Жеңіл атлетика • 13 Қаңтар, 2026
Астанадағы «Qazaqstan» спорт кешенінде жеңіл атлетикадан еліміздің XXXV қысқы чемпионаты өз мәресіне жетті. Республиканың 18 өңірінен жиналған спортшылар үш күн бойы сайысқа түсіп, 31 жүлде жиынтығын сарапқа салды.
Спорт • 13 Қаңтар, 2026
Бокстан ұлттық құраманың бас бапкері Қайрат Сәтжанов өз еркімен қызметінен кетті. Оның орнына Нұржан Насанов тағайындалды. 50 жастағы маман бұған дейін республикамыздың бас командасының бапкерлер штабында болды. Сондай-ақ жанкүйерлер Насановты 48, 50 кг салмақ дәрежелерінде жұдырықтасып, әлемнің екі дүркін чемпионы, Азия біріншілігінің жеңімпазы атанған Санжар Тәшкенбайдың жеке жаттықтырушысы ретінде біледі. Ал жастар құрамасына жетекшілік еткен Мақсат Бақтыбазаровтың орнына атақты боксшы, Бейжің Олимпиадасы мен Азия ойындарының жеңімпазы Бақыт Сәрсекбаев келді.
Теннис • 13 Қаңтар, 2026
Гонконгта АТР 250 турнирі аяқталды. Бұл жарыста еліміздің ең үздік теннисшісі Александр Бублик табысты өнер көрсетіп, өз жанкүйерлерін тағы бір қуантты.
Футбол • 12 Қаңтар, 2026
«Астана» футбол клубы жаңа маусымға дайындықты бастады
«Астана» ФК биылғы маусымдағы өздерінің алғашқы оқу-жаттығу жиынын бастады. Бұл күндері олар елордада даярланып жатыр. Жиын 28 қаңтарға дейін созылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 10 Қаңтар, 2026
Өткен жылы ең көп табыс тапқан шахматшылар белгілі болды
2025 жылы қаржылай тұрғыдан ең көп табыс тапқан шахматшылардың тізімі жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 10 Қаңтар, 2026
«Қайрат» Чемпиондар лигасы матчы алдында ойсырай жеңілді
БАӘ-де оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан Алматының «Қайраты» Әбу-Дабиде Әзербайжанның «Нефтчиімен» жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 10 Қаңтар, 2026
27 жастағы белгілі боксшы Бекзат Нұрдәулетов былғары қолғабын шегеге ілгенін ресми түрде мәлімдеді. Бұл азаматтың ел спортына сіңірген еңбегі ерен. Ол 2019 жылы әлем, 2024 жылы Азия чемпионы атанды, 2016 жылы жастардың әлем біріншілігінде қола медальды мойнына ілді. Басқа да халықаралық жарыстарда жүлделі орындарды иеленді. Кәсіпқой рингте 6 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Күні кеше Бекзат Маңғыстау облысындағы бокстан мамандандырылған олимпиадалық резвервтегі мектеп-интернаттың директоры болып тағайындалды.
Теннис • 10 Қаңтар, 2026
Бұл күндері Аустралияның Брисбен қаласында жүлде қоры 1 691 602 долларды құрайтын WTA 500 турнирі өтіп жатыр. Аталған додаға әлемнің бірқатар мықты теннисшілері қатысуда.
Сұхбат • 09 Қаңтар, 2026
Ислам БАЙРАМУКОВ: Олимпиада жүлдесі бейнетпен келді
Танымал еркін күрес шебері Ислам Байрамуковтың бозкілемде атой салған кезі күні кешегідей көз алдымызда. 10 жылдан аса уақыт бойы 90, 96 кг салмақ дәрежелерінде күресіп, елішілік жарыстарда қарсылас шақ келтірмеген жампоз халықаралық аренада да елеулі табыстарға қол жеткізді. Атап айтсақ, Азия чемпионатында 1 алтын, 3 күміс, 1 қола медаль олжалады. Азия ойындарында үздік үштікті түйіндеді. Орталық Азия, Шығыс Азия ойындарында бас жүлдені қанжығасына байлады. Қарашай жігітінің спорттық мансабындағы ең зор табысы – Олимпия ойындарының күміс медалі. Ғасырлар тоғысында Сиднейде алауы тұтанған дүбірлі додада небір апайтөстерді жолынан ығыстырған Ислам финалда ғана осалдық танытты. Балуанның ерен еңбегі мемлекет тарапынан жоғары бағаланып, «Парасат», ІІІ дәрежелі «Барыс» ордендерімен марапатталды. Қазіргі кейіпкеріміз Алматы қаласындағы Республикалық спорт колледжін басқарады.
Спорт • 09 Қаңтар, 2026
Алматының «Қайрат» футбол клубы БАӘ-де оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Команда құрамында тек Дастан Сәтпаев, Олжас Байбек, Азамат Тұяқбаев жоқ. Олар жарақаттарын емдеп жүр. Жерлестеріміз Парсы шығанағында екі жолдастық кездесу өткізуді жоспарлап отыр. 9 қаңтарда Әзербайжанның «Нефтчиімен», 14 қаңтар-да Хорватияның «Вараждинасымен» шебер-лік байқасады. Жалпы, биыл «Қайраттың» алдында екі үлкен мақсат тұр. Біріншісі, былтырғы маусымда Қазақстан Премьер-лигасында жеңіп алған чемпиондық атағын биыл да сәтті қорғау. Екіншіден, УЕФА Чемпиондар лигасында мүмкіндігінше мол ұпай жинауға тырысу. Әзірге Рафаэль Уразбахтин баптайтын команда алты ойыннан кейін бір ғана ұпайға иелік етті. Осы жарыс аясында «Қайрат» 20 қаңтарда Бельгияның «Брюггесін» қабылдаса, 28 қаңтарда Лондонға сапар шегіп, жерігілікті «Арсеналмен» күш сынасады.