Жедел іс-шаралардың жүргізілуіне қаладағы мекемелердің бірінде жасалған ұялы телефон ұрлығы себеп болған. Тергеу барысында күдіктінің қолынан ұрланған бір смартфон, сондай-ақ әртүрлі маркалы 30 ұялы телефон мен екі планшет тәркіленді.
Қазіргі уақытта аталған техникалардың шығу тегі анықталып жатыр.
Аталған дерек бойынша қылмыстық жолмен алынған мүлікті біле тұра сатып алу белгілерімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Қазіргі таңда полиция қызметкерлері тәркіленген техниканың заңды иелерін анықтау, сондай-ақ ұсталған азаматтың мүліктік сипаттағы өзге де қылмыстарға қатыстылығын тексеру бағытында жедел-тергеу іс-шараларының кешенін жүргізіп жатыр.
Алматы қаласы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Асхат Даулетияровтың айтуынша, ұрланған мүлікті сатып алу – мүліктік қылмыстар тізбегіндегі негізгі буындардың бірі.
«Мұндай «делдалдардың» болуы ұрлық фактілерінің көбеюіне тікелей әсер етеді. Сондықтан заңсыз сатып алушыларды анықтау және олардың қызметін тоқтату жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі. Тәркіленген барлық мобильді құрылғылар тексеріліп, заңды иелері міндетті түрде анықталады», дейді ол.
Азаматтарды автонесие рәсімдеуге мәжбүрлеген қылмыстық топ ұсталды