
Үкімет • 15 Наурыз, 2024
Өңірдің тыныс-тіршілігімен танысты
Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысына жұмыс сапары аясында өңірдегі бірқатар стратегиялық маңызды нысан мен тарихи-мәдени орынға арнайы барды. Үкімет басшысы әуелі Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде болып, Мемлекет басшысының сәулет өнерінің жарқын үлгісі әрі ЮНЕСКО-ның әлемдік мәдениеттің бірегей мұрасын сақтау жөніндегі тапсырмасының орындалу барысымен танысты.
Кино • 10 Наурыз, 2024
Түркістан облысы, Түлкібас ауданының азаматы Сәкен мен Оңтүстік Корея елінің қызы Суджиннің отау құрғанынан былтыр бүкіл ел хабардар болған-ды. Екі жас шаңырақ көтерген кезде еліміздің ақпарат құралдары жазып, телеарналар жаңалықтарынан көрсеткен де болатын. Ал «Turkistan» телеарнасы ақпарат беріп қана қоймай, толықметрлі фильм түсіріпті.
Аймақтар • 08 Наурыз, 2024
«Анашым, мен өскен соң сізге киім тігетін машина алып беремін», дейді жеті жасар Қазына байсалды түрде. «Мен көйлек тігіп беремін, әдемі, қызыл оюы бар. Сіз сондай көйлекті жақсы көресіз ғой», дейді Әппағы еркелей анасының мойнына асылып. «Ал мен әкеме кө-ө-ө-п ақша беремін, ол үлкен үй салып береді», дейді салмақты кейіпте Нұргүлі. Қыздарының армандай айтқан сөздеріне көңілі босаған ана іштей «әумин» деп, орамалының бір ұшын көзіне апарды...
Ғылым • 06 Наурыз, 2024
Мақсат – ғылым тілін орнықтыру
Ұлытауда өткен I Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілінің ғылым тілі ретінде әлем тілдерінің ішінде орын алу қажеттігін ескертіп, осы қажеттіліктің жүзеге асуы үшін жоғары оқу орындары мен ғалымдардан бастап, бүкіл мекемеге тапсырма берді. Президент жанындағы ғылым мен технологияларды дамыту жөніндегі Ұлттық кеңесте еліміздің ғылыми, ғылыми-технологиялық тәуелсіздігі туралы ой қозғалып, «Қазақ тілі – ғылым тілі болуы керек», деген саяси міндет қойылды.
Қоғам • 03 Наурыз, 2024
«Бауырына басқан қазаққа мың алғыс»
Түркістан өңірінде жыл сайын ақпан айының соңына таман чешен-ингуш ұлттары жиналып ас береді. Жиында аға буын өткенді еске алып, жастарға қазақ халқының бүкіл бір эностың сақталып қалуына септігі тигенін айтып отырады. Биыл Солтүстік Кавказ халықтарының қазақ жеріне депортацияланғанына 80 жыл толды.
Театр • 03 Наурыз, 2024
«Домалақ ана» операсы – Түркістан сахнасында
Шымкент қалалық опера және балет театры «Түркістан – Ұлы дала мекені» атты іссапар аясында Тасқын Жармұқаметтің «Домалақ ана» операсын алғаш рет Түркістан муызкалық драма театрында сахналады.
Аймақтар • 29 Ақпан, 2024
Мәдениет үйі жиналыстың ғана орны емес
Киелі Түркістанның, облыстың мәдениет саласындағы брендін жан-жақты қалыптастыру қажет. Бишілер де, әншілер мен ансамбльдер де Түркістаннан екенін білдіріп тұратын сәнді киіммен өнер көрсетуге тиіс. Түркістан рухани астана болғандықтан, туристер мәдениетімізді, ежелгі дәстүрімізді көргісі келеді. Кітапханалар көптеп ашылып, оқу мәдениетін қалыптастыру керек. Ал Мәдениет үйлері тек жиналыс өткізетін орынға айналмауға тиіс.
Спорт • 28 Ақпан, 2024
Түркістанда дзюдо күресінен жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Қазақстан чемпионаты өтті. Ел біріншілігіне Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен 17 облыстан 820 жас татами шебері қатысып, 8 салмақ дәрежесінде күш сынасты.
Көрме • 28 Ақпан, 2024
Облыс баспасөзінің қарашаңырағы саналатын «Оңтүстік Қазақстан» қоғамдық-саяси газеті ғасыр бойы өңірдің шежіресін жазып келеді. Басылымның мерейтойын атап өту мақсатындағы іс-шаралар аясында Түркістанда «Ескірмейтін естелік» фотокөрмесі ұйымдастырылды.
Аймақтар • 22 Ақпан, 2024
«Көксарайға» көп су жинау қауіпті
Түркістан облысында 42 су қойма, 149 өзен, 2 табиғи көл, барлығы 182 су нысаны бар. Су қоймаларының толуы – 40-45%, ал «Шардара» су қоймасы мен «Көксарай» су реттегішінде тасқын суды қабылдауға шамамен 2,8 млрд текше метр көлемінде бос қоры бар. Су қорғау аймақтары мен белдеулерінде 34 190 тұрғын үй орналасқан. Өңірде су тасқыны қаупі бар бір елді мекен айқындалған. Ондағы 665 үйде 1 620 адам тұрады.