Рекорд • 20 Қыркүйек, 2025
Әлемдегі ең үлкен түйе керуені Алматы облысында өтті
Алматы облысы Іле ауданының Күрті ауылдық округінде ел тарихына алтын әріптермен жазылатын тарихи оқиға орын алды. Ұлттық рухты жаңғырту, көшпелі мәдениетті дәріптеу, сондай-ақ туризм мен кәсіпкерлікті дамыту мақсатында ұйымдастырылған «Әлемдегі ең үлкен түйе керуені – 2025» атты ауқымды мәдени шара әлемдік деңгейде рекорд орнатты, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 19 Қыркүйек, 2025
Ауа құрамы әр төрт сағат сайын тексерілуде
Алатау қаласының аумағындағы қоқыс полигонында тұтанған өртті сөндіру жұмыстары әлі жалғасуда. Өңірде төтенше жағдай жарияланды. Ауқымды аумақты шарпыған қызыл жалынды ауыздықтауға қажетті күш-құралдар жұмылдырылды. ТЖД бөлімшелері жану ошақтарын инертті материалдармен толтырып, топырақты нығыздау және инъекциялық сөндіру әдісін қолдануда.
Төтенше жағдай • 16 Қыркүйек, 2025
Алматы облысында қоқыс полигонынан өрт шықты
Алматы облысында қоқыс полигоны өртеніп, оны сөндіруге 108 адам мен 54 техника жұмылдырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 15 Қыркүйек, 2025
«Ақ бидай – 2025» ауыл спорты ойындары салтанатты түрде ашылды
Алматы облысында ауыл спортының ең ірі додаларының бірі – «Ақ бидай – 2025» республикалық ойындары басталды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Қыркүйек, 2025
Іле ауданының саяжай тұрғындары балаларды тасымалдау мәселесін көтерді
Іле ауданына қарасты Ақсай ауылдық округінде жалпы саны 22 мың халық тұрады. Ауылдық округте бірнеше разъездерге бөлінген 13 саяжай орналасқан. Оларда 8 жарым мыңнан астам халық мекендейді. Осы саяжайлар бойынша 522 оқушы тасымалданып оқытылады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Қыркүйек, 2025
Алматы облысында ауыл әкімі мінген көлік аударылып қалды
Алматы облысы Райымбек ауданында қыркүйектің 13-і күні кешкілік ауыл әкімі мінген көлік аударылып, бір адам қаза тапты. Тағы екі жолаушы ауыр жарақат алып, жансақтау бөліміне жеткізілді. Қайғылы оқиға Нарынқол-Сарыжаз автожолында орын алған, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Қыркүйек, 2025
«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында Алматы облысында 26 мектеп салу жоспарланған. Өткен жылы соның 9-ы пайдалануға берілсе, биыл 8-і іске қосылды. Аталған жоба бойынша өңірдің Талғар, Еңбекшіқазақ, Жамбыл аудандарында, сондай-ақ мегаполиспен іргелес Қарасай ауданы Алмалыбақ ауылында салынған еңселі мектеп жаңа оқу жылында оқушыларға есігін айқара ашты.
Инфрақұрылым • 12 Қыркүйек, 2025
Қонаевта 2,2 мыңнан астам тұрғын табиғи газға қосылды
Алматы облысы бойынша ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті департаментінің басшысы Гүлмира Өтегенова Қонаев қаласында орналасқан «Қапшағай өңірінің газ желілері» ЖШС нысандарына баспасөз турын өткізді. Іс-шараға журналистер, депутаттар, мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 11 Қыркүйек, 2025
11 қыркүйек күні Алматы облысы Іле ауданына қарасты Байсерке ауылы маңындағы металл қабылдау пунктінде жарылыс болып, үш адам мерт болды, деп жазады Egemen.kz.
Мектеп • 03 Қыркүйек, 2025
Жаңа оқу жылында Алматы облысында 9 жаңа мектеп пайдалануға берілді. Олардың барлығы ұлттық «Келешек мектептері» жобасы аясында салынған. Соның бірі Жамбыл ауданындағы Қарасу ауылдық округіне қарасты Еңбекшіарал ауылында 600 орындық мектептің ашылуы тұрғындар қуанышын арнасынан асырды. Білім ордасы Сарыбай би мен Еңбекшіарал ауылындағы үшауысымды оқыту мәселесін шешу мақсатында салынған.