Ұлбосын ИСАБЕК
Ұлбосын ИСАБЕК«Egemen Qazaqstan»
670 материал табылды

Аймақтар • 30 Желтоқсан, 2025

«Күрті – Қонаев» автожолы жаңартылды

Жаңа жыл қарасаңында халықаралық «Орталық – Оңтүстік» көлік дәлізінің «Астана – Қарағанды – Балқаш – Алматы» бағыты бойындағы республикалық маңызы бар «Күрті – Қонаев» автожолын қайта жаңғырту жобасы аясындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталып, іске қосылды. Ұзындығы 67 шақырымдық учаскеде төрт жолақты жол қозғалысы ашылды.

Медицина • 29 Желтоқсан, 2025

Алматы облысында жаңа клиника жұмысын бастады

Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында 324 маман қамтылған және заманауи медициналық құрылғылармен жабдықталған жаңа емхана бой көтерді. Нысанның ашылу салтанатына басқарма басшылары, жергілікті атқарушы органдар және медицина саласының ардагерлері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 27 Желтоқсан, 2025

Қонаевта «Хан Тәңірі», «Самғау», «Заңғар» сыйлықтарының жеңімпаздары марапатталды

Қонаев қаласының мәдениет үйінде өткен салтанатты шараға жыл бойы табанды еңбек еткен, толағай табысқа жеткен үздік спортшылар, қаламы жүрдек журналистер және өз саласының көшбасшысы атанған жалынды жастар қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Руханият • 27 Желтоқсан, 2025

Сәдірқызының сәулелі белесі

Қоңыртөбенің баурайына жайғасқан Ақтерек ауылынан түлеп ұшқан қаламгер, есімі елге танымал журналист-жазушы, Ақпарат саласының үздігі, халықаралық Жамбыл атындағы және Журналистер одағы сыйлықтарының лауреаты, Жамбыл ауданының құрметті азаматы Гүлзейнеп Сәдірқызының мерейлі жасқа толуына орай, аудандық Мәдениет үйінде «Әйел жаны» атты әдеби-сазды кеш өтті. Атауы айтып тұрғандай әйел тағдырын арқау еткен шығармашылық кешке зия­лы қауым өкілдері мен қоғам қайраткерлері, қаламгердің әріптестері мен ауылдас­тары қатысты.

Қоғам • 27 Желтоқсан, 2025

Білікті жандарға ел риза

Жұмысшы мамандықтары жылы қатардағы еңбек адамдарының мерейін өсірді. Жастардың техникалық мамандықтарға, өндіріс саласына қызығушылығын арттыра түсті. Өз ісінің шеберлері қарапайым еңбек ете жүріп те елдің ыстық ықыласына бөленіп, алғысын арқалауға болатынын жақсы біледі.

Спорт • 26 Желтоқсан, 2025

Биыл Қонаев спортшылары түрлі жарыстардан 111 алтын иеленді

Қонаев қаласында үздік спортшыларды марапаттау үшін арнайы салтанатты кеш ұйымдастырылып, онда түрлі белестерді бағындырып, тұғырдан көрінген спортшыларды қала әкімі Асхат Бердіханов марапаттап, ақшалай сыйлықтар табыс етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Құрылыс • 24 Желтоқсан, 2025

Тасашылықтардың қуанышын тасытты

Биыл Кеген ауданында бірқатар жаңа нысандар ашылып, ел игілігіне берілді, деп жазады Egemen.kz.

Аймақтар • 24 Желтоқсан, 2025

Жылысайдың ажарын ашты

Жыл қорытындыланар шақта Жылысай ауылының тұрғындары қуанышқа кенелді. Ол – ел асыға күткен еңселі мәдениет үйінің пайдалануға берілуі. Жаңа ғимараттың ауыл өміріне серпін беріп, мәдени шаралардың алтын ұясына айналатынына сенім мол.

Отбасы • 21 Желтоқсан, 2025

Отбасы институты мен рухани құндылықтар талқыланды

Алматы облысында қоғамның рухани дамуы, отбасы институтын нығайту және ұлттық бірегейлікті сақтау мәселелеріне арналған «Ислам және отбасы құндылықтары» атты республикалық ғылыми-танымдық конференция өтті, деп жазады Egemen.kz.

Қоғам • 21 Желтоқсан, 2025

Қонаевта басты шыршаның шамдары салтанатты түрде жағылды

Қонаев қаласында тұрғындар мен қонақтарға ерекше жаңа жылдық көңіл-күй сыйлаған дәстүрлі мерекелік шара өтті. Қысқы кештің шырайын келтірген салтанатты басқосуға биыл 15 мыңнан астам адам жиналды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Яндекс.Метрика