Фото: Видеодан алынған кадр
Іс материалдарына сәйкес, 2025 жылдың қазан айында блогер әлеуметтік желіде Шымкент әкімдігінің беделіне нұқсан келтіретін жазба жариялаған. Осыдан кейін ол әкімдік өкілінен ақпараттық мемлекеттік сатып алу бойынша 10 млн теңгенің келісімшартын жасасуды талап еткен. Егер талабы орындалмаса, интернетте шенеуніктердің қызметі туралы жағымсыз мәліметтер таратуды жалғастыратынын айтып, қоқан-лоқы көрсеткен.
Ақтауда блогерлердің жеке өміріне қатысты материалдарды таратқан күдікті ұсталды
Блогер өз мақсатына жету үшін қысым көрсетіп, 6 қарашада 990 000 теңге көлеміндегі алғашқы ақшаны алған кезде ұсталған. Сот отырысында айыпталушы кінәсін ішінара мойындап, өзін бас бостандығынан айырмауды сұраған.
Алматы прокуратурасы блогер Әділетхан Молдаханның ісіне қатысты пікір білдірді
Шымкент қалалық соты блогерді «Бопсалау» бабы бойынша кінәлі деп танып, оны 5 жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ ол дәл осы мерзімге БАҚ саласындағы қызметпен айналысу құқығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.