Фото: gov.kz
Бұған дейін қалада 9 мар-шрут бойынша 28 автобус болса, оның қатарына тағы 1 маршрут, 5 қоғамдық көлік қосылды. Жаңадан ашылған маршруттағы автобустар Қонаев пен Кербұлақ, Ақөзек ауылдары арасында қатынайды. Қалған 4 автобус қалаішілік маршруттарға жіберілді. Жалпы алғанда, халыққа осы күні 33 автобус қызмет көрсетеді. Оның ішінде 6 бағыт қалаішілік болса, 5-еуі елді мекендерге қатынайды.
Былтыр Қонаев қаласы әкімдігінің қаулысына сәйкес, қала аумағында жолаушыларды тасымалдауға қатысты cараланған тарифтер белгіленген. Жолаушылардың кей санаттарына жеңілдіктер қарастырылған. Мысалы, студенттер мен мектеп оқушылары, зейнеткерлердің жолақысына 50% жеңілдік бар. Тегін қатынайтын жолаушылар қатарына көпбалалы аналар, І-ІІІ топтағы мүгедектігі бар адамдар, 18 жасқа дейінгі ерекше балалар мен оларды алып жүретін жолаушылар кіреді.
Былтыр қалада 16 жаңа аялда-ма қолданысқа берілді. Аялдамалар толығымен цифрландырылған, бейнебақылау камералары, бағыттар көрсетілген теледидар, ауа желдеткіштер орнатылған.
Алматы облысы,
Қонаев қаласы