Ғалымжан ЕЛШІБАЙ
Ғалымжан ЕЛШІБАЙ«Egemen Qazaqstan»
1727 материал табылды

Құқық • 23 Сәуір, 2024

Жол ережесін бұзушылар азаймай тұр

Түнгі рейд. «Шардара – Арыс» тас жолының бойы. «Audi A4» маркілі автокөлігінің жүрісі суыт, жол белгілерін елер емес. Қарсы бағытқа шығып, өз жолына қайта түскен көлікті Шардара ауданының учаскелік полиция инспекторлары тоқтатты. Жүргізуші – нәзік жан, бірақ тым батыл. Сөйтсе... рульде отырған әйел мас екен. «Тойып ішіп алғанмын, сотта жауап беремін!» деген автоледи полицейлерге дөрекі мінез көрсете бастады.

Қоғам • 17 Сәуір, 2024

«Жырыммен жұбатқым келеді»

Облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы ұжы­мы­ның­ ұйымдастыруымен ақын Әбілда Аймақтың туға­нына 70 жыл толуына орай «Жырыммен жұбатқым келеді» поэ­зия­ апталығы өтті.

Қоғам • 17 Сәуір, 2024

Түркістаннан техникалар жіберілді

Cу басқан аймақтарға жан-жақты қолдау көрсету мақсатында Түркістан облысында жауапты басқар­ма­лардың үйлестіруімен, Атырау облысына 160-қа жуық техника жолданды. Аталған техникалар Дарбаза, Түркістан, Манкент, Арыс стансаларында вагон-платформаларға тиеліп, Атырау стансасына «ҚТЖ» ҰК-ның белгіленген кестесіне сәйкес жеткізілді.

Аймақтар • 16 Сәуір, 2024

Жыл бойы атқарылатын жұмыс

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Түркістан облысының аудан-қала­ла­рында ұйымдастырылып жат­қан ауқымды жұмыстардың ұраны түрлі бол­ғанымен, мақсаты бір. Көше-каналдар, арық-атыздар тазаланып, ауыл-аймаққа көрік беріп, сая болатын ағаштар отырғызылып жатыр.

Медицина • 12 Сәуір, 2024

Ауыл медицинасының ахуалы

Түркістан облысындағы шалғай аудан-ауылдарда медициналық инфра­­құрылымдар күрделі жөндеуді, жаңа құрылысын жоспарлауды, заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтуды қажет етеді. Өңір­дегі әлеуметтік нысандардың көп­шілігі 1950-1960 жыл­дары бой көтерген. Тозығы жетіп, қа­бырғалары құлаудың алдында тұр. Материалдық-техникалық базасы ескірген. Яғни жаңа меди­циналық нысандарды салып, сапалы медициналық қызметті қол­жетімді ету өте өзекті.

Аймақтар • 12 Сәуір, 2024

Саяхатшысы көбейген киелі мекен

Түркі әлемінің астанасы киелі Түркістанға өткен айда, әсіресе мереке күндері келген қонақ саны 20 мыңнан асты. Қалада нөмірлік қоры 1 240 бөлме болатын 59 орналастыру орны жұмыс істейді. Демалыс уақытында осы орындар 100 пайыз толған. E-qonaq жүйесінің деректеріне сәйкес биылғы 2 айдың қорытындысымен өңірге 2 228 шетелдік турист келген. Аталған көрсеткіш былтырмен салыстырғанда 4,7 есе артқан.

Экология • 11 Сәуір, 2024

Облыс әкімі тұрғындарды акцияны қолдауға шақырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бастамасын Түркістан облысының табиғат жанашырлары қуанышпен қабылдап, жұмысты бастап кетті.

Шаруашылық • 10 Сәуір, 2024

Балық кәсібінің бабын тапқан

Түркістан облысында рес­публикалық және жер­гі­лікті маңызы бар ба­лық шаруа­шы­лы­ғына арналған 112 су ай­­дынының 25-і кәсіп­ші­лік, ал 69-ы тауарлы ба­лық шаруашылығын жүргізу үшін бекітіліп бе­ріл­ген. Тоғанды көл, арнайы бассейн жасап балық өсірумен айналысып келе жатқандардың да қатары артып келеді. Әсіресе жас кәсіпкерлер тарапынан бұл кәсіпке қызығушылық басым.

Бокс • 09 Сәуір, 2024

Бекзаттың ізбасарлары күш сынасты

Түркістанда Сидней Олимпиадасының жеңімпазы, «Барыс» орденінің алғашқы иегері Бекзат Саттархановты еске алуға арналған бокстан жастар арасындағы XXII халықаралық турнир жеңімпаздары анықталды. Дәстүрлі турнирде еліміздің өңірлерінен, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан елдерінен келген 220-ға жуық спортшы 13 салмақ дәрежесінде сынға түсіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтады.

Аймақтар • 05 Сәуір, 2024

Азаматтық парыздың үлгісі

Еліміздің бірнеше өңіріндегі су тасқынының салдары, жергілікті тұрғындардың көңіл күйі мен тұрмыстық қиындықтарын Түркістан өңірінің жұртшылығы жақсы түсінеді. Олай дейтініміз, осыдан төрт жыл бұрын мамырда қалың нөсер жаңбыр жауып, қатты жел соғуы салдарынан Өзбекстандағы Сардоба су қоймасының бөгеті бұзылып, Мақтаарал ауданындағы елді мекендерді су басып қалған болатын. Міне, сол қиын кезеңде бүкіл ел болып, яғни барлық облыс халқы көмек қолын созды.