Оқиға • Бүгін, 15:55

Алматы облысының «Qonaev Media» телеарнасы несімен ерекшеленеді?

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматыда «Qonaev Media» телеарнасының жаңа кеңсесі мен заманауи студиясының ресми ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев арнайы қатысып, телеарнаның жұмыс барысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысының «Qonaev Media» телеарнасы несімен ерекшеленеді?

Жаңа телеарна 2025 жылдың қыркүйек айында көрерменге жол тартып, қазіргі уақытта Алматы облысының барлық аудандары мен қалаларын қамти отырып, республикалық деңгейде хабар таратып отыр.

Салтанатты шара барысында телеарнаның техникалық мүмкіндіктері, жаңа студиялары мен жұмыстың атқарылу барысы таныстырылды. Өңір басшысы өз сөзінде жаңа телеарнаның ашылуы облыс үшін маңызды әрі тарихи оқиға екенін атап өтті.

«Бүгін біз өңіріміз үшін маңызды, тарихи сәттің куәсі болып отырмыз. Өңірлік жаңа телеарнаның ашылуы – тек бір медиа алаңның іске қосылуы емес, бұл – қоғамдық сананы қалыптастыруға, ашық диалог орнатуға және өңірдің дамуын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам. Жаңа арнаның басты ұстанымы – шынайылық, жауапкершілік және халық мүддесіне адал қызмет болуы керек. Ақпараттық саясатта тепе-теңдік пен кәсібилікті сақтай отырып, көрерменге пайдалы әрі сапалы контент ұсынады деп сенемін», деді, облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев.

Сондай-ақ цифрландыру дәуірінде «Qonaev Media» телеарнасы «Digital Sana» жобасы аясында жасанды интеллект технологияларын енгізіп, отандық медиа кеңістігіндегі озық әрі жаңашыл арналардың қатарына қосылуды мақсат етіп отыр.

Silk Way Star жобасының финалы Қытай телеарнасында көрсетілді

Өз кезегінде «Qonaev media» телеарнасының бас директоры Қымбат Хангельдина телеарна тарапынан өңірдің оң имиджін қалыптастыруға бағытталған сапалы контенттер алдағы уақытта да жалғасатынын айтты.

«Облыс әкімдігі тарапынан көрсетіліп отырған қолдау үшін алғыс білдіремін. Ұжым мүшелері өңірдің дамуына өз үлестерін қосып ғана қоймай, бұқаралық ақпарат құралдарынан облысымыздың оң имиджін қалыптастыруды мақсат етуде. Бұдан бөлек, телеарна ұжымы сапалы әрі заманауи телевизиялық өнім әзірлеуге бағытталған ұзақ мерзімді жұмысты жалғастыруға ниетті», деді телеарна директоры.

Көрерменге жол тартқан жаңа телеарна эфирлік, кабельдік, Smart TV және онлайн платформалар арқылы хабар таратып, өңір тұрғындарына сапалы әрі қолжетімді контент ұсынуға толық мүмкіндікке ие.

Қазақстан телеарналары қысқы Олимпиада ойындарын тікелей эфирде көрсетеді

Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар