Banner
Нұрбай ЖОЛШЫБАЙҰЛЫ
Нұрбай ЖОЛШЫБАЙҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
565 материал табылды

Салық • Бүгін, 08:38

Кәсіпкерлер салық режімін таңдады

Елдегі салық реформасының алғашқы нәтижесі көріне бастады. Мыңдаған азамат пен кәсіпкер жаңа режімдерді таңдап, қызметін заңдастыруға қадам жасады. Бұл еңбек нарығын ашық жүргізуге мүмкіндік беретін маңызды тетік саналады.

Саясат • Бүгін, 08:32

Инфрақұрылымды жаңғырту пысықталды

Елдегі инженерлік инфрақұрылымды жаңарту жұмысы жаңа қарқын алды. Үкіметте өткен жиында энергетика мен коммуналдық секторды қамтитын ұлттық жобаның жүзеге асу барысы талданды. Көрсеткіштер орындалмаған жағдайда лауазымды тұлғалардың жеке жауапкершілігі қаралатыны ескертілді.

Саясат • Кеше

Өңіраралық байланысқа басымдық беріледі

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы жүктеген тапсырмалардың орындалуына назар аударылды. Оның ішінде жаңа автожол жобаларын жүзеге асыру, өңірара­лық желіні дамыту жайы да талқыланды. Премьер-министр Олжас Бектенов жылдың соңына дейін жобалық құжаттаманы әзірлеп, қаржыландыру мәселелерін толыққанды шешуді және көлік нысандарын салу үшін жер телімдерін резервке қоюды тапсырды.

Инфрақұрылым • 27 Ақпан, 2026

2029 жылға дейін 11 мың шақырым теміржол жаңартылады

Бүгінде кеңістікті байланыстыратын инфрақұрылым халықаралық ықпалдастық пен транзиттік бәсекенің негізгі тірегіне ұласып отыр. Осы тұрғыда көлік саласының даму қарқыны елдің өңірлік рөлін айқындайтын маңызды өлшемнің біріне айналып келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Экономика • 26 Ақпан, 2026

Цифрлық таңбалау – сапаны қадағалау

Нарықтағы ашықтық пен әділ бәсеке цифрлық шешімдер арқылы қалыптасып келеді. Тауар айналымын толық бақылауға алған таңбалау жүйесі көлеңкелі нарыққа тосқауыл қойып, салық тәртібін күшейтуді көздейді. Бұл тәсіл ішкі өндірісті қорғап қана қоймай, тұтынушының сапаға деген сенімін де арттыра түседі.

Сұхбат • 24 Ақпан, 2026

Қазақстанда радиациялық қауіпсіздік қалай реттеледі?

Энергетикалық тәуелсіздік пен экологиялық қауіпсіздік мәселесі күн тәртібінде. Осы орайда Атом энергиясы жөніндегі агенттік, Атомдық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы Дархан Әлиакпаровпен радиациялық фобияның табиғаты, ядролық нысанның сенімділігі мен күнделікті өмірдегі сәулелену деңгейі туралы әңгімелестік. 

Экспорт • 20 Ақпан, 2026

Экспортты ұлғайту жолында қандай кедергілер бар?

Жаһандық сауда кеңістігі түбегейлі өзгеріп барады. Нарықта табысқа жету үшін сапалы өнім ұсыну жеткіліксіз, сенімді қаржылық тетік те қажет. Төлем кепілдігі мен тәуекелді басқару мәселесі алдыңғы қатарға шықты. Осындай жағдайда экспорттық-кредиттік агенттік ұсынған құралдар сыртқы нарыққа жол ашатын маңызды тірекке айналып отыр, деп жазады Egemen.kz.

Ғылым • 20 Ақпан, 2026

Енді гормондық талдауларды ЖИ арқылы жедел тексеруге болады

Медицинада сандық технологиялардың ықпалы күшейіп келеді. Диагностика үдерісіне жасанды интеллект араласуы зерттеу нәтижесін тереңірек әрі жедел ұғынуға жол ашты. Соның бір көрінісі – гормондық талдауларды зияткерлік жүйе арқылы тарқатып беру бастамасы, деп жазады Egemen.kz.

Сараптама • 19 Ақпан, 2026

Радиофобия: дерек пен дәйек

Ғылыми негізі жоқ үрейлердің белең алуы ақпарат дәуірінде де жиі кездеседі. Соның бірі – радиофобия. Бұл құбылыс тек жеке адамның ғана емес, тұтас қоғамның шешім қабылдау қабілетіне әсер ететін күрделі әлеуметтік феномен. Радиация жөніндегі қате түсініктер эмоцияны деректен жоғары қойып, қоғамдық пікірді бұрмалауы ықтимал.

Бизнес • 19 Ақпан, 2026

Өсу баспалдақтары: 13 жылдық жүйелі серпін

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға бағытталған ең ауқымды әрі тұрақты бастаманың бірі – Coca-Cola Belesteri әлеуметтік жобасының 13-маусымы қорытындыланды. Үздік бизнес-идея иелері Women in Business жыл сайынғы форумы аясында марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Яндекс.Метрика