
Ұстаз • 11 Желтоқсан, 2024
Осыдан үш жыл бұрын «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты республикалық байқауда жеңімпаз атанып, Ақордада Мемлекет басшысының қолынан 3 миллион теңге грант алған Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылындағы Әсет Бейсеуов атындағы орта мектептің физика пәнінің мұғалімі Бақытәлі Даулетиярұлының есімі өңір ұстаздарының арасында топ жарып тұрғаны хақ. Содан бергі тынымсыз ізденіс пен еселі еңбектің нәтижесінде, Бақытәлі Даулетиярұлы «Қазақстан мұғалімі-2024» байқауында да ұлттық сыйлықтың жеңімпазы атанып, еліміз бойынша үздік деп танылған 10 ұстаздың қатарына қосылып отыр. Жеңімпазға 1 миллион теңгенің сертификаты табыс етілді. Сондай-ақ ол алда болатын «Әлем ұстаздары» байқауына қатысуға жолдама алғанын айрықша атаймыз.
Театр • 10 Желтоқсан, 2024
Өнер тарландары – халық театрында
Аспантау аясындағы аудандық мәдениет үйінде «Кеген» халық театрының әртістері драматург Бексұлтан Жәкеевтің «Тағдыр» атты драмасын сахналады. Қоғамдағы адами құндылықтардың құлдырап кеткендігін бейнелейтін спектакльдің режиссерлері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Омар Қиқым мен Бекжан Тұрыс екендігін естіген ел қойылымды тамашалауға тайлы-тұяғымен жиылып, ине шаншар орын болмауы – ауыл театрына соны серпін берді.
Қоғам • 07 Желтоқсан, 2024
Осы жылдың 11 айында Алматы облысында 23 мыңға жуық бала өмірге келген. Олардың 204-і егіздер болса, 1 үшем бар. Соның ішінде облыс орталығы Қонаев қаласында 1000-нан астам нәресте дүние есігін ашқан.
Шаруашылық • 05 Желтоқсан, 2024
Ауыл шаруашылығы саласының мамандары марапатталды
Алматы облысы, Қонаев қаласында Ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі күні мерекесі аталып өтті. Іс-шараға 200-ден астам ауыл шаруашылығы қызметкері мен мамандар қатысты. Мереке саланың маңызын насихаттап, қызметкерлерінің еңбегін бағалауға арналды.
Аймақтар • 05 Желтоқсан, 2024
Қонаев қаласында ауқымды 3 базар жұмыс істейді. Қала тұрғындары ауылшаруашылық өнімдері мен азық-түлікті осы базарлардан сатып алады. Жуырда тұтынушылар «Алға» базарындағы келеңсіздіктерді әлеуметтік желіге жариялады. Онда базардың санитарлық талапқа сай еместігімен қоса, мерзімі өтіп кеткен азық-түлік тауарлары саудаланатынын мәлімдеген еді.
Тағзым • 05 Желтоқсан, 2024
Заманбек Нұрқаділовтің ескерткіш-бюсті
«Тәуелсіз Қазақстан тарихында ел мүддесі үшін аянбай еңбек еткен азаматтар аз емес. Заманбек Қалабайұлы – осындай тұғырлы тұлғалардың бірі. Ол егемендіктің алғашқы кезеңінде көптеген жауапты қызметті абыроймен атқарды. Мемлекетімізді нығайтуға айрықша атсалысып, өңірлерді өркендетуге зор үлес қосқаны даусыз», деген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің туғанына 80 жыл толуына орай туған жерінде тұғырлы ескерткіш орнатуды, Алматыдағы тұрған үйінде ескерткіш-тақта ашуды тапсырған еді.
Шахмат • 05 Желтоқсан, 2024
Еңбекшіқазақ ауданында жылдам шахматтан Алматы облысы кубогінің финалдық кезеңі өтті. Жарысқа облыстың барлық аудандары, Қонаев, Алатау қалаларының ойыншылары қатысты. Шахматшылар 6 мен 70 жас аралығындағы 8 жас санаты бойынша бәсекеге түсті. Өткен жылғы кубок жеңімпаздары да жарыстан тыс қалмады.
Шаруашылық • 04 Желтоқсан, 2024
Алматы облысының ауыл шаруашылығы секторы биыл айтарлықтай жетістікке жетті. Облыста биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы алаңы 420 мың гектарды құрады, оның ішінде бүгінге дейін 405,6 мың гектар егін жиналды. Бұл – жалпы жоспардың 96 пайызы. Жиналған өнім ішінде картоп, көкөніс, дәнді және майлы дақылдар айтарлықтай көп.
«Таза Қазақстан» • 04 Желтоқсан, 2024
Өткен аптада Жамбыл ауданының Ұзынағаш ауылында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды. Маңызы зор іс-шараға мемлекеттік қызметкерлер мен ауыл тұрғындары, белсенді жастар атсалысты.
Аймақтар • 03 Желтоқсан, 2024
Тарихы терең қасиетті Қарқара ауылында қосқабатты мәдениет үйі пайдалануға беріліп, ел қуанышы еселенді. Ауылдың орталық көшесінің бойынан ойып орын алған ғимараттың сырт келбеті көз тоярлық. Ал табалдырығын аттап ішке кірген адамның рухы асқақтап, жан дүниесіне мәдениеттің сәулесі себезгілейді.