
Үкімет • 20 Ақпан, 2025
Қауіпсіздікке көздің қарашығындай қараған жөн
Кеше Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында азаматтық авиация саласының дамуына қатысты мәселелер қаралды. Сондай-ақ елімізде әуе хабтарын құру ісі күн тәртібіне шықты.
Экономика • 19 Ақпан, 2025
Жер қойнауын барлау мүмкіндігі артты
Мемлекеттік теңгерімде 987 қатты пайдалы қазба, 355 көмірсутек, 3 666 кең таралған пайдалы қазба кен орны, шамамен 4 540 жерасты су кен орны есепте тұр. Жыл сайын мемлекеттік бюджет есебінен 1:200 000 масштабта жер қойнауын геологиялық зерттеу бойынша өңірлік жұмыс орындалады.
Технология • 15 Ақпан, 2025
Заманауи технология және жастар
EXPO көрме алаңында өткен «Жұмысшы мамандықтарының қаласы» фестивалі 5 күнге жалғасып, болашақ маман мен жұмыс беруші және кәсіптік-техникалық ұйымдар арасында дәнекер болды. Алаңда «ERG» компаниясына тиесілі стенд бар. Оған келген мыңдаған адам тау-кен жұмысы мен табиғатын танып білді.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 13 Ақпан, 2025
Электриктерді даярлау маңызды мәселе
Астанада өтіп жатқан «Жұмысшы мамандықтары қаласы» атты бірегей фестивалінде «Самұрық-Қазына» қорына қарасты ірі жұмыс беруші компаниялардың аллеясы орналасқан. Бұл қатарда «KEGOC» АҚ-ның «Электрик үйін» кездестіруге болады. Шара аясында компания энергетика саласының дамуы және отандық электр энергетика жүйесінің тұрақтылығы мен сенімділігін қамтамасыз етуде білікті мамандардың алатын рөлі туралы арнайы стенд ұсынды.
Салық • 12 Ақпан, 2025
ҚҚС: Нақты мөлшерлеме енгізіледі
Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесуде салық реформасын кәсіпкерлермен, депутаттармен және сарапшылармен бірге талқылауды тапсырған еді. Кеше Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында күн тәртібінен тыс Салық реформасы мәселесі қаралды. Сонымен қатар отырыста көктемгі дала жұмыстарына дайындық мәселелері талқыланды. Оған қоса отырыста агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру ісі сөз болды.
Қоғам • 11 Ақпан, 2025
Қарғын суды тиімді пайдаланудың амалы
Былтыр көктемде су тасқынынан еліміз үлкен әбігерге түсті. Биыл қарғын суды ел қажетіне жарату қарекеті қалай жүріп жатыр?
Экономика • 08 Ақпан, 2025
Саладағы цифрландыру үлесі артты
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен кеңейтілген алқа отырысы өтті. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев былтыр өңдеуші өнеркәсіп пен тұрғын үй құрылысында айтарлықтай жетістікке қол жеткенін айтты. Мәселен, өңдеуші өнеркәсібіндегі өнім көлемі металлургия (+6,9%), машина жасау (+9,7%), химия (+7,7%), басқа да салалардағы өсім есебінен 5,9%-ға артқан.
Инфрақұрылым • 05 Ақпан, 2025
Жол сапасын жақсарту жалғасады
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жол саласын дамыту және аталған салаға цифрлық технологияларды енгізу мәселелері қаралды. Мемлекет басшысының жол жағдайын жақсарту туралы тапсырмасына сәйкес биыл 9,5 мың км жолға жұмыс жүргізу жоспарланған.
ЖОЛДАУ • 05 Ақпан, 2025
Агроөнеркәсіп кешені: ізденіс пен іркіліс
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында агроөнеркәсіп саласына айрықша тоқталды. Аталған саланы дамыту бағытында тың ізденістер бар, шешімін күткен мәселе де жеткілікті. Мәселен, өткен жылы егін жинау рекордтық көрсеткішке жеткенімен, өнімді сақтау мен қайта өңдеу ісінде көп олқылық байқалды.
Логистика • 04 Ақпан, 2025
Логистика: әртараптандыру мүмкіндігі
Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында логистика мәселесіне де көңіл аударғаны белгілі. Президенттің пікірінше басты артықшылығымыз деп ауыз толтырып айтуға болатын транзит бағытын толық әрі тиімді пайдалануымыз керек. Әрине, бұл реттегі алғышарт – жолдарды тез әрі сапалы салу. Бұл бағытта атқарылған іс аз емес. Ендеше соларға аз-кем шолу жасап көрейік.