
Көрермен, яғни спортсүйер қауым әлемнің әйгілі мәнерлеп сырғанаушылары және еліміздің мақтанышы Элизабет Тұрсынбаеваның «Мұз шоуы» қойылымын тамашалады. Жас спортшылармен тәжірибе бөлісіп, үлкен жетістіктерге жетуіне серпін берген және аймақтың туристік әлеуетін көтеруге өз үлесін қосқан іс-шарада тәжірибелі жаттықтырушы Этери Тутбаридзе бастап келген жұлдыздар мәнерлеп сырғанаудан ерекше нөмірлерін ұсынды. Евгения Медведова, Алина Загитова, Елизавета Туктамышева бастаған 20-дан астам мәнерлеп сырғанаушы өнер көрсетті. Осылайша Олимпиада және Еуропа чемпиондары мен жүлдегерлері Түркістан төріндегі мұз айдынының көркін қыздырды.