
Мәдениет • 14 Мамыр, 2025
Музей түні – ұлт тарихын ұрпақ жүрегіне жақындататын жоба
Музей – халықтың рухани жады, ұлттың өткені мен бүгінін жалғайтын тағылым ордасы. Соңғы жиырма жыл ішінде ел музейлерінде үзбей өтіп келе жатқан «Музей түні» акциясы үлкен танымалдылыққа ие болып үлгерді. Еліміздің түкпір-түкпіріндегі ірі музейлер мен өңірлік көрме орталықтары осы күнді халықпен етене араласатын үлкен мәдени мерекеге айналдырып келеді. Биылғы «Музей түні» акциясы қарсаңында Алматыдағы ҚР Мемлекеттік орталық музейі директорының міндетін атқарушы Сержан Саровты әңгімеге тартып, ауқымды жобаның мән маңызы, жастарға берер тәлім-тәрбиесі төңірегіндегі пікірін білген едік.
Білім • 13 Мамыр, 2025
Мемлекеттік басқару академиясына оқуға қалай түсуге болады
Алматыда ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының докторантурасы мен магистратурасына құжат қабылдау басталды. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференцияда академияның алматы бөлімшесінің директоры Айнұр Идрисова оқуға түсерде қандай құжат қажет екенін, оның ережесі мен жаңалығы жөнінде айтып берді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Мамыр, 2025
«Keden» жүйесінде қойма иелерін реестрге тіркеу жеңілдеді
2025 жылғы 10 ақпаннан бастап заңды тұлғалар уақытша сақтау қоймаларының (УСҚ) реестріне тіркелу үшін «Keden» платформасы арқылы электронды әдіспен өтініш бере алады. Бұл бастама Мемлекеттік кірістер комитетімен байланысты жеңілдетіп, жұмыс барысын жеделдетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мереке • 10 Мамыр, 2025
Алматылықтар аспаннан Ұлы Отан соғысының қаһармандарын көрді
Жеңіс күніне арналған дрондар шоуын тамашалауға Абай алаңына 60 мыңнан астам адам жиналды.
Өшпес даңқ • 09 Мамыр, 2025
Бұрнағы күнгі газетіміздің нөмірінде жарық көрген «Қолбасшы Нұрмағамбетов» атты мақалада Рейхстаг алынғаннан кейін Сағадатты майдандық газеттің тілшісі Мұса Дінішев іздеп барып, очерк жазғаны туралы дерек келтірілген. Сол тарихи сәттің сарғайған естелігін санада жаңғыртқан мына сурет 1945 жылдың мамырында Берлинде түсірілген. Жеңіс туы желбіреген мерейлі мезетте тарихқа таспаланған бұл бейне – қос бірдей қазақ перзентінің жеке естелігі ғана емес, бүтін бір ұрпақтың ерлігі мен елге деген адалдығын айғақтайтын құнды дерек.
Аймақтар • 06 Мамыр, 2025
Алматыда ашық аспан астындағы әскери музей ашылды
Алматыда Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың Жауынгерлік даңқ музейінің жаңа «Ашық аспан астындағы музей» бөлімінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жаңа экспозициға 30-дан астам түпнұсқа және қалпына келтірілген әскери техника үлгілері қойылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Көрме • 03 Мамыр, 2025
Қазақтың біртуар ғалымы Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына орай «Шоқаны бар елдің – шоқтығы биік» атты тағылымды көрме ашылды. Көрмеге Мемлекеттік орталық музей мен Алматы облысы, Кербұлақ ауданындағы Ш.Уәлихановтың «Алтынемел» мемориалдық музейі қорынан, сондай-ақ мұрағат қорынан алынған бірегей жәдігерлер қойылды.
Жастар • 30 Сәуір, 2025
«Тәуелсіздік ұрпақтарының» рухани қазынасы
Алматыда өнерсүйер қауым ерекше рухани кештің куәсі болды. А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыка мектебінің «Giovani Talenti» камералық оркестрі еліміздің композиторлары шығармаларынан құралған жаңа жинақтың тұсаукесер концертін өткізді.
Қоғам • 28 Сәуір, 2025
Әрбір адам маңызды: Алматыда жастарға арналған инклюзивті коммуникация семинары өтті
Алматы қаласында жастар Комьюнити орталықтарының жетекшілері мен үйлестірушілеріне арналған оқыту семинары ұйымдастырылды. Аталған шара «Әрбір адам маңызды» жобасының аясында өтті және оның басты мақсаты — мүмкіндігі шектеулі жастармен тиімді, құрметке негізделген әрі қолжетімді қарым-қатынас орнату жолдарын үйрету болды.
Қоғам • 28 Сәуір, 2025
Жосықсыз кәсіпкерлер жауапқа тартылды
Алматыда «Алматы - біздің ортақ үйіміз» акциясы аясында заңсыз сауда нүктелерін анықтау жалғасуда.