Banner
Зейін ЕРҒАЛИ
Зейін ЕРҒАЛИ«Egemen Qazaqstan»
679 материал табылды

Қоғам • Бүгін, 09:45

Бірлік пен келісім жолындағы миссия

Қазақ жеріне табан тіреген талай этнос ризашылығын білдіретін Алғыс айту күні ел бірлігінің рәмізіне айналған Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған тарихи датамен тікелей байланыс­ты. Үш онжылдықты еңсерген ұйым бүгінде қоғамдық келісімнің темірқазығына айналып, сан алуан мәдениетті ортақ мүдде аясына ұйыстырды. Уақыт сынынан өткен іргелі институт құрылымы елдегі саяси жаңғыру кезеңінде қалай өзгереді?

Қоғам • Бүгін, 08:40

Жаңашылдықтар мен басымдықтар түсіндірілді

«Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы мүшелері Батыс Қазақстан облысының зия­лы қауымымен және азаматтық қоғам өкілдерімен кездесті. Делегацияны Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі, Жалпыұлттық коалиция төрағасының орынбасары Аида Балаева бастап барды.

Саясат • Бүгін, 08:07

Мемлекет пен қоғамның өзара тиімді іс-қимылына негізделген жоба

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин «Әділетті және прогрессивті Қазақ­станның халықтық Консти­туциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының мүшелерімен бірге Қостанай облысына барып, өңір жұртшылығымен бірқатар кездесу өткізді.

Саясат • 25 Ақпан, 2026

Елдік мүдде мен іргелі қағидаттар негізі

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» жалпы­ұ­лттық коалициясы Қарағанды облысына барды. Жұрт­шылықпен, профессор-оқытушы құрамымен, студенттермен, шах­терлермен, мәдениет қайраткерлерімен, жергілікті мәдени қауым­дастықпен, ауыл тұрғындарымен кездесулерде жаңа Ата заң жоб­а­сы­ның мазмұнына қатысты орамды ой-пікірлер айтылды.

Саясат • 25 Ақпан, 2026

Ғылыми-технологиялық кешенді нығайту мүмкіндігі

Астанада «Sarap» эксперт­тік клубының отырысында жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі жалпы­халықтық референдум қар­саңында ғылыми-техно­логиялық егемендіктің мемле­кеттің дербестігі мен бә­секеге қабілеттілігін нығай­тудағы рөлі талқы­ланды.

Референдум • 25 Ақпан, 2026

100-ге жуық байқаушы қатысады

Орталық референдум комис­сиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров ТМД Байқаушылар миссиясы штабының басшысы Евгений Козякпен кездесті. Жүздесуде алдағы референдумға дайындық барысы, ұйымдастырудағы құқықтық мәселелер, халық­аралық байқаушылардың қызметін қамтамасыз ету тетіктері талқыланды.

Ата заң • 24 Ақпан, 2026

Ата заң жобасы туралы ғалымдар пікірі

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде жаңа Конс­ти­туция жобасын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті. Бас­қо­суда «Әділетті Қазақстан», «Таза Қазақстан», «Адал азамат», «Заң мен тәртіп» ұғымдарының Ата заңдағы көрінісі жан-жақты қаралды. Іс-шараны Журналистика және әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебі ұйым­дастырды.

Референдум • 24 Ақпан, 2026

21 шетелдік байқаушы аккредиттелді

Алдағы референдумға бес мемлекеттен 21 шетелдік байқаушы қаты­суға ниет білдірді. Атап айтсақ, Әзербайжан, Палестина, Қырғыз Рес­публикасы, Тәжікстан мен Тайланд корольдігінен келе­ді. Сондай-ақ ТМД байқаушылары миссиясынан, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінен, Түркі академия­сынан байқау­шылар болады. Бұл туралы Орталық референдум комис­сиясы­ның екінші отырысында айтылды.

Ата заң • 21 Ақпан, 2026

Егемендікті нығайтудағы кешенді тәсіл

Астанада «SARAP» эксперттік клубының отырысында жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі жалпыхалықтық референдум қарсаңында ғылыми-технологиялық егемендіктің мемлекеттің дербестігі мен бәсекеге қабілеттілігін нығайтудағы рөлі талқыланды. Негізгі назар ғылыми тәсілдерді қайта зерделеуге, ғылымды басқару жүйесін жетілдіруге, қаржыландыру тетіктерін жаңғыртуға және жас зерттеушілерді қолдауға аударылды, деп жазады Egemen.kz. 

Ата заң • 21 Ақпан, 2026

Адам құқығы – басты назарда

Референдумда мүмкіндігі шектеулі азаматтар еркін әрі кедергісіз дауыс бере алады. Мәселен, көру және есту қабілеті бұзылған жандар Брайль қарпіндегі трафареттер, аудиобюллетеньдер мен сурдоаудармалы ақпараттық материалдарды қолданады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Яндекс.Метрика