Айтолған ЖҮНІСХАН
Айтолған ЖҮНІСХАН«Egemen Qazaqstan»
474 материал табылды

Инфографика • 01 Қаңтар, 2026

Цифрландырудағы тың бастамалар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы жасанды интеллект саласына ерекше мән берді. 2025 жылы қыркүйек айындағы Жолдауында нақты тапсырмалар беріп, ЖИ-дің маңызын атап өтті. «Үкімет экономиканың барлық саласын жаңғырту үшін жаппай жасанды интеллектіні енгізу қажет. Қазақстанды бәсекеге қабілетті ел ретінде дамытамыз десек, жұмысымызды жаңаша тәсілмен жүргізуіміз керек», деген еді Президент. Бұл саладағы өткен жылы атқарылған істерді газеттің алдыңғы санында жазған болатынбыз. Биыл да жасанды интеллект және цифрландыру саласы қарқынды дамуын тоқтатпақ емес. 3 жылдың ішінде толық цифрлы мемлекетке айналу үшін алда IT экспортын арттыру, ЖИ-ді барлық салаға енгізу, баршаға қолжетімді экожүйе қалыптастыру міндеті тұр. Сондай-ақ ЖИ-дің игілігін көрсететін ауқымды жобалар нарыққа шығарылмақ.

Digital • 31 Желтоқсан, 2025

Ұлттық ЖИ орталығы – ұлы мұраттар бастауы

Биыл цифрландыру саласында ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктер мен өзгерістер көп болды. Келер жылы нәтижелі істің негізі болатын бастамалар да бар. Атап айтатын болсақ, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылды, «ЖИ тура­лы заң» қабылданды, Ұлттық жасанды интеллект орталығы «Alem.ai» ашылды.

Білім • 30 Желтоқсан, 2025

Жас буынға жан жылуы керек

Адамды күйрететін – күйзеліс. Әсіресе жасөспірім шақтағы өтпелі кезеңде бұл күй оларды өмір мен өлімнің арасына тіреп қояды. Өзіне орын таба алмаған, ішкі даусын ешкім естімеген адам үшін бір сәттік шешім – қайтарылмайтын қадамға айналуы мүмкін. Ресми дерекке сүйенсек, еліміз суицид көрсеткіші бойынша әлем елдері арасында 20-орында тұр.

Білім • 30 Желтоқсан, 2025

Ғылым және білім: нәтиже қандай?

Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Оқу-ағарту министрлігі кеңейтілген баспасөз оты­рысын өткізді. Онда министрлік өкілдері сала­дағы атқарылған жұмыс­тар бойынша қоры­тынды есеп берді.

Ғылым • 27 Желтоқсан, 2025

Сезімтал сенсор

Отандық зерттеушілер адам тынысын­дағы ацетонды дәл анықтайтын жаңа сенсор әзірледі. Бұл технология болашақта диабетті инвазивсіз, яғни қан алмай анықтаудың қолжетімді тәсіліне айналуы мүмкін. Назарбаев университетінің «National Laboratory Astana» зертханасында жүргізілген зерттеу «Sensors International» журналында жарияланды.

Жасанды интеллект • 27 Желтоқсан, 2025

ЖИ стартабын қалай құруға болады?

Бүгінде жасанды интеллект технологиялары жаһандық экономиканың негізгі қозғаушы күшіне айналды. Сарапшылар­дың бағалауынша, 2030 жылға қарай жасанды интеллект нарығының көлемі 1 триллион АҚШ долларына жетпек. Бұл – технологиялық компаниялар үшін ғана емес, кәсіпкерлерге де өз жобасын нарыққа ұсынуға берілген мүмкіндік. Алайда осы мүмкіндікті бизнеске айналдыру идея айтудан әлдеқайда күрделі іс. Елімізде ЖИ-стартаптарды құрудың қандай жолы бар, қалай дамыту қажет деген сауалдардың жауа­бын оқырман назарына ұсынамыз.

Ғалам ғажаптары • 27 Желтоқсан, 2025

ЖИ-дің негізін қалаған

Қазіргі цифрлық әлемнің негізін қала­ған тұлғалардың бірі Алан Тьюринг. Ғалымның еңбектерінде бүгінгі компьютер, алгоритм, жасанды интеллект ұғымдары алғаш рет қарастырылған.

Руханият • 27 Желтоқсан, 2025

Фариза мектебінің мерейі

Астанадағы Фариза Оңғарсынова атындағы №77 мектеп-гимназиясы он жылдық мерейтойын атап өтті. 10 жыл ішінде өзіндік дәстүрі мен жаңашыл бағытын қалыптастырған мектептің мерейтойына мемлекет және қоғам қайраткерлері, Президент жанындағы Ұлттық құрылтай мүшелері, астаналық білім басқармасы мен елорданың орта білім ұйымдарының басшылары және зиялы қауым өкілдері қатысты.

Ғалам ғажаптары • 27 Желтоқсан, 2025

Қараңғыдан жарыққа жол тапқан

Хелен Келлердің тағдыры адам рухының қаншалықты мықты екенін тағы бір дәлелдей түседі. Өжет жазушы бір жарым жасында ауыр дертке шалдығып, көру және есту қабілетінен айырылған. Алайда ол осының бәріне еш мойынсынған жоқ.

Білім • 26 Желтоқсан, 2025

«TALIS»: білім үдерісінің қарқыны қандай?

«TALIS» – мұғалімдердің тәжірибесін, шынайы жағдайын көрсететін ең ауқымды халықаралық зерттеудің бірі. Биыл оған 54 ел қатысты. Қатарында Қазақстан да бар. Жақында зерттеудің нәтижесі жария­ланды. Көптеген елде жұмыс жағдайына қанағаттану деңгейі төмендегенімен, еліміз керісінше көш басына шыққан екен. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Экономикалық ынтымақтас­тық және даму ұйымы директоры Андреас Шляйхер, сала мамандары зерттеу нәти­жесіне қатысты пікір білдірді.

Яндекс.Метрика