Спорт • Бүгін, 15:10

Қазақ файтерлері қарсыластарын нокаутпен жеңді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда аралас жекпе-жектен IBA Nomad 14 деп аталатын халықаралық турнир өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақ файтерлері қарсыластарын нокаутпен жеңді

Басты бәсекеде Жұман Жұмабеков бразилиялық Вандерлей Росаны үшінші раундта нокаутқа жіберді. Көпшіліктің қызығушылығын тудырған тағы бір айқас Арман Әшімов пен тәжікстандық Дильшод Норкузиев арасында өрбіді.

Өзбекcтандық файтер Асу Алмабаевпен жекпе-жекке шығудан бас тартты

Қандасымызға Памир тауы етегінен келген спортшыны ұрып жығу үшін бір раунд жеткілікті болды. Кезінде UFC-де күш сынасқан Жалғас Жұмағұлов қырғыз Қайрат Нұрбайұлының «мәселесін» үзіліске жетпей шешті.

 

Соңғы жаңалықтар