
Мәдениет • 30 Маусым, 2025
«Қазақконцерт» кезекті концерттік маусымын аяқтады
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы 64-ші концерттік маусымын сәтті аяқтап, «Grand fest» музыкалық фестивалі аясында көрермен назарына концерттік бағдарлама ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 28 Маусым, 2025
Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті бекітті
Үкімет үйінде Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтті. Жиында Мәжіліс және Сенат депутаттары Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның 2024 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін бекітті. Сондай-ақ ұлттық мақсаттар мен міндеттердің іске асырылуын мониторингілеу жөніндегі парламенттік комиссияның құрамы нақтыланды.
Заң мен Тәртіп • 26 Маусым, 2025
Қоғамды алға жетелейтін қағидат
Елде «Заң мен тәртіп» қағидатын орнықтыру – баршаға ортақ міндет. Сондықтан әр отандасымыз кез келген заңға қайшы әрекетке мүлдем төзбей, азаматтық белсенділік танытуы қажет. Қолданыстағы құқықтық-нормативтік база да бұл талапты толық қамтамасыз ете алады. Тек сол заңдардың орындалуына саналы түрде атсалысу қажет. Осы ретте мемлекеттік қызметшілердің де рөлі айрықша.
Заң мен Тәртіп • 24 Маусым, 2025
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері Іле Алатауындағы 28 гвардияшы-панфиловшылар шыңына шықты. Игі бастама «Заң және тәртіп» жобасы аясында жүзеге асырылды. Спорттық іс-шараға Ішкі істер министрлігі, Бас прокуратура, Қаржылық мониторинг агенттігі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері қатысты.
Қоғам • 24 Маусым, 2025
Отбасындағы озбырлық қаншалықты азайды?
Ақмола облысы Бурабай ауылында Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палатаның көшпелі отырысы өтті. Онда әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заңның жүзеге асырылу барысы талқыланды. Жиынға Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов қатысты.
Форум • 21 Маусым, 2025
GovHR форумы: Жаңа кезеңдегі маңызды міндет
Пандемия, климаттық дағдарыс, жаһандағы тұрақсыз геосаяси ахуал мен технологиялық өзгерістер – әлем елдеріндегі қоғамдық басқару жүйесіне өзінше әсер етті. Яғни қазір батыл реформалар мен шұғыл шешім қабылдау кезеңі. Демек мемлекеттік қызмет тәртіп пен ережені ұстанушы әрі жүзеге асырушы ғана емес, жаңашылдыққа икемделе алатын, тиімді әрі серпінді құрылымға айналуы қажет. Сонда біз басқарудың қандай тәсілдеріне иек артуымыз керек? Азаматтар мен билік арасындағы сенімді одан әрі қалай нығайтуға болады?
Жастар • 20 Маусым, 2025
Қазіргі жас буын жаз мезгілін тек тынығуға емес, мүмкіндігінше бұл кезеңді пайдалы әрі мазмұнды өткізуге тырысады. Бірі шетел асып саяхаттап, таным көкжиегін кеңейтеді, енді бірі еңбек етіп тәжірибе жинақтайды, тағы бірі жеке жобасына жан бітіріп, өзінше бір серпіліс жасайды. Осы орайда жастарға «Жазда немен айналысасыз?» деген шартты сұрақ қойып, шағын сауалнама жүргізіп көрдік.
Жастар • 20 Маусым, 2025
«Oyorda»: Кітап оқу – саналы таңдау
Елдегі ірі кітап дүкендер желісі үш жыл қатарынан жылына 2 млн данаға жуық кітап сатыпты. Азаматтардың дені тұлғалық даму, шытырман оқиғалы детектив пен классикалық шығармаларды таңдаған. Ерекше атап өтерлігі, оқырмандардың басым бөлігі – жастар. Мұндай үрдісті тек статистикалық деректерден емес, қоғамдық бастамалардан да байқауға болады. Соның жарқын бір мысалы – «Oyorda» жас оқырман қауымдастығы.
Елорда • 19 Маусым, 2025
Азаматтық белсенділік – тұрақтылық негізі
Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформаларын талқылау мақсатында «SARAP» эксперттік клубының отырысы өтті. Іс-шараны Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ ұйымдастырды.
Елорда • 19 Маусым, 2025
«Қазақконцерт» концерттік бағдарламалар сериясын ұсынады
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы «GRAND FEST» музыкалық фестивалі аясында, амфитеатрда 22 маусымда сағат 20:00-де «Классикалық өнер» бөлімінің солистері мен Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің қатысуымен музыкалық кеш өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.