Өшпес даңқ • 31 Желтоқсан, 2025
Бауыржан Момышұлына арналған мемориалдық тақта ашылды
Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына арналған мемориалдық тақта ашылды. Іс-шара Жамбыл облысы Жуалы ауданының Б. Момышұлы ауылында өтті. Салтанатты жиынға Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Балалар • 31 Желтоқсан, 2025
«Жас ұлан» ұйымының басты миссиясы қандай?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Жас ұрпаққа тағылымды тәрбие, сапалы білім беріп, олардың бойына асыл қасиеттерді сіңіру – баршаға ортақ парыз», деген еді. Осы орайда жылдар бойы өкше басқан буынды елжандылыққа, жауапкершілік пен белсенді азаматтық ұстанымға бейімдеп, жүйелі жұмыс жүргізген ұйымның бірі – «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі. 2011 жылдан бері миллиондаған оқушыны басын біріктірген ұйым басшысы Ақнұр Тұрдалиевамен әңгімелесудің сәті түсті.
Қоғам • 31 Желтоқсан, 2025
Мемлекет әлеуметтік тапсырысқа бөлінетін қаражат көлемін неліктен ұлғайтты?
Бүгінде елімізде 23 мыңнан аса үкіметтік емес ұйым тіркелген. Олардың 18 мыңнан астамы әлеуметтік маңызы бар бастамаларды белсенді түрде жүзеге асырып келеді. Бір жағынан бұл көрсеткіш азаматтық қоғамның нығайып, қоғамдық белсенділіктің жаңа деңгейге көтерілгенін аңғартады. Демек өтіп бара жатқан жыл үкіметтік емес ұйымдар үшін нәтижелі әрі мазмұнды болды.
Қоғам • 31 Желтоқсан, 2025
Astana IT University-де «Есірткісіз әлем» көрмесі өтті
«Esirtkisiz Elorda» қалалық жобасы және «Заң және тәртіп» қағидаты аясында Astana IT University-де қоғамдық-ағартушылық көрме және интерактивті диалог алаңы өтті. Іс-шараны «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы Астана полиция департаментімен бірлесе ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 30 Желтоқсан, 2025
Қоғамға бағытталған полиция моделін қалай құруға болады?
Қазір полиция – жай ғана құқық бұзушылықпен күресуші күш емес, ол бұқарамен бірлесе отырып, қоғамдық тәртіп пен әділеттілікке қызмет ететін құрылым. Әлемде бұл бағыт community-oriented policing немесе қоғамға бағытталған полиция деп аталады. Ал еліміздегі тәртіп сақшылары шын мәнінде мұндай модельге көшті ме?
Қоғам • 23 Желтоқсан, 2025
Ел азаматтарының 95%-дан астамы республикада этносаралық ахуалды тұрақты әрі қолайлы деп санайды. Бұл қоғамда бейбітшілік пен татулық басты құндылық ретінде сақталып отырғанын және Қазақстан халқы Ассамблеясының тиімді жұмысының нәтижесі екенін айғақтайды, деп жазады Egemen.kz.
Сұхбат • 18 Қараша, 2025
Аққанат Смағұлова: Шетел сахнасында қазақ өнерін таныту – ең үлкен марапат
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы 19 қараша күні талантты жас биші, халықаралық байқаулардың лауреаты, аты аңызға айналған «GULDER» ансамблінің әртісі Аққанат Смағұлованың жеке шығармашылық кешін өткізеді. Осы орайда би әлемінде өзіндік қолтаңбасын қалыптастырып, ұлттық хореографияның абыройын асқақтатып келе жатқан жас өнерпазбен сұхбаттасудың сәті түсті.
Абай • 11 Қараша, 2025
Қазақконцертте ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған музыкалық кеш өтеді. Көпшілік назарына алғаш рет кемеңгер ойшылдың бұрын-соңды орындалмаған шығармалары ұсынылады, деп жазады Egemen.kz.
Жоба • 06 Қараша, 2025
Ұлттық статистика бюросы мен «KazAID» ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Оның аясында тараптар ЭЫДҰ, БҰҰ және Дүниежүзілік банк жіктеуішіне сәйкес дамуы ең аз деген ел өкілдерінің қатысуымен халықаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу бағытында бірлесе жұмыс істейді.
Ән • 05 Қараша, 2025
8 қараша күні ерекше музыкалық кешке келіңіз
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы Иоганн Штраус II 200 жылдығына орай музыкалық кеш өткізеді, деп жазады Egemen.kz.