Ғалым СҮЛЕЙМЕН
Ғалым СҮЛЕЙМЕН«Egemen Qazaqstan»
3794 материал табылды

Спорт • 28 Наурыз, 2025

Жарыс күнделігі

Алматыдағы ADD аренада үстел тен­нисінен еліміздің чемпионаты аяқталды. Жарысқа 186 спортшы қатысты. Ерлердің жекелген сайысында Кирилл Герасименкоға тең келер ешкім табылмады. Финалда ол Алан Құрманғалиевті қапы қалдырса, Айдос Кенжеғұлов пен Санжар Жұбанов қола медальды иеленді. Сондай-ақ Герасименко жұптық және аралас жұптар бәсекесінде бас жүлдені олжалады. Әйелдер арасындағы жарыста Зәуреш Ақашева алтыннан алқа тақты. Жанерке Көшкімбаева күміс алса, Сарвиноз Мірқадырова мен Альбина Жақсылықова қола медальды еншіледі.

Спорт • 27 Наурыз, 2025

Биыл футболдан клубтар арасындағы әлем чемпионаты АҚШ-та өтеді

15 маусым мен 13 шілде аралығында АҚШ-та жалауы желбірейтін футболдан клубтық әлем чемпионатының жүлде қоры 1 миллиард АҚШ долларын құрайды.

Хоккей • 27 Наурыз, 2025

«Айсұлу» алтын алды

Шайбалы хоккейден Алматының «Айсұлуы» Еуропа әйелдер лигасының (EWHL) жеңімпазы атанды.

Күрес • 27 Наурыз, 2025

Балуандар белдесуге дайын

Өткен аптада жарық көрген «Азия­ның мықтылары белдеседі» атты мақалада Иорданияның астанасында шымылдығы түрілген Азия чемпионатын тілге тиек ете отырып, еліміздің грек-рим күресі шеберлерінің өнеріне баға берген едік. Бүгінгі мақалада еркін күрес шеберлері туралы баяндауды жөн көріп отырмыз.

Спорт • 26 Наурыз, 2025

Отандық спортшылар бірнеше спорт түрінен әлемдік сайыстарға қатысады

Күрес түрлерінен және Фристайл-акробатика мен шайбалы хоккейден әлемдік жарыстар өтіп жатыр, ал бокстан турнир таяу күндері басталады.

Күрес • 22 Наурыз, 2025

Азияның мықтылары белдеседі

25-30 наурыз аралығында Иорданияның астанасы – Амманда күрес түрлерінен Азия чемпионатының жалауы желбірейді. Бұл байрақты бәсекеге еліміздің балуандары да тыңғылықты даярланды. Бұған дейінгі сары құрлықтың басты додасында жерлестеріміз қалай өнер көрсетті? Бүгінгі мақаламызда грек-рим күресі шеберлерінің жүріп өткен жолына бір көз жүгіртіп өтуді жөн көрдік.

Спорт • 22 Наурыз, 2025

Бостонда бағымыз жана ма?

25 наурызда АҚШ-тың Бостон қаласындағы ТД-гарден арена­сын­да мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатының шымыл­ды­ғы түріледі. Келесі жылы Апеннин түбегінде алауы тұта­на­тын қысқы Олимпия ойындары мен Чехиядағы дүниежүзілік дода­ның жолдамалары сарапқа салынатын байрақты бәсекеде елі­міз­дің намысын Михаил Шайдоров пен София Самоделкина қорғайды.

Спорт • 19 Наурыз, 2025

Жарыс күнделігі

Жапонияның Наоми қаласында спорт­тық жүрістен Азия чемпионаты аяқталды. Доданы еліміздің құрамасы қос жүлдемен қорытындылады. 20 шақырымдық қашық­тықты 1 сағат 13 минут 07 секундта жүріп өткен Георгий Шейко күміспен күптелсе, әйелдердің сайысында Жасмин Тоқсанбаева қолаға қол жеткізді. Оның көрсеткіші – 1:33:11.

Хоккей • 18 Наурыз, 2025

«Барыс» плей-оффтан тыс қалды

Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) плей-оффында ойнайтын командалар толықтай анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Теннис • 18 Наурыз, 2025

Майамиде АТР турнирі басталды

Бұл күндері АҚШ-тың Майами қаласында АТР турнирінің іріктеу сайыстары өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.