Бақытбек ҚАДЫР
Бақытбек ҚАДЫР«Egemen Qazaqstan»
161 материал табылды

Мәселе • 14 Қараша, 2024

Итбалық неден қырылды

Елімізде ғана кездесетін эндемик – Каспий итбалығы бүгінде жойы­лып бара жатқан жануарлардың санатында. Итбалықтар Каспий маңы мемлекеттерінің Қызыл кіта­бына енген. Дегенмен осы бір бей­­күнә жануарлардың саны жыл сайын мыңдап қырылып жат­қаны алаңдатады. Егер осылай жалғаса берсе, теңіздегі итба­лық атаулының мүлде жойылып кету қаупі бар.

«Таза Қазақстан» • 07 Қараша, 2024

Мемлекеттік маңызды іс

Елімізде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтіп жатқаны белгілі. Жұрт болып жұмыла атқарған іс-шара осы күні шын мәнінде елдік сипат алып үлгерді.

Талбесік • 07 Қараша, 2024

Жирен аң қашан келеді

Биыл елімізде жан-жануарлар дүниесін дамытуда, реинтродукция жасауда едәуір алға ілгерілеу болғанын мақтанышпен айтуға тиіспіз. Әуелі Торғай топырағына кәрі құрлықтан жеті кертағы оралды. Екі жолақ жон жолбарыс байырғы құтты мекені Іле мен Балқаш маңына қайта жерсіндірілмек. Бұқар бұғысы да бұрынғы мекеніне бұрылды. Ендігі бір іздейтін «жоғымыз» – жирен (зерен).

Халық • 05 Қараша, 2024

Демографиялық даму – мемлекет тірегі

Демография – кез келген елдің дамуындағы маңызды, шешуші фактор. Мемлекеттің өсіп-өркендеуіне халық саны барынша ықпал етеді. ХХ ғасырдың басында ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлы жазбаларында сол кездегі халқымыздың саны 6 миллионға жеткені туралы мәлімет бар. Бірақ халықтың басына түскен түрлі нәубет – аштық, қуғын-сүргін, соғыс сынды сұрапыл оқиғалар қазақтың демографиялық өсімін тежеп, 6 миллионды 1,5 миллионға дейін азайтып жіберді. Ал ХХІ ғасырда 20 миллионға жеттік. Бағалай білсек, бұл да болса егемендіктің арқасы, ел тарихындағы ең басты жетістігіміздің бірі.

Сұхбат • 01 Қараша, 2024

«Шығыс өңірінің мүмкіндігі мол» - Әлішер Сүлейменов

Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырма су қоймасын басып өтетін ең ұзын көпірдің ашылуы ел өміріндегі айтулы оқиға болды. Жалпы, соңғы уақытта Шығыс өңірі жүзеге асырылып жатқан жарқын жобаларымен, қомақты көрсеткіштерімен қуантып келеді. Осы орайда облыс әкімінің кеңесшісі Әлішер СҮЛЕЙМЕНОВТІ әңгімеге тартқан едік.

Туризм • 24 Қазан, 2024

Тау курорты – табыс көзі

«Тау ұлымын, тау – менің дәу бесігім» деп ақын Мұқағали Мақа­таев жырлағандай, тау – қазақтың тағзым етіп, еңсе түзер биігі. Әкені асқар тауға балап, «таудай бол!» деп бата беретін елміз. Бүгінде сол тау сакралды ұғым ғана емес, таудай табыс көзіне айналып отыр.

Құтқарушы • 19 Қазан, 2024

Жанашырлық пен жанкештілік

Әлемдік даналықта бір адамның өмірін құтқару бүкіл адамзаттың өмірін құтқарумен тең екені айтылады. Біреуді қауіп-қатерден аман алып қалу барысында құтқарушы өз өмірін тәуекелге тігеді. Сондықтан мұндай қауіпті мамандық таңдайтындар жасынан бойына жанашырлық пен жанкештілік қасиет жинайды.

Қоғам • 18 Қазан, 2024

Ұлт болашағын ұрпақ үйлесімі анықтайды

Кезінде «алпыс – тал түс» деген екіжақты математикалық ортаны Шер-ағаң қалай шебер айтқан?! Қазір ғылым адам баласының бұрынғыдан 20 жыл­­­ға жасарғанын дәлелдеп отыр. Осы тұрғыда буындар ара­­сындағы бір-бірін алалау, ұр­пақ­тар сабақтастығының сетінеуі секілді құбылыстар қоғамда жиі көрініс беріп жүр­гені алаңдатады.

Мәселе • 18 Қазан, 2024

Ысқырып атқан киіктің обалы...

Қоршаған ортада жойылып бара жатқан жануарлар мен басқа да тіршілік иелерінің саны азайы­п кетпеуін қадағалау қорғап, сақтау мақсатында тиісті мекемелер, түрлі ұйымдар, көптеген маман тізе қосып еңбек етіп, жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.

Қоғам • 03 Қазан, 2024

Еңбек нарығы қалай реттеледі?

Әлемдік еңбек нарығында бір қызық құбылыс бар. Ол – шетелдік жұмыс күші, гастарбайтер. Мысалы, бір елде жұмыссыздық көрсеткіші жоғары бола тұра, сол елге шетелдік жұмыс күші мен гастарбайтер барады. Бұл қандай парадокс?