Қоғам • 23 Мамыр, 2025

Түркістан облысында арызданушылардың саны артқан

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің ықпалымен жыл басынан бері 78 азаматтың, оның ішінде сыртқы байқау қорытындысымен 40 қызмет алушының құқығы қалпына келтірілген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістан облысында арызданушылардың саны артқан

Фото: ашық дереккөз

Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Абылайхан Наурызбаевтың мәлімдеуінше, өткен жылмен салыстырғанда арыздардың түсу динамикасы 50%-ға жоғарылаған. Ол бұл жәйтті азаматтардың департаментке деген сенімімен байланыстырып отыр.

«Мәселен, Түркістан қаласының тұрғындары жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындаудан бас тартылғаны туралы департаментке арызданған. Аталған көрсетілетін мемлекеттік қызметтің тәртібі Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген «Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау» қағидасымен реттеледі. Аталған ұжымдық арызды жан-жақты, объективті және толық қарау мақсатында департаментпен тиісті мемлекеттік органға жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Анықталғандай, қызмет алушылармен 2024 жылдың шілде айында өтініштер беріліп, қызмет көрсетуші тарапынан қолданыстағы заңнама талаптары сақталмай, қызмет көрсетуден бас тартылған. Жүргізілген тексеру нәтижесінің қорытындысы бойынша департамент тарапынан тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, бұзушылықтарды жою және алдағы уақытта болдырмау туралы ұсыныс енгізілді», дейді департамент басшысы.

Бұл бағытта жүргізілген жұмыстар нәтижесінде, қызмет алушылардың бұзылған құқықтары толықтай қалпына келтірілген.

Түркістан облысы