Үкімет • 15 Мамыр, 2025
Жасанды интеллектіге қатысты үш заң жобасы мақұлданды
Кеше Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен жалпы отырыс өтті. Жиында депутаттар бірінші оқылымда «Жасанды интеллект туралы» заң жобасы және оған ілеспе түзетулерді, ал екінші оқылымда азаматтық қорғау мәселелері бойынша заң жобасын қарады. Сондай-ақ 2009 жылғы 9 маусымдағы Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорын құру туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялады.
Әлем • 14 Мамыр, 2025
Ел тәжірибесі халықаралық алаңда таныстырылды
ЕҚЫҰ-ның «Инклюзивтілік және құқықтар мен мүмкіндіктерді кеңейту арқылы тұрақтылықты құру» конференциясына Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Алуа Нәдірқұлова қатысты. Жиында өкіл еліміздің гендерлік теңдік пен адам құқықтарын ілгерілетудегі күш-жігерін таныстырды.
Қоғам • 14 Мамыр, 2025
Волонтерлік қызмет – қоғам дамуының маңызды тетігі
Мaqsut Narikbaev University-де БҰҰ Еріктілер бағдарламасының атқарушы үйлестірушісі Тойлы Құрбанов волонтерлермен кездесу өткізді. Басқосу барысында 2026 жылы атап өтілетін «Халықаралық еріктілер жылына» дайындық барысы және БҰҰ Еріктілер бағдарламасының жаһандық күн тәртібі жан-жақты талқыланды.
Қоғам • 13 Мамыр, 2025
Еліміздің жетекші ғылыми сарапшылары жаһандық геосаяси өзгерістердің отандық логистикаға әсерін талқылады. Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтында өткен дөңгелек үстелде елдің сыртқы және ішкі саясатының теңгерімді дамуы, транзиттік әлеуеті, егемендікті нығайту мәселелері жан-жақты қарастырылды.
Мәселе • 13 Мамыр, 2025
Су тапшылығы қалай шешімін табады?
Елімізде судың заңсыз саудасы тыйылмай тұр. Бұған қоса климаттың өзгеруі, өзендердің трансшекаралық сипаты, инфрақұрылымның тозуы мен тіршілік нәрін ысыраппен пайдалану жағдайды одан әрі қиындатып отыр. Осыған орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында су шаруашылығы саласын кешенді түрде реформалауды тапсырды. Қабылданып жатқан шаралар жөнінде Мәжілісте Үкімет сағаты өтті.
Қоғам • 09 Мамыр, 2025
1945 жыл 9 мамыр – қарулы қақтығыстан қажыған жұрттың жүрегіне үміт отын жаққан, тыныш өмір шапағатын сыйлаған күн. Тарих бетінде бұл дата бейбітшіліктің бастауы саналады. Содан болар осынау Жеңіс күні дүние есігін ашқан талай сәби Жеңіс есімін иеленіп келеді. Қазірдің өзінде елімізде мұндай 18 мыңнан аса отандасымыз бар.
Әлем • 09 Мамыр, 2025
Германияның ірі компаниялары кінәсін мойындады
Германияның ең ірі компаниялары нацистік режімді қолдағаны үшін жауапкершілік алатындарын мәлімдеді.
Архив • 07 Мамыр, 2025
Тарихи деректер – келешекке аманат
Елімізде «Батырларға тағзым» атты портал үздіксіз жұмыс істеп тұр. Онда Жеңіске өлшеусіз үлес қосқан отандастарымыздың ерлігі мен жанкештілігі туралы құнды ақпараттар жинақталып жатыр. Бір ерекшелігі, веб-порталға кез келген пайдаланушы өз туысқандары туралы деректерді енгізе алады.
Мәдениет • 05 Мамыр, 2025
Румынияның «Мадригал» хоры Қазақстанға келді
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Астанаға келген Румыния Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Джанина Ситарумен кездесті. Жүздесу Румынияның әйгілі «Мадригал» ұлттық камералық хорының «Жібек жолы» атты концерттік туры аясында өтті.
Өнер • 05 Мамыр, 2025
Биші әжелер халықаралық байқаудан бас жүлде алды
Нұра ауданының биші әжелерінен құралған «Қыздарай» ансамблі Ташкент қаласында өткен халықаралық «SUMMER FEST TASHKENT» көп жанрлы конкурсында жүлдегер атанды. Аталған би байқауына Қазақстан, Өзбекстан, Ресейден 20-дан астам би ұжымы қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.