Руханият • Бүгін, 08:35

Ғалым мұрасы байыпталды

10 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Ахмет Байтұрсынұлы оқуларының дәстүрлі бағдарламасы жалғасын тауып, түрколог Немат Келімбетовтің ғылыми мұрасын талдауға арналған халықаралық конференция өтті. Жиынға еліміздегі Түркия мен Өзбекстаннан тілтанушы, әдебиеттанушы, түркітанушы ғалымдар қатысып, көне түркі жазбалары, тіл тарихын кезеңдеу, ортақ терминология, әліпби және тарихи тілдік деректерді қайта қарау сияқты өзекті мәселелерді ортаға салды.

Ғалым мұрасы байыпталды

Сурет: azattyq-ruhy.kz

Іс-шара Л.Н. Гумилев атын­дағы Еуразия ұлттық универ­си­тетінің ректоры Ерлан Сыд­ы­қов­тың, сондай-ақ Абай атын­дағы Қазақ ұлттық педагогика уни­вер­ситетінің ректоры Болат Тілептің құттықтау сөзімен бас­талды.

Немат Келімбетов жайында пікір білдірген белгілі ғалым, Мем­лекеттік сыйлықтың лауреаты Сауытбек Абдрахманов ғалымның тағдыры мен еңбегін ерекше атап өтті. Оның айтуынша, ғалым тек шығармашылық иесі емес, тағ­дырдың талай ауыр сынын же­ңіп шыққан қайсар рухтың иесі.  «Н.Келімбетов өзінің өмірінде көптеген іс атқарды. Ғылыми-педа­гогикалық, аудармашылық еңбе­гімен елге танылды. Оның ғылы­ми зерттеулері кеңінен жария­­ланып, пікірталас туғыз­ды. Кейбіреулер өміріндегі қиын­­шы­лықтарға, жасалған сәтсіз әре­кеттерге қа­тыс­ты сын айтса да, оның жасаған еңбегі айқын. Ол отбасын асырап, балаларын тәр­биелей отырып та үлкен қажыр-қай­ратпен қоғамдық және ғылыми қызметтер атқарды. Сол себептен оған ризашылық білдіру – орынды іс. Бастапқыда ғалым аудармашылықпен шұғыл­да­нып, күрделі мәтіндерді қазақ тіліне аударуға елеулі үлес қосты. Аудар­ма­шылықтан кейінгі кезеңде ол көркем прозаға да көңіл бөліп, бағалы шығармалар жазды. Сон­дай-ақ ол жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар мен оқу құ­ралдарын дайындап, шәкірт­терінің ғылыми қалыптасуына да үлкен үлес қосты. Оның ғылыми-педа­гогикалық еңбектері қазақ әде­биет­тануының ауқымынан шығып, түркі әлемінің мә­де­ни-құндылықтық кеңістігіне қос­қан үлесі арқылы маңызды тарихи мәнге ие болды. Ғалымның еңбектері түркі халықтарының ортақ түптамырлық байланыс­тарын нақтырақ сезінуге, ортақ руха­­­ни мұратты терең түсінуге ықпал етеді», деді ол.

Немат Келімбетовтің шәкірті, «Қазақ газеттері» серіктестігінің бас директоры, ҰҒА академигі Дихан Қамзабекұлы тұлғаның Таш­кенттен басталып, Алматыда жалғасқан білім-ғылым жолын ерекше атап өтті. Академиктің айтуынша, Немат Келімбетов – бір­неше буын ғалымның қалып­тасуына ықпал еткен қайраткер. «Бұл кісінің шығармашылық және ғылыми тұлға ретінде қа­лып­­­­тасуына әсер еткен орта тура­лы айт­­­қанда, бәрінен бұрын Ташкент кезеңін ерекше атау керек. Ташкент сол дәуірде бүкіл Түркістан аймағының ғылыми, мәдени орталығы болды. Бұл қа­лада Мағжан, Міржақып, Халел се­кілді тұлғалардың рухани ізі қал­ғаны белгілі. Сол кеңістіктің ық­палы оның да дүниетанымына әсер етті. Ғалымның ерте кезең­дегі еңбектерінің бірі – дін, арғы дүниетаным және күрделі фило­софиялық мәселелерге арналған қол­жазбаларды зерттеу болды. Ол сол тұстағы ең қиын, көп айтыла бер­мейтін тақырыптарды ғылыми айналымға енгізуге күш салды. Немат Келімбетовтің публи­цис­­­­ти­касы да ерекше. Қазіргі «Егемен Қазақстан» газетінде жұмыс іс­теп жүрген кезінде оның журна­листік қолтаңбасы айқын, нақты, сөзді орынсыз ауыр­латпайтын стиль қа­лып­­­тас­­тырды. Оның жазу мәнері кей­­­бір ғалымдарда кездесетін күр­де­лі, ауыр стильден дәлдігімен және мазмұн айқындылығымен ерек­шеленеді», деді академик.

Пленарлық отырыс барысында түркология саласының же­тек­ші ғалымдары бірқатар өзекті тақы­рып бойынша баяндама жасады. Алғашқы сөзді филоло­гия ғылымдарының докторы про­фессор Әділ Ахметов алып, Немат Келімбетовтің әлемдік руха­нияттағы орны мен түр­коло­гия­лық ойының ерекше­ліктерін тар­қатты. Одан кейін өзге де ға­лым­­дар ғылыми зерттеулерін таныс­­­тырды. Сондай-ақ іс-шара аясын­­­да «Түркі қаржы-сауда лек­си­касы» атты жаңа еңбектің тұсау­ке­сері өтті. Кітапта көне және ор­та­­ғасырлық түркі жазба ескерт­кіштерінен бастап, қазіргі қазақ және түркі тілдерінде қолданылып жүрген қаржы-экономика сала­сын­­­дағы негізгі терминдер жүйелі талданған.