Тағзым • 04 Қазан, 2025
Тәңіртау өлкесінде айтыстың ақтаңгері Оразалы Досбосыновтың 50 жылдығы дүбірлеп өтті. Тегістіктен түлеп ұшқан айтыс өнерінің мұзбалақ қыраны бозбала шақтан қанатын қомдап, заңғар биікке самғады. Мектеп жасынан аудандық, облыстық айтыстарда оза шауып, республикалық жарыстарда дараланды. Бір күнде бес ақынмен айтысқа түскені аңызға айналды.
Аймақтар • 02 Қазан, 2025
Қонаев қаласының 55 жылдығына орай мәдени-спорттық іс-шаралар жоғары деңгейде аталып өтті. Жаңа нысандар пайдалануға берілді. Соның бірі әрі бірегейі келушілердің көңілін өсіріп, тынысын кеңейтетін сән-салтанаты келісті жаңа демалыс орнының қызығын қала жұртшылығы көре бастады. Жасыл желекті алаңқайда серуендеген қалалықтардың қарасы көп. Демалыс аймағы Қойшыманов – Алматы көшелерінің қиылысында орналасқан. Нысанның жалпы аумағы 6 527 шаршы метрді құрайды.
Жоба • 30 Қыркүйек, 2025
«Alatau City» жобасын жүзеге асыру барысымен танысты
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Алматы облысына жұмыс сапары аясында «Alatau City» мегажобасының төрт негізгі аймағында – «Gate», «Golden», «Growing» және «Green» аудандарының құрылысына дайындық барысын тексеріп, бірқатар тапсырма берді.
Қоғам • 28 Қыркүйек, 2025
Қазақстанда Орталық Азиядағы алғашқы New York Film Academy филиалы ашылды
Табиғаты көркем Қаскелең қаласында халықаралық мәдени-білім беру ынтымақтастығы саласында маңызды оқиға орын алды. Ол – Орталық Азиядағы әлемге әйгілі америкалық кино мектебінің алғашқы филиалы New York Film Academy Kazakhstan салтанатты түрде ашылды. Жаңа кампус Energo University мен Dala Edge креативті паркі базасында құрылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 27 Қыркүйек, 2025
Алматы облысы Астанаға жәрмеңкеге 180 тонна өнім жеткізді
Алматы облысынан елордаға дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне қатысу үшін шамамен 180 тонна ауыл шаруашылығы өнімі жеткізілді. Астаналықтар 40-тан астам түрлі азық-түлік өнімдерін сатып алуда. Оның ішінде 13 тонна ет пен құс еті, 25 тонна көкөніс пен жеміс-жидек, сондай-ақ 21 тонна картоп пен табиғи өнімдер бар. Жәрмеңкедегі бағалар нарықтағыдан шамамен 15%-ға төмен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 27 Қыркүйек, 2025
Алматы облысында автокомпоненттер өндіретін жаңа зауыт жұмысын бастады
Автомобиль өнеркәсібі – Қазақстан экономикасының маңызды салаларының бірі. Бүгінде елімізде автокөлік құрастыру көлемі артып келе жатқанымен, қосалқы бөлшектердің басым бөлігі шетелден әкелінеді. Осыған байланысты, мемлекет тарапынан автоқұрастыру зауыттарын отандық өнімдермен қамтамасыз ету міндеті қойылып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Туризм • 27 Қыркүйек, 2025
Күні кеше Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде «Жетісу Вольфрамы» ЖШС-мен бірлесіп жүзеге асырылған маңызды инфрақұрылымдық жоба – туристік бағытқа су құбырын тарту жұмыстарының ашылу салтанаты өтті, деп жазады Egemen.kz.
Инфрақұрылым • 27 Қыркүйек, 2025
Қонаевта жаңа сквер қолданысқа берілді
Қонаев қаласының 55 жылдығына орай айтулы шаралар жібін үзбей жалғасын табуда. Соның бірі әрі бірегейі қалалықтар мен қонақтардың көңілін өсіріп, тынысын кеңейтетін сән-салтанаты келісті жаңа сквер қолданысқа берілді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2025
Іле ауданы, Күрті ауылдық округіндегі «Дәулет-Бекет» ЖШС Гиннестің рекордын жаңарту мақсатында «Әлемдегі ең үлкен түйе керуені – 2025» іс-шарасын өткізді.
Қоғам • 26 Қыркүйек, 2025
«Қазақстан халқына» қоры құрылғалы бері Алматы облысының тұрғындарына жалпы сомасы 10,7 млрд теңге шамасында қайырымдылық көмегін көрсетті. Өңірде 21 әлеуметтік жоба жүзеге асырылды. Президент тапсырмасына сай қор қаражатын кәдеге жаратып жатқан мекемелерде жұмыс қарқынды жүргізіліп, қарапайым халық игілігін көріп отыр.