Өшпес даңқ • Кеше

Түркістан облысында батыр қыздарға арналған ескерткіш ашылды

40 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Түркістан облысы Қазығұрт ауданында Жеңістің 80 жылдығы және Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдық мерейтойына орай қазақтың үш батыр қызы Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова және Хиуаз Доспановаға арналған еңселі ескерткіш ашылды, деп жазады Egemen.kz.

Түркістан облысында батыр қыздарға арналған ескерткіш ашылды

Сарапхана ауылындағы тарихи-этнографиялық «Мәңгілік ел» саябағында бой көтерген, аты аңызға айналған қазақтың батыр қыздарына арналған еңселі ескерткіштің салтанатты ашылу рәсіміне Түркістан облысы мен Шымкент қаласының соғыс және еңбек ардагерлері, зиялы қауым өкілдері мен аудан тұрғындары қатысты. Қоладан құйылған, жалпы биіктігі 5,5 метр композициялық монументтің артында биіктігі 6,5 метр болатын стелла бар. Мүсінші Әбілхан Баялиев. Шымкент Ташкент халықаралық күре жолының бойында алыстан менмұндалайтын ескерткіш саябақтың ортасында орналасқан. Ерлік пен өрліктің, нәзіктік пен намыстың символына, ұлт мақтанышынаайналған батыр қыздардың бейнесі «Жеті жарғы» және «Қожаберген жырау» халықаралық қоғамдық қорының демеушілігімен бой көтерді.

«Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сұрапыл соғыс кезіндегі аға буынның өшпес ерлігі мен ерен еңбегін ұрпақ жадында жаңғырту өте маңыздыекенін атап өтті. Сондай-ақ Президент батырларымыздың есімі елді мекендерге, түрлі нысандарға, көшелерге берілгенін, училищелерді, авиация базаларын және әуежайларды батыр қырандарымыздың есімімен атау дәстүрге айналғанын және бұл бағыттағы жұмысты жалғастыру қажеттігін айтты. Атырауда өткен сол құрылтайдан соң іске кірісіп, бүгінде осынау еңселі есерткішті ашып отырмыз. Үш батыр қыздың ерлігін дәріптеу мақсатындағы игі іске бастамашы болғаныма қуаныштымын. Ерлік ешқашан ұмытылмайды. Жанқиярлық пен ерліктің озық үлгісін көрсеткен батырларымыздың есімін осындай игі іспен ұлықтау арқылы да жас ұрпаққа бейбіт өмірдің, тыныштықтың қадірін терең түсіндіруді мақсат еттік», дейді «Жеті жарғы және Қожаберген жырау» халықаралық қоғамдық қайырымдылық қорының төрағасы, белгілі заңгер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бекет Тұрғараев.

Айта кетелік, аумағы 10 гектар «Мәңгілік ел» саябағында қазақтың үш биінен бастап, Салқам Жәңгір хан мен Жалаңтөс батыр, Алаш арыстары, Анаға тағзым, Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне арналған 30-ға жуық ескерткіш орын тепкен. Саябақ аумағында 5 мың түп ағаш егілген. Бұл саябақ бүгінде 110 мың халқы бар Қазығұрт ауданы тұрғындарының сүйікті демалыс орнына айналған. Сондай-ақ өңірде туризмнің дамуына өзіндік үлес қосып келеді.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Кеше

Жезді жәдігерлері

Көрме • Кеше

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Кеше

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Кеше

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Кеше

Аңдатпа

Аңдатпа • Кеше