Banner
Айтолған ЖҮНІСХАН
Айтолған ЖҮНІСХАН«Egemen Qazaqstan»
2051 материал табылды

Мәдениет • 29 Қараша, 2025

BAQ.KZ 15 жылдық мерейтойын атап өтті

Қазақ тілді журналистика кеңістігінде өз орнын айқындап, оқырманын қалыптастырып үлгерген BAQ.KZ ақпарат агенттігі 15 жылдық мерейтойын атап өтті. Осы уақыт ішінде портал оқырман үшін сенімді дереккөзге айналды. Жедел жаңалықтар, сараптамалық мақалалар, ресми хабарламалар, авторлық контент жасау – бәрі осы платформаның күнделікті жұмысы, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлем • 28 Қараша, 2025

Илон Маск: Болашақта ақшаның маңызы жоғалады

АҚШ-Сауд Арабиясы инвестиция форумында сөз сөйлеген Илон Маск жасанды интеллект пен робототехника дамыған сайын жұмыс ұғымының өзгеретінін айтты. Оның пайымынша, алдағы кезеңде адамдар күнкөріс үшін еңбек етуге мәжбүр болмайды, ал ақша өзінің қазіргі маңызын біртіндеп жоғалтады, деп жазады Egemen.kz.

Денсаулық • 28 Қараша, 2025

Астаналық студенттер өкпе обырын ерте анықтайтын жүйе ойлап тапты

Жақында Парижде өткен халықаралық «iGEM» байқауында Nazarbayev University студенттерінің командасы синтетикалық биология саласындағы алтын медаль мен «Best Entrepreneurship» арнайы жүлдесін жеңіп алып, әлемнің ең үздік жас биоинженерлері қатарына қосылды. Байқауда дүниежүзінің әр түкпірінен келген 7 мыңнан астам қатысушы мен 420-дан аса команда бақ сынасты, деп жазады Egemen.kz.

Жасанды интеллект • 28 Қараша, 2025

Жасанды интеллект игілігін қашан көреміз?

Жасанды интеллектіге негізделген стартаптар бүгінде әлем бойынша технологиялық бәсекенің басты өзегіне айналды. Елімізде де күн сайын түрлі жобалар таныстырылады. Жалпы, жыл сайын мыңдаған жаңа жоба іске қосылады, бірақ халықаралық статистика көрсеткендей, олардың небәрі 10-15 пайызы ғана нақты нәтижеге жетеді.

Ғалам ғажаптары • 28 Қараша, 2025

Биодрон-көгершіндер

Ресейлік «Neiry» компаниясы көгер­шіндердің ұшу бағытын имплант­талған нейрочип арқылы басқаруға мүмкіндік беретін технология таныстырды. Мұндай биодрон-көгершіндер нысандарды әуеден бақылап, бейнені тікелей эфирде жібере алады.

Ғалам ғажаптары • 28 Қараша, 2025

Бұғылар көші

Камчаткадағы тас жолдардың бірінде мыңдаған солтүстік бұғыларының үдере көшіп бара жатқаны көзге түсті.

Білім • 27 Қараша, 2025

Ноутбук пен планшеттен бас тартты: Батыс елдері дәстүрлі білім жүйесіне бет бұрды

Жақында «The Economist» АҚШ пен Еуропада дәстүрлі білім беру форматына қайта оралу үрдісі байқала бастағанын жазды. Кейінгі 10 жылда мектептер мен университеттер сабақ пен бағалауды толық цифрландыруға тырысқан еді. Алайда 2022-2024 жылдар аралығында жазбаша және ауызша емтихандардың үлесі қайта өскен екен, деп жазады Egemen.kz.

Қоғам • 27 Қараша, 2025

Әлемде 1,3 млрд әйел зорлық-зомбылыққа ұшыраған

БҰҰ деректеріне сүйенсек, дүниежүзіндегі әрбір үшінші әйел өмірінде кемінде бір рет зорлық-зомбылыққа тап болған. Бүгінде зардап шеккендердің саны 1,3 миллиард адамға жуықтайды. Ал цифрлық кеңістіктің кеңеюі жаңа қатерлерді күшейтіп отыр. Онлайн-қорлау, қудалау, рұқсатсыз интимдік контент тарату, дипфейк – бәрі қауіпсіздікке тікелей әсер етеді. Алайда әлем мемлекеттерінің 40 пайызынан азында ғана интернеттегі зорлық-зомбылықпен күресуге арналған нақты заңнамалар бар, деп жазады Egemen.kz.

Білім • 27 Қараша, 2025

Білім бизнеске айналды ма?

Қазіргі кезде балалар мектептегі білімнен тыс міндетті түрде ақылы білім ор­та­лықтарына барады. Бұл үрдіс кейінгі 5 жылда қарқынды белең алды. Ресми дерек­терге сүйенсек, еліміздегі ірі қалаларда кемінде мыңға жуық жекеменшік білім орталығы бар. Ал бейресми тіркелмей жұмыс істеп жатқаны одан­ көп. Ақылы білімге деген сұраныстың артуы саладағы бәсекелестіктің кү­шеюі ме әлде мемлекеттік білім жүйесінің әлсіреуі ме? Мәселені қалай шешу керек?

Ғалам ғажаптары • 27 Қараша, 2025

«Leo» спутник интернет жүйесі

«Starlink»-ке бәсекелес пайда болды. «Amazon» компаниясы «Leo» спутник интернет жүйесіне арналған алғашқы антеннасын таныстырды.

Яндекс.Метрика