Арман ОКТЯБРЬ
Арман ОКТЯБРЬ«Egemen Qazaqstan»
1384 материал табылды

Алматы • 25 Қазан, 2024

Еңселі ғимарат – елдік нышаны

Алматының орталығында орналасқан мына бір ғимараттың ел тарихында алар орны бөлек. Азаттықтың алтын бесігіне баланатын ару шаһардағы дәл осы нысанда 1990 жылы 25 қазанда Мемлекеттік егемендік туралы декларация қабылданды. Жоғарғы кеңестің кеңсесі болған ғимарат – талай тарихи оқиғалардың шежіресі қатталған мекен. 1991 жылы «Тәуелсіздік туралы» Конституциялық заң да осы жерде бекітілді. Астананы елордаға ауыстыру туралы шешім де осында қабылданды.

Сұхбат • 24 Қазан, 2024

Құндылықтарымызды түгендеу – тарихымызға жасалған құрмет

Шетелдік музей қорларында халқымыздың тарихы мен тұлғаларымыздың өмір тынысына қатысты құнды жәдігерлер аз емес. Республика күні қарсаңында ҚР Мемлекеттік Орталық музейінде «Ұлттық құрылтай міндеттері: Қайта оралған құндылықтар» атты айрықша көрме ашылды. Тағылым ордасына бас сұғып, шетелден әкелінген маңызды мағлұматтар мен құнды құжаттар, музейдің бұл бағыттағы табыстары жайлы Мемлекеттік Орталық музей директоры Рашида Хариповамен әңгімелескен едік.

Руханият • 24 Қазан, 2024

Оқитын ұлтқа ортақ мереке

Кітап – ақыл мен білімнің қайнар көзі. Қоғамды осынау асыл қазынаның тереңіне шақыратын кітапханашы дейтін мамандықтың бәсі қашанда биік тұруға тиіс. 2022 жылы Мемлекет басшысының бастамасымен 24 қазан Кітапханашы күні ретінде бекітіліп, кітапханалар мен кітапханашылардың қоғам өміріндегі рөлін нығайтуға бағытталған ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Атаулы мереке аясында Алматыдағы Ұлттық кітапханада Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Кітапхана – парасат ордасы» атты салтанатты іс-шара өтіп, саладағы үздік мамандар марапатталды.

Аймақтар • 21 Қазан, 2024

ҰҚК Шекара қызметі заманауи автокөліктермен толықты

ҰҚК Шекара қызметінің материалдық-техникалық базасын жетілдіру маңызды міндет. Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің Қарасай ауданы басқармасында ел аумақтарындағы шекараларға заманауи үлгідегі 75 автокөліктің кілті табысталды.

Қоғам • 16 Қазан, 2024

Кінәлілер жазасыз қалмайды

Қоғам назарын аударған Талғардағы қылмыстық оқиғаға байланысты Алматы облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Ішкі істер министрлігі тарапынан жүргізілген тергеу мен қабылданып жатқан шаралар жөнінде брифинг өтті.

Қоғам • 15 Қазан, 2024

Кінәлілер жазасыз қалмайды

Алматы облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында қоғам назарын аударған Талғардағы қылмыстық оқиғаға байланысты Ішкі істер министрлігі тарапынан жүргізілген тергеу мен қабылданып жатқан шаралар жөнінде брифинг өтті. Брифингке Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов, Алматы облысының прокуроры Берік Адамов, Ішкі істер министрлігі Тергеу департаменті басшысының орынбасары Самат Аисов қатысып, қылмыстық істің мән-жайы мен тергеу барысы туралы жан-жақты ақпарат берді, деп жазады Egemen.kz.

Қоғам • 11 Қазан, 2024

Шынайы ақпарат жеткізу жауапкершілігі

Ақпараттық кеңістіктің кеңге қанат жаюы көп жұмысты жеңілдеткенімен, адамзат алдына ақпараттық қауіп, компьютерлік қылмыс, қоғамдық сананы шатастыру, кибершабуыл, жалған мәлімет беру сияқты жаңа кедергілерді әкелді. Бұл қауіптердің алдын алу үшін бұқаралық ақпарат құралдары мен академиялық ортаның байланысы берік болуы шарт. Алматыда «Дағдарыс пен тұрақсыздық жағдайында ұйымдар мен БАҚ арасындағы тиімді коммуникациялар» деп аталған танымдық семинар өтіп, тақырыпқа қатысты маңызды мәселелер сараланды.

Тәрбие • 02 Қазан, 2024

Жеткіншектерді желі қатерінен қалай қорғаймыз?

Сарапшылар әлеуметтік желіге ерте бастан тіркеліп, цифрлық технологияларды шамадан тыс тұтыну жасөспірімдердің психикасын бұзып, шынайы әлемнен алшақтататын қауіпті үрдіс деп есептейді. Тілі енді шыққанына қарамай, технология тілін меңгерген өрімдей өрендер қолына гаджет тисе, желіге байланған құлындай бір орында сағаттап отыруға бар.

Мирас • 02 Қазан, 2024

Талаптыға тың тақырып

Алматыда көрнекті ғалым, археолог Кемел Ақышевтің туғанына 100 жыл толуына орай «Қазақстан археологиясының темірқазығы» атты көрме ашылды. Мемлекеттік орта­лық музейде шымылдығын түр­ген тағылымды жобада айтулы ғалымның шығармашылық мұрасы мен тіршілігінде тұтын­ған жеке заттары көп­ші­лік назарына ұсынылды.

Алматы • 27 Қыркүйек, 2024

Алматы агломерациясының даму қарқыны қандай?

Елдегі ішкі көші-қон үдерісінің елеулі бөлігі Алматыға тиесілі. Жан-жағын магниттей тартып, тіршілігі қыз-қыз қайнаған алып қаланың аумағы агломерация есебінен күн сайын ұлғайып келеді. Құрамына 3 қала, 4 аудан, 31 ауылдық округ, 98 елді мекен кіретін Алматы агломерациясы – тұтас ел аумағындағы ең үлкен әлеуметтік-экономикалық орталық.