Ұлбосын ИСАБЕК
Ұлбосын ИСАБЕК«Egemen Qazaqstan»
638 материал табылды

Рекорд • 12 Қазан, 2025

Мың түйелі керуен: Қазақстанның жаңа рекорды Гиннес кітабына тіркелді

Алматы облысында мың түйеден құралған керуен ресми түрде Гиннес рекордтар кітабына енді. Бұл туралы шара барысында кітап өкілдері мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Қоғам • 12 Қазан, 2025

Қайтарылған активтер есебінен салынған медициналық нысан пайдалануға берілді

Алматы облысы Іле ауданының Еңбек ауылында заманауи фельдшерлік-акушерлік пункттің (ФАП) құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Нысан «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында салынды және қаржыландыру мемлекетке қайтарылған активтер есебінен жүзеге асырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 12 Қазан, 2025

Нұрғиса Тілендиевтің туған ауылында еңселі стэлла орнатылды

Ұлт руханиятының ұлы тұлғасы, Халық қаһарманы, әйгілі композитор, күйші әрі дирижер Нұрғиса Тілендиевтің кіндікқаны тамған ауылында демеушілердің қолдауымен еңселі стэлла бой көтерді. Архитектуралық тұрғыдан ерекше пішінге ие бұл ескерткіште қазақтың қасиетті домбырасы мен сұлулықтың символы саналатын қос аққу бейнеленген, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Таза Қазақстан» • 10 Қазан, 2025

Жиде мен шырша тұқымы жиналды

Алматы облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жиде мен Шренк шыршасының тұқымын жинау апталығы басталды. Шараның негізгі мақсаты – орман қорын толықтыру, табиғи тұқым қорын қалыптастыру, жастардың экологиялық мәдениетін арттыру.

Шаруашылық • 09 Қазан, 2025

Апорттың бәсі артады

Алдағы үш жыл ішінде Алматы облысында 110 гектар жерге алма ағашы отырғызылып, әйгілі апорт сортының бәсі артады. Бұл туралы дәстүрлі «Бақ күні» форумында айтылды. Жері құнарлы Алматы облысында бүгінде аттестатталған 4 тәлімбақ жұмыс істейді. 772 шаруашылық жеміс-жидек дақылдарын өсірумен айналысады. 7 кәсіпорын жемістерді өңдейді. Сондай-ақ сыйымдылығы 48 мың тонна болатын 30 сақтау қоймасы бар.

Аймақтар • 08 Қазан, 2025

Даланы дүбірге бөлеген той

Жамбыл аудандық мәдениет үйінде халқымыздың рухани қазынасын 500-ден астам музыкалық туындымен байытқан ұлы композитор, күйші Нұрғиса Тілендиевтің мерейтойына орай «Ұлы даланың Нұрғисасы» атты халықаралық ақындар айтысы өтті. Шешенсөз иелері өзара сынға түсті. Бәсекелі айтыста «Хабар» агенттігінің жүргізушісі Мейірбек Сұлтанхан қарсыластарына дес бермеді. Ол алдымен қырғыздың айтыскер ақынынан басым түссе, ақтық сайыста Аспанбек Шұғатаевты шаң қаптырып, бас жүлдеге тігілген темір тұлпарды тақымдады.

Білім • 05 Қазан, 2025

Робототехниканы дамытқан жаңашыл ұстаз

Алматы облысының мектептерінде заманауи білім беру әдістері сәтті жүзеге асырылуда. Соның жарқын үлгісінің бірі – педагог Даулешьяр Бақытәлінің еңбегі. Ол арнайы жабдықтары жоқ мектепте өз күшімен робототехника кабинетін ашып, оқушыларды ғылымға баулыды, деп жазады Egemen.kz.

Құрылыс • 05 Қазан, 2025

Құрылыс сапасына назар аударды

Қонаев қаласында көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Олардың көбі жеке компаниялардың қаржысына салынуда, деп жазады Egemen.kz.

Тағзым • 04 Қазан, 2025

Ұлы тұлғаға құрмет

Біртуар күйші-композитор, дирижер, Қазақстан мен КСРО халық әртісі, Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына орай, Өтеген батыр ауылында еңселі ескерткіш бой көтеріп, тұлға атында жаңа мәдениет үйі салтанатты түрде ашылды.

Тағзым • 04 Қазан, 2025

От ауызды Оразалы

Тәңіртау өлкесінде айтыстың ақтаңгері Оразалы Досбосыновтың 50 жылдығы дүбірлеп өтті. Тегістіктен түлеп ұшқан айтыс өнерінің мұзбалақ қыраны бозбала шақтан қанатын қомдап, заңғар биікке самғады. Мектеп жасынан аудандық, облыстық айтыстарда оза шауып, республикалық жарыстарда дараланды. Бір күнде бес ақынмен айтысқа түскені аңызға айналды.