Айтолған ЖҮНІСХАН
Айтолған ЖҮНІСХАН«Egemen Qazaqstan»
2003 материал табылды

Ғалам ғажаптары • 24 Қазан, 2025

Ең жылдам пойыз

Әлемдегі ең жылдам пойыз жолға шығуға дайын. Сынақтың соңғы кезеңі ғана қалды. Қытай инже­нерлері жасап шыққан пойыздың жылдамдығы сағатына 453 шақырым, яғни қазіргі қолда­ныстағы жылдам пойыздардан 100 км/сағ-қа жоғары.

Республика күні • 24 Қазан, 2025

Тарихи кезеңді зерделеген жиын

Президенттік орталықта «Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі мен тәуелсіздігі: тарих, қазіргі кезең және дамудың жаңа қырлары» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Алқалы жиында Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияны қабылдаудың маңызды кезеңдері талқыланды. Іс-шараға Парламент пен орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, отандық және шетелдік ғалымдар мен сарапшылар қатысты.

Digital • 23 Қазан, 2025

Цифрлық активтермен төлем жасайды

Банк картасымен төлеу жүйесі енді ескі жүйеге айналады. Себебі оның орнын цифрлық активтер мен криптовалюта баспақ. «Bybit Kazakhstan», Ұлттық банк және Ұлттық төлем корпорациясы бірлесіп іске қосқан қанатқақты жоба цифрлық активтермен төлем жасауға жол ашып отыр. Мамандардың айтуынша, жоба тәжірибеден сәтті өтсе, алдағы жылдары банк карталары біртіндеп қолданыстан шығып, цифрлық әмияндар мен криптовалюталар негізгі төлем құралы болады.

Ғалам ғажаптары • 23 Қазан, 2025

«OpenAI» чип жасайды

Жасанды интеллект саласында жаһандық бәсеке күшейіп жатқан шақта «OpenAI» технологиялық тәуелсіздігін күшейтуге кірісті. Компания енді өзіне тиесілі арнайы чиптерді шығармақ.

Ғалам ғажаптары • 23 Қазан, 2025

Қауіпсіздік детекторы

Қытай әлемде тұңғыш төрт арналы кванттық бірфотонды детектор жасап шығарды. Аньхой провинциясындағы Кванттық ақпараттық инженерия зерттеу орталығында құрылғыға «Фотон ұстаушы» деген атау берілді.

Ғалам ғажаптары • 23 Қазан, 2025

Андромеда

Қазан айының екінші жартысы аспан әлемін тамашалауға ең қолайлы уақыт. Осы кезеңде түнгі аспанда Андромеда галактикасын әлдеқайда анығырақ көруге мүмкіндік бар.

Таным • 22 Қазан, 2025

Ақылды ұлтарақ

Жүріс – адамның тірек-қимыл жүйесінің көрсеткіші, денсаулығының айнасы. Алайда біз күнделікті өмірде қалай қадам басып жүргенімізге мән бере бермейміз. Аяқ ауырып, бел шаншығанда ғана мәселені байқаймыз. Осындай проблеманың алдын алу үшін отандық мамандар ақылды ұлтарақ ойлап тапты.

Ғылым • 08 Қазан, 2025

Жас ғалымдар көбейді

Елімізде ғылым жолына бет бұрған жастардың қатары артып келеді. Биыл магистратура мен докторантураға түсуге ниеттілер саны көбейіп, мемлекеттік гранттар көлемі де артқан.

Жасанды интеллект • 01 Қазан, 2025

Жасанды интеллектіге сүйенген жүйелер

Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында жасанды интеллектіні ұлттық дамудың негізгі тетігі ретінде айқындады. «Мен алдымызға өте маңызды стратегиялық мақсат қойдым. Еліміз үш жыл ішінде міндетті түрде жаппай цифрлық ел болуы керек. Біз жаппай цифрландыру және жасанды интеллект технологиясын барынша енгізу арқылы экономиканы жаңғыртуымыз қажет», деді Президент. Сондай-ақ ол ЖИ-ді барлық салаға енгізуді міндеттеп, стартап жобаларға басымдық беріп, оған ерекше қолдау көрсету қажеттігін атап өтті. Қазірде жасанды интеллект негізінде жасалған түрлі стартап жобалар әр салада әзірленіп жатыр. Солардың бірқатарын оқырман назарына ұсынамыз.

Ғалам ғажаптары • 30 Қыркүйек, 2025

Жаңа планета пайда болды

Аризона университетінің астрономдары планетаның жаңадан жаралып жатқан сәтін суретке түсіріп алды. Ғаламшар Жерден 437 жарық жылы қашықтықтағы WISPIT-2 жұлдыз жүйесінде орналасқан, деп жазады Egemen.kz.

Яндекс.Метрика