Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:05

Ажалдан құтқарған ара

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-тағы Элли Лобель 27 жасында лайма дертіне шалдығып, сырқатын асқындырып алады. Дәрігерлер оған аз ғана ғұмыры қалғанын айтады. Алайда оның үзілген үмітін ара жалғайды.

Ажалдан құтқарған ара

Сурет ашық дереккөзден алынды

Калифорнияға барған бір сапарында оны аралар талап тастайды. Алайда ара шаққаннан кейін Эллидің беті бері қарай бастайды. Бұрынғы дертінен айығады. Дәрігерлердің пайымдауынша, ара уындағы мелитин деген зат ағзасында ерекше реакция тудырып, «TRPV1» деп аталатын қабыну механизмін іске қосқан. Яғни иммун жүйесі қайта оянып, ағза өзін-өзі қалпына келтіре бастаған. Оқиға ресми түрде толық зерттелмеген, бірақ тарихта жануар уын ем ретінде қолдану жиі кездеседі.