
Қоғам • 12 Сәуір, 2025
«Жер аламын десең – суын сұрастыр, жай аламын десең – көршіңді қарастыр» деген мақал бар. Бүгінгі күннің бедерінде бұл мәселе қалалық жердегі көпқабатты үйдің тұрғындарына көбірек салмақ салатындай. Мәселен, Алматыда көршілер арасындағы дау-дамайға қатысты арыздар – толастамайтын шағымдардың қатарында.
Саясат • 12 Сәуір, 2025
Алматыда Тәуелсіз мемлекеттер достастығы Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтіп, ұйымға мүше мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың маңызды мәселелері сараланды. Басқосуда саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және өзара іс-қимылдың өзге де салаларында күш-жігер біріктіруді үйлестіруге ерекше назар аударылды.
Алматы • 10 Сәуір, 2025
Алматылықтар жылу төлемдерін онлайн бақылай алады
Алматыда жылуды есепке алу жүйесін цифрландыру жалғасып жатыр. Алдағы жылдары қала тұрғындары жылуға кеткен шығынды онлайн режимде бақылай алады. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 10 Сәуір, 2025
Алматының Түрксіб ауданында төрт жайлы мектеп салынады
Күн сайын аумағы артқан мегаполисте мектеп жетіспеушілігі мәселесін шешу өзекті. Тұрғындармен жүздескен қала әкімі шаһардың ең көне аудандарының бірі саналатын Түрксіб ауданында білім беру инфрақұрылымын дамыту жұмысы белсенді жалғасатынын атап өтті.
Қоғам • 09 Сәуір, 2025
Алматыда ерекше қажеттіліктері бар жастарды қолдау күшейеді
Ерекше қажеттіліктері бар жастарды қоғамдық өмірге тарту маңызды. Олардың өмірден өз орнын табуына барынша жағдай жасалуы тиіс. Бұл туралы Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы басшысының орынбасары Алмаз Кеңесбай өңірлік коммуникациялар қызметінде мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Көрме • 09 Сәуір, 2025
Мемлекеттік орталық музейде шығармашыл ханымдардың қолтаңбасын көрсететін «Қарағым-ай» көркемөнер көрмесі есік ашты. Белгілі суретші, педагог Индира Элиф Бадамбаева жетекшілік ететін ART-студияда өнер тоғыстырған талантты қылқалам шеберлерінің айтары бар.
Оқиға • 07 Сәуір, 2025
Алматыда заңсыз салынып жатқан құрылыс тоқтатылды
Алматыда заң талаптары ескерілмей салынған құрылыс нысандарына қатысты талап барынша күшейтілуде. Қала құрылысын бақылау басқармасы Гагарин даңғылы, 284 мекенжайындағы заңсыз деп танылған нысанды бұзу жұмыстары жүріп жатқанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 04 Сәуір, 2025
Ұлттық ұланның 5514 әскери бөлімінің әскери қызметшілері мен Ардагерлер кеңесі Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері талдықорғандық Сәрсенбай Қаңтарбай ақсақалдың шаңырағында болып, майдангерге құрмет көрсетті.
Құқық • 02 Сәуір, 2025
Қоғамда вейпке бейім жастардың қатары қалыңдаған. Жасөспірімдерге темекі өнімдерін сатуға түбегейлі тосқауыл қоймай, бұл дерт асқына беретіні анық. Заңмен шектелгенімен, заңсыз айналым ауыздықталмай тұр. Алматыда жыл басынан бері вейптер мен хош иістендіргіштердің заңсыз айналымына қатысты 30 қылмыстық іс қозғалып, полиция 25 мыңнан аса вейп өнімдерін тәркілеген.
Оқиға • 27 Наурыз, 2025
Алматыда есірткіге қарсы күрес күшейтілді
Өңірлік коммуникациялар қызметінде журналистермен жүздескен Алматы қаласы Экономикалық тергеу департаментінің басшысы Данияр Ақжанов қалада 58 келіден астам есірткі заттары тәркіленгенін, контрабанданың 57 әрекетіне тосқауыл қойылып, бір жасырын зертхана жойылғанын мәлімдеді.