Спорт • 12 Желтоқсан, 2025

Алматыда күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты өтті

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Алматы Арена» спорт кешенінде ересектер арасында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. Жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, спортшылар, бапкерлер мен мамандар тарапынан оң бағасын алды, деп жазады Egemen.kz.

Алматыда күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты өтті

Биылғы біріншілікке еліміздің барлық өңірінен келген 1000-ға жуық үздік балуан қатысты. Бір кілем үстінде ұлттық құраманың танымал көшбасшылары мен өз әлеуетін көрсетуге мүмкіндік алған жас спортшылар кездесті.

Турнирдің басты нәтижесі – бірқатар болашағы зор жас балуандар ұлттық құрама сапына кіру мүмкіндігіне ие болып, қазақстандық күрестің кадрлық резервін нығайтты.

Алматыдағы чемпионат тағы да отандық балуандардың жоғары деңгейін дәлелдеп, ұлттық құраманың болашақ көшбасшыларын анықтайтын маңызды алаңға айналды.

Соңғы жаңалықтар

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Кеше

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Кеше

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Кеше

Қазақстанда мал ауруы 51%-ға төмендеді

Шаруашылық • 12 Желтоқсан, 2025