмен бөлісу, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қылмыс • 09 Тамыз, 2025

Нұрқанат Ғайыпбаевтың өлімінің себебі анықталды

Прокуратурада марқұм Шерзат Болаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты қылмыстық істің тоқтатылу себебін түсіндірді, деп жазады Egemen.kz.

Спорт • 09 Тамыз, 2025

Алматы облысында джиу-джитсудан халықаралық балалар турнирі өтті

Алматы облысы Іле ауданында «AMANAT» партиясының бастамасымен алғаш рет «AMANAT JIU-JITSU KIDS CUP 2025» халықаралық балалар турнирі өтті, деп жазады Egemen.kz.

Қоғам • 08 Тамыз, 2025

«Адамдықты көздесең...»

Ұлы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы Іле ауданында да кең көлемде аталып келеді. Күні кеше Боралдай кентіндегі №54 орта мектептің кітапханасында ақын шығармашылығын арқау еткен «Абай әлемі» атты іс-шара өтті. Онда Абайдың, Пушкиннің портреттері мен дәйекті сөздері ілініп, кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мектептің ­дарынды оқушылары хакім шығармашылығына тоқталып, оның тәрбие­лік мазмұны туралы білгендерін айтты.

Алматы • 05 Тамыз, 2025

Алматы облысында 60 мыңнан астам балаға көмек көрсетіледі

Алматы облысында 2025–2026 жаңа оқу жылы қарсаңында дәстүрлі «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы жалғасуда. Акция 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында өткізіліп, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, сондай-ақ әлеуметтік осал және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық барысында қолдау көрсетуге бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мектеп • 05 Тамыз, 2025

Заманауи мектептер бой көтереді

Алматы облысында 2024–2025 оқу жылын 437 жалпы білім беретін мемлекеттік мектепте 352 856 оқушы аяқтады (46 жекеменшік мектепте 16 412 оқушы). Былтырғы жылмен салыстырғанда оқушы саны 11 059-ге артып отыр.