Бизнес • Кеше

Өнеркәсіптің өрісі кеңейіп келеді

20 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Алматы облысына қарас­ты Қарасай ауданы – өнер­кәсіптік әлеуеті жоғары өңірлердің бірі. Аудан эко­номикасының жетекші саласы – өнеркәсіп өндірісі. Мұндағы кәсіпорындарда 6,5 мыңнан астам адам жұмыс істейді, бұл аудан­ өнеркәсібінің жалпы өні­мінің 90 пайызын құ­рай­ды. Сондай-ақ өңір­дегі ­18 ірі жүйе құраушы кәсіп­орынның жетеуі Қарасай ауданында шоғырланған.

Өнеркәсіптің өрісі кеңейіп келеді

Атап айтсақ, «RG BRANDS Kazakhstan», «Coca-Cola Almaty Bottlers», «Hamle Company LTD», «Asia Agro Food», «Efes Ka­zakh­stan», «Kagazy Recycling», «Kelun – Kazpharm» сияқты кә­сіпорындар бар. Ауданда жаңа инвесторларды тарту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Биылғы қаңтар-қыркүйек айларында негізгі капиталға тар­тылған инвестицияның 85 па­йызы жекеменшік инвестиция­лар есебінен жүзеге асырылды. Бұл – ауданның инвестиция­лық тартымдылығы жоғары, бизнес жүргізу үшін қолайлы өңір екенін көрсетеді. Аталған кезең­де 10-ға жуық ірі жобалар іске қосылып, шамамен 2300 жаңа жұмыс орны ашылды. Көкөзек ауылында Оңтүстік Кореялық «KT&G» компаниясының зауы­ты іске қосылып, 140 жұмыс орны құрылды. Исаев ауылында «Фокус Логистик» кешені­нің 1-ші және 2-кезеңдері іске қосылып, жалпы 1500 адам жұмыспен қам­тылды. Кешен толық қуатымен жұмыс істеген жағдайда, 4,5 мың жаңа жұмыс орны құрылады. Ауданның бюджетіне жыл сайын­ 5 млрд теңгеден астам салық тү­суге тиіс. Бұдан бөлек, жуырда «Apple Logistics» кешенінің бірінші кезеңі аяқталып, 148 адам тұ­рақты жұмысқа орналасты. Сон­дай-ақ «Neo Milk» компаниясы ешкі, бие, түйе сүтін құрғатып өндіретін зауыттың құрылысын аяқтап, 50 адамды жұмыспен қамтыды.

«Raw Production Ltd» құс етін қайта өңдеу зауыты іске қо­сылып, 100 адам тұрақты жұ­мысқа орналастырылды. Бұған қоса «Боралдай контейнер терми­налы» құрылысы толықтай аяқ­талып, 70 жұмыс орны ашылды.

п

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Инвестиция тарту – ор­талық атқарушы органдар­дың ғана міндеті емес, жергілікті билік пен әкімдердің де жауап­кершілігі», деп атап өткен еді. Осы талап үдесінен шығып, ауда­нымызда инвестициялық ахуалды жақсарту үшін нақты ша­ралар қабылданып, жаңа жоба­ларды іске асыру жұмыстары бел­сенді түрде жүргізіліп жатыр. Биыл жалпы құны 100 млрд теңгеден асатын 20-ға жуық жаңа ірі инвестициялық жоба іске асырылуда», дейді Қарасай ауда­нының әкімі Жасұлан Естенов.

Негізгі жобалар қатарында «MP Solutions» логистикалық кешенінің құрылысы (14 млрд теңге), «Jiang nan Kazakhstan» компаниясы өнеркәсіптік логис­тикалық аймақ (10 млрд теңге), «Алға Макс» полистиролбе­тон пли­таларын өндіретін зауыты ­­(5 млрд теңге), «Atek group» авто­­­к­лавты кірпіш зауытының құ­ры­лыс жобалары (1,2 млрд теңге) бар.

Одан бөлек, «Casрian Beverage Holding» алкогольсіз сусындар шығаратын жаңа зауыт салу үшін дайындық жұмыстарын жүр­гізіп жатыр. Жобаға 15,8 млрд теңге инвестиция тартыла­ды. Бұл бастамалар ауданның ин­вестициялық тартымдылығын арт­­тырып, жаңа өндіріс орындарын ашуға және жұмыссыздықты азай­туға айтарлықтай серпін бермек.

Биыл тамыз айынан іске қо­­сыл­ған «Burunday container ter­minal» (Боралдай контейнер терминалы) ЖШС операциялық директоры Асқар Жұмаділовтің айтуынша, көпсалалы контейнерлік терминалға алыс-жақын шетел­ден тәулігіне 100-120 контей­нер келіп, оны уақтылы қабыл­дап, жүктерді түсіріп, сақ­тап, сұрыптауға мүмкіндік жасал­ған. Жүктің негізгі бөлігін – шетел­ден тасымалданатын авто­көліктер құ­райды. Мульти­ме­диялық тер­миналдың басты айыр­машылы­ғы – тұтынушыға «жеке каби­нет» ашылып, сол арқылы 24 сағат өз жүгін бақылай алатынында.

Жалпы аумағы 16,5 шаршы метрге орналасқан контейнерлік алаң халықаралық стандарттарға сай жабдықталған әрі толықтай автоматтандырылған. Маман­дар бұл нысан – Алматы агло­ме­рация­сы мен басқа аймақ­тар үшін халықаралық және ішкі жүк тасымалын оңтай­лан­дыратынын айтады. Сондай-ақ­ ло­гистикалық компаниялар мен­ өн­дірушілерге қоймалау, ке­­ден­дік және экспедиторлық қыз­­меттерді бір жерден алуына мүм­­кіндік береді. Терминалда бү­­гінде 40 адам еңбекпен қам­тыл­ған. Толық қуаттылығы жү­зе­ге ас­қанда жұмысшылар санын 150 адамға жеткізу жоспарланған.

Жармұханбет ауылында ор­на­ласқан «Almaty Turmystyq Tehnika Zavody» (Алматы тұр­мыс­тық техникалық зауыты) ЖШС заманауи тұрмыстық тех­­­ника өн­дірумен айналысып ке­леді. 2021 жылы іске қосыл­ған кәсіп­орынның өнімдері «Dauscher» ­сауда маркасымен танымал.

Жобаның мақсаты – ішкі на­рықтың қажеттіліктерін өтеуге және импортқа тәуелділікті айтар­­­лықтай төмендетуге қабі­лет­ті тұрмыстық техниканың то­­лық­қанды, тәуелсіз өндірісін құру. Бүгінде кәсіпорын газ бен электр плиталарын, пештерді, ша­ғын пештерді шығарады. Ал­дағы уақытта тоңазытқыштар, мұздатқыштар мен теледидарлар шығару жоспарланса, бүгіннің өзінде алғашқы тапсырыстар қабылданып, тұтынушылар тілегін қанағаттандырған.

Зауыттың өндірістік қуаты кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр. Жыл сайын жаңа жо­­ғары технологиялық цехтар, оның ішінде металл өңдеу, авто­маттандырылған сырлау, эмальдау цехтары, сондай-ақ полисти­рол көбік қаптамасын өндіру учаскесі пайдалануға беріледі. Кәсіпорынның қуаттылығы жылына 200 мың бірлікке дейін өнім шығаруды, 200-ден астам жұмыс орнын ашуды көздейді.

Бүгінде «Almaty Turmystyq Tehnika Zavody» ЖШС өнімдері Technodom, Sulpak, Mechta, Fora сынды еліміздің ірі сауда желі­лерінде ұсынылған. Сон­дай-ақ бес фирма сауда нүк­телерінің желісі жұмыс істейді.

«АТТЗ» ЖШС директоры Арсен Күштаев кәсіпорынды кеңейте отырып, отандық тұты­нушылардың сапалы да сенімді әрі бәсекеге қабілетті тұрмыстық техникаға қол жеткізуін қам­тамасыз ету – басты мақсат екенін айтты.

Қуаты толық іске қосыл­ғанда тәулігіне 200 мың тұрмыстық техника түр­лерін шығаруды діттеген зауыт­та биыл 65 мың техника шығарса, келер жылы өнімді есе­леп, 130 мыңға жеткізу жоспар­ланған. Әр шаңырақтың тұр­мысын жеңілдетуге септігін тигізер техникаларды жасауда Еуропаның танымал компанияларынан бөлшектер сатып алынатындығын алға тартты.

«Біз өндірген техниканың 50 пайызы Ресей, Қырғызстан мен Өзбекстанға экспортқа жө­нелтіледі. «Қазақстанда жа­салған» деген брендті тұтыну­шылар жылы қабылдап жатыр. Өндірісте ел бойынша 2-орындамыз. Басты қағидамыз – адам ағзасына зиянсыз жоғары сапада әрі қолжетімді болу. Осы себепті, кей бөлшектер шетелден алынады. Мысалы, пешке керек әйнекті Германиядан, электорниканы Испаниядан, оттықтарын Италиядан, эмальдың бояула­рын Ресейден, ал металл өнімдері өзімізде өндіріледі», дейді зауыт директоры Арсен Күштаев. Бұл күнде 100 шақты адам еңбек ететін зауыттың инвестиция кө­лемі 7,5 млн доллар. Былтыр 2,5 млн доллар салынып, жаңа цехтар іске қосылды.

 

Алматы облысы